You are here

Заңдылықты қатаң қадағалау тапсырылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Еліміздегі заңдылықтың сақталуында прокурорлардың ықпа­лы қашанда айрықша екендігі белгілі. Бұл орайда құзырлы орган­ның тексерісі көптеген кемшіліктердің бетін ашық та, ашып та көрсетіп келеді. Соның бірі мәселен, прокурорлық тексеру қоры­тындысы нәтижесінде ашылған қылмыстық қудалау органы мен сараптау мекемелері тараптарынан жіберілген көптеген заң бұзушылықтар болып отыр. Міне, осы мәселелерді арқау еткен алқа мәжілісі кеше Бас прокуратурада болып өтті.

Оған Экономикалық қыл­мысқа және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрес агент­тігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер, Әділет және Ден­саулық сақтау министрлік­тері­нің, Кедендік бақылау комите­тінің басшылары қатысты. Онда қылмыстық қудалау органдары сот сараптамасын тағайын­дау кезінде туындайтын мәсе­ле­лер мен 2011 жылдағы сыбайлас жемқорлық қылмыс­тары бойынша сот-тергеу тәжі­рибесі жә­не прокурорлық қада­ғалау­дың жай-күйі туралы ке­ңінен сөз болды. Алқа жұмы­сына Бас про­курор Асхат Дауылбаев төрағалық етті.

Қылмыстық қудалау органы мен сараптау мекемелері тараптарынан жіберілген көптеген заң бұзушылықтардың туындауына себеп болып отырған жәйт, кө­біне, дер кезінде сараптама та­ғайындамау салдарынан қылмыс­ты ашуға септігін ти­гізетін ай­ғақтардың жойылу деректері екен. Бұған бұрын да айтылып келе жатқандай, тер­геушілер мен анықтаушылар­дың кәсіби деңге­йінің төмендігі басты проблема болып отыр. Оны сараптама та­ғайындау туралы қаулылар мен негізсіз тағайындалған сараптамалар көрсеткен. Осыған байланысты алқа сараптама тағайын­дау мен жүргізу тәртібін сапалы түрде қайта қарау және онтайландыру, сараптама мекемелері мен құқық қорғау органдарының өзара іс-қимыл нысандарын же­тілдіру, сараптама зерттеулерінің тағайындалуы және жүргізілуіне ведомстволық бақылауды қамта­ма­сыз ету қажеттігін атап көрсетті.

Сараптама жүргізудің нақты көрсеткіштерін әзірлеу, оларды негізсіз тағайындау деректерін жою, зерттеудің заманауи және нақты әдістерін жүргізу аясын белсенді түрде кеңейту, зертха­налардың материалдық базасын жақсарту ұсынылды. Прокурор­ларға тергеу және анықтау органдары мен сараптама мекемеле­рінің қызметіне қадағалауды кү­шейту, сараптама тағайындау және жүргізу кезінде қылмыстық процеске қатысушылардың құ­қық­тарын бұзу фактілерінің дер кезінде жолын кесу тапсырылды.

Сондай-ақ, отырыста сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша қылмыстық істерді тергеу және сотта қарау кезінде жиі орын алатын кемшіліктер талқы­ланды. Мәселен, қылмыстық қу­далау органдары сыбайлас жем­қор­лыққа қатысты қылмыстар бойынша күдіктіні ұстау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықта­ры­ның бұзылуына жол берілетіндігі атап көрсетілді. Бір факті бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғау жиі кездеседі, нәтижесінде атал­ған санатқа қылмыстың сыбайлас жемқорлыққа жатпайтын құрам­дары да енеді де, қылмыстық жауапкершілікке кінәсіз адамдар тартылады.

Кейбір жағдайларда қылмыс­тық қудалау шеңберіне болмашы қылмыстар жасаған адамдар ілігеді, ал жүйелі сыбайлас жем­қорлық қылмыстары құқық қор­ғау органдарының назарынан тыс қалады. Негізінен анықталған қылмыстардың санына бағдар­ланған қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін бағалау жүйесі сыбайлас жемқорлықпен күрестің шынайы бейнесін көрсетпейді, көрсеткіштердің жасанды түрде артуына себеп болады. Осындай жәйт салдарынан сотталушыларды ақтау, істі қосымша тергеуге қайтару немесе ақта­латын негіздермен қысқарту, сыбайлас жемқорлыққа қатыс­ты қылмыстарды басқа қыл­мыстарға саралауға жол беріледі.

Алқа қорытындысы бойынша құқық қорғау және сот органдарына сыбайлас жемқор­лық қылмыстары туралы қыл­мыстық істерді қозғаудың заң­дылығы мен негізділігіне ве­дом­стволық бақылауды кү­шей­­ту үшін пәрменді шаралар қа­былдау, тергеу сапасын арттыру, осы санаттағы істер бойынша заңсыз сот актілерін шы­ғаруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, тергеу амалдарының сапалы жүргізі­луіне басшылардың дер­бес жауапкершілігін арттыру ұсы­нылды. Бұған қоса әр сотталушыны негізді ақтау, қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару немесе қайта саралау деректері бойынша ти­істі шаралар қабыл­дай отырып, егжей-тегжейлі қа­рау қа­жеттілігі атап көрсетілді.

Сөйтіп, аумақтық проку­рорларға тергеу заңдылығына және тергеу органының сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстың жасалғаны туралы арыздар мен хабарламалардың әрқайсысы бойынша дер ке­зінде заңды шешім қабыл­да­уы­на қадағалауды күшейту, бар­лық қозғалған қылмыстық істер бойынша мән-жайдың жан-жақты, толық және объек­тивті тексерілуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Александр ТАСБОЛАТОВ.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.