You are here

Үй салмаса, жерді қайтарады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматыда мақсатты пайдала­нылмаған 89 жер учаскесі мемлекеттің меншігіне қайтарылады. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметi хабарлады.

– 2013 жылы мамыр айында қала прокуратурасының талабы бойынша аумақтық жер инспекциясы жер учаскелеріне бақылаушы тексерулер жүргізді, соның нәтижесі бойынша жерді мақсатты пайдаланбаудың 107 дерегі тіркелді. Анықталған заң бұзушылық бойынша инспекция мақсатты пайдаланылмай отырған жалпы ауданы 8,5 гектар құрайтын 89 жер учаскесін мемлекеттің меншігіне қайтару туралы 89 талап-арызды сотқа жолдаған.

Жер учаскелеріне жүргізілген түгендеу 2008-2011 жылдары жергілікті атқарушы органдары тұрғын үй салуға бөлген 225 жер телімі игерілмегенін көрсетті. Жер иелерінің барлығына тиісті хабарламалар таратылды, бірақ 107 жер учаскесі әлі де белгіленген мақсатқа пайдаланылмай отыр.

Қалалық прокуратураның хабарлауынша, заңнамаға сәйкес, егер тұрғын үй немесе басқа да құрылыс жүргізуге арналған жер телімі екі жылдың ішінде тиісті мақсатта пайдаланылмаса, онда мұндай жер телімі меншік иесінен және жерді пайдаланушыдан мәжбүрлі түрде тартып алынады. Сонымен қатар жер учаскелерін мәжбүрлі түрде тартып алу сот тәртібімен жер учаскесі орналасқан орын бойынша Жер ресурстары басқармасы бойынша аумақтық органның талап-арызымен жүргізіледі.

– Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, – дейді қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.