Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауыл­баев Чех Республикасына жұмыс сапары кезінде Чехияның Жоғар­ғы мемлекеттік прокуроры Павел Земанмен кездесу өткізді. Әңгіме барысында тараптар екі елдің прокуратуралары арасындағы ын­тымақтастықты одан әрі жан­дандырудың келешегін талқы­ла­ды. Қазақстандық делегацияның сапары қалыптасқан өзара қаты­настарды одан әрі дамыту, құ­қық­тық жүйелерді дамытудың тәжірибесімен алмасу үшін ма­ңызды қадам, сондай-ақ 2009 жылы қол қойылған Қазақстан және Чехия Бас прокуратуралары арасындағы ынтымақтастық ту­ра­лы меморандумға қаланған идеялардың іс жүзінде іске асы­рылуының растауы болып табылады.

Сондай-ақ, А.Дауылбаев Че­хия­ның Прокурорлар одағы президенті Л.Брадачовамен кездесті, кездесу барысында тараптар екі елдің прокуратура органдары арасында тәжірибе алмасу бой­ынша екіжақты байланысты кеңей­ту туралы уағдаласты. Атап айтқанда, чехиялық тарап Еуро­палық Одақтың заң нормаларын қолдану және қадағалау орган­дарының заманауи үлгісін құру тәжірибесімен қазақстандық әріп­тестерімен бөлісуге даяр екендіктерін білдірді, деп ха­барлады Бас прокуратураның бас­пасөз қызметі.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.