Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі – Орталық Азия мемле­кет­те­­ріне арналған Превентивтік Ди­пломатия өңірлік орта­лығы­ның бас­­­шысы Мирослав Енчамен кез­десті. Онда Маңғыстау об­лысы Жаңаөзен қаласында орын алған оқиғалардың тер­ге­луі­не байланысты өзекті мәсе­ле­лер бойынша мазмұнды сұхбат және сындарлы пікір алмасу болды.

Бас Прокурор әңгімелесу­ші­сін өңірдегі қазіргі жағдаймен, сондай-ақ қаланы тұрақтандыру және қалпына келтіру бойынша қабылданып отырған шаралар туралы хабардар етіп, оқиғаны мұ­қият талдау, әлемдік тәжіри­бені зерделеу және жағдайға мониторинг жасау осыған ұқсас шие­ле­ністердің қайталану мүм­кіндігін төмендететінін айтты. Ал М.Енча Жаңаөзен қаласына сапарының қорытындылары туралы айтып берді. Ол Қазақстан үкіметінің орын алған оқиға­лар­дың барлық жағдайларын, құқық тәртібі органдары әрекетінің заң­дылығын толық және объективті тергеу мен анықтау бойынша қа­былдап отырған шараларын оң ба­ғалады. Сонымен қатар ол бар­лық қаты­сушылардың әре­кетте­ріне түп­кі­лікті және бейтарап бағаны сот беруі тиіс, ал әлемдік қауым­дас­тық соттың істі ашық және әді­летті қа­ра­уы­на үмітте­н­е­тінін ерек­ше атап көр­­сетті. БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі осындай оқиғалар­ды болдырмау жө­нін­дегі превен­тив­ті шаралар қа­был­дау қажетті­гін және жүк­тел­­ген өкілетті­лік­тер аясында БҰҰ-ның осы жұ­мысқа қолдау көрсе­тетуге дайын екен­дігін біл­дірді, деп хабарлады Бас про­ку­ра­­ту­ра­ның баспасөз қызметі.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.