You are here

Шынайылық қамтамасыз етіледі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасымен, «Қазақстан кәсіпкерлері форумы» заңды тұлғалар бірлестігімен және Өңірлік даму министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комитетімен кәсіпкерлерді заңсыз тексеру мәселелері жөнінде мәжіліс өткізді. Онда өткен жылы мемлекеттік органдар жүзеге асырған тексерулерді тіркеу мен есепке алу саласында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы айтылып, жоспардан тыс тексерулерді тағайындаудың негіздерін жүйелеу мен саралау тізімі бойынша мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасау жайы талқыланды. Комитет бақылау мен қадағалау органдары тексерулерінің нәтижелерін есепке алудың электронды жүйесін енгізу арқылы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін жасау бойынша жұмыстарды қолға алды. Бұл жаңалық жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүйелеу мен ретке келтіруге, мемлекеттік органдардың жүйесіне баға берудегі жұмысын сапалы жүргізуге жол ашып, бизнеске әкімшілік қысым көрсетудің төмендетілуіне жәрдемін тигізеді. Ал ішкі торапта «он-лайн» тәртібінде «Электронды үкіметке» қолжетімділігі жүзеге асырылған жағдайда бақылаушы органдар мен тексеру субъектілері арасында ақпараттық өзара іс-қимыл пайда болып, ашықтық пен шынайылық қамтамасыз етіледі.

«Егемен-ақпарат».

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.