You are here

Мүдделерді қорғау күшейтілуі тиіс

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Бас прокурор бірінші жарты­жыл­дықтың қорытындылары бойынша елдегі заңдылықтың жай-күйі мен құқықтық тәртіп туралы хабардар етті, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі криминогендік ахуалды жақсарту жөніндегі жұмысты одан әрі жан­дандыруға, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға назар аударды.

Бас прокурор алты айдың қо­ры­тындысы бойынша ашылмаған қылмыстың азайғаны туралы мә­лім етті. Бұл ретте ол барлық қыл­мысты тіркеу нақты көріністі біліп отыруға және анағұрлым проблемалы учаскені анықтап, уақтылы алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

– Бірінші жартыжылдықта біз 177 мың қылмысты, соның ішін­де тонау, ұсақ бұзақылық тәріз­ді қылмыс түрлерін тіркедік. Оның бәрі есепке алынып, олар бойынша тексеріс жүргізіледі. Қазіргі уақытта ауыр және аса ауыр қылмыс 16 пайызға азайға­ны, адам өлімі, қарақшылық пен тонаушылық саны да азая бас­тағаны атап өтілуде, – деді А.Дауылбаев.

Бұған қоса, А.Дауылбаев азаматтардың еңбек құқықтарын, жетім балалар құқықтарын қорғау салаларындағы заңдылықтың жай-күйі, ұйымдасқан қылмысқа, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде жүргізілген жұмыстар, сыбайлас жемқорлық пен бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша өзекті қылмыстық істердің тергелу барысы туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ азаматтардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын, мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғауды күшейтуді тапсырды.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.