Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Біз бұл сөзіміздің дәлелі ре­тін­де облыс прокуратура ор­ган­дары жыл басынан жүргізген 535 тексерудің нәтижесінде 19907 заң бұзушылықты анықтап, 10812 аза­маттың конституциялық құ­қық­тары мен заңды мүдделері қор­ғалғанын, сол арқылы 3 млрд. 39 млн. теңге қаржының мемлекет пайдасына өндірілгенін айта ала­мыз. Осы уақыт аралығында анық­тал­ған заң бұзушылықтар бойын­ша 626 ұсыныс енгізіліп, заң бұзушылықтарды жою үшін берілген 32 ұйғарым орындалды, 158 наразылық пен 1 908 заңға қайшы кесімдер бұзылып, 2008 тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды.

Облыстық прокуратураның бұл ыңғайда айрықша назар аударып отырғаны азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын қадағалау болып отыр. Бұл тарапта атқарылған жұмыстар нәтижесінде биылғы жылдың өткен мерзімінде 23 мекеменің 2566 жұмысшы алдындағы 174,1 млн. теңге жалақы қарызының төленуі қамтамасыз етіліп, еңбек заңнамасын бұзған 43 тұлға әкімшілік жаза алды. Мұның қабатында бір кәсіпорында бірдей қызмет атқаратын елі­міз тұрғындары мен шетел азаматтарына еңбекақы төлеудегі айырмашылықтар жайы да назардан тыс қалған жоқ. Тексеру барысында мұндай заң бұзушылықтардың 7 кәсіпорында орын алғаны анықталып, облыстық прокуратура енгізген 2 ұсыныстың негізінде 8 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Аймақ прокурорларының бас­ты міндеттерінің бірі сыбай­лас жемқорлыққа қарсы күрес. Есепті мерзімде бұл бағыттағы заң бұзушылықтарға жол берген 28 тұлғаға тәртіптік жауапкершілік шаралары жүзеге асырылды. Соның арқасында қолданылған прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде мемлекет бюджетіне 13 млн. теңге өндірілді. Сол сияқты, сыбайлас жемқорлық сипатында 3 қылмыстық іс қозғалды. Мұның орайында біз бір ұшында сыбайлас жемқорлықтың ұштығы көрініп қалатын кәсіпкерлікті жөнсіз тексерулерден құтқару бағытында да бірқатар жұмыстарға қол арттық. Айталық, биылғы жылдың алғашқы жартысында бұл тақырыпта 30 тексеру жүргізіп, анықталған 455 заң бұзушылық негізінде 3 наразылық пен 21 ұсыныс енгіздік. Ал олардың қаралу қорытындысымен 25 заңсыз актінің күші жойылып, 43 тұлға тәртіптік және 3 тұлға әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды. Мұның бәрі 213 кәсіпкердің құқықтары қорғалуына қол жеткізді.

Прокуратура қызметкерлері осы аралықта кедендік бақы­лау департаменті қызметіне жүргізілген тексеру қорытындысында контрабандалық айғақ зат болып танылған 4 автөкөліктің заңсыз босатылғанын анықтап, қаржы поли­циясы органдарына жолданған тексеру құжаттары негізінде 4 қылмыстық іс қозғады. Ал салық заңнамалары талаптарының сақталуы бойынша жүргізілген 11 тексерудің нәтижесімен 44 заң бұзушылық анықталды. Мұның ағымында 13 заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіліп, олардың қаралу қорытындысымен 7 адам тәртіптік, 12 адам әкімшілік жауаптылықтарға тартылды. Ал соңында мемлекеттік бюджетке 3 млрд. теңге қаржы өндірілді. Жалпы, облыстық прокуратура органдары салық салу саласында бірқатар өнікті жұмыстар атқарды. Мысалы, «Талмас Қызылорда» ЖШС-мен 184 млн. тең­геге қосымша құн салығын төлеуден жалтару фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 222-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде бұл іс бойынша арнайы прокурорлар тергеу амалдарын жүргізуде.

Біздің бәріміз еліміздің келе­шегі өсіп келе жатқан жас ұрпақ еке­нін өте жақсы білеміз. Біле тұра, кейде сол өскелең буынның құ­қықтары мен мүдделерінің аяқ асты болып кететініне мән бермейміз. Облыс прокуратура органдары есепті кезеңде осы олқылықтың орнын толтыру турасында да бірқатар пәрменді жұ­мыс­тар атқарды. Сөйтіп, осы мақ­сат­та жүргізілген 185 тексерудің қорытындысында 3238 заң бұ­зу­шы­лық тіркелді. Нәтижесінде 1683 кәмелетке толмаған жастың консти­туциялық құқықтары мен мүд­делері қор­ғалып, 3 594 063 тең­генің зала­лы өндірілді. Осы­ған орай енгізілген 144 ұсы­ныс негізінде 19 наразылық біл­ді­рілсе, 37 заңға қайшы кесім бұзы­лып, 533 тұлға әртүрлі жауап­кершіліктерге тартылды.

Облыс прокуратура орган­дарының қоршаған орта мен табиғатты қорғау саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі жанды жұмыстары да әрдайым өзінің оң нәтижесін беріп жүр. Біз үстіміздегі жылдың алғашқы 6 айы ішінде бұл бағытта 42 тексеру ұйымдастырып, олардың қорытындысы бойынша 46 ұсыныс пен 12 наразылық енгіздік. Осы арқылы 18 актінің күші жойылуына, 161 тұлғаның әкімшілік, 33 тұлғаның тәртіптік жауап­кершіліктерге тартылуларына қол жеткізілді. Сонымен бірге, табиғатқа келтірілген 2 млрд. 666 млн. теңгеден астам залал мемлекет пайдасына өндірілді.

Облыстық прокуратураның арнайы прокурорлары үстіміздегі жылдың 6 айында қоғамдық маңызы бар деп танылған 12 қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізді.

Мысалы, ішкі істер орган­дарының қызмет­кер­лері қылмыс жасады деп жалған айыптаған Б.Қалжанов, бүлдіршін қызды зорлап, қасақана өлтірген Е.Жалиев, екі кәсіпкермен бірле­сіп 5 млн. теңгеден астам мемле­кет­тік қаржыны ұрлаған ОІІД-нің бұрынғы басқарма бастығы әртүрлі мерзімдерге бас бос­тан­дығынан айыруға сотталды. Ал Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының анықтаушысы А.Әлжанов 7 қыл­мыс­ты есептен жа­сыр­ғаны үшін айыппұл жазасы­на тартылды. Сезікті жөнінде тыйым салынған тергеу әдіс­терін қолданған Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің бұ­рын­ғы жедел өкілінің қылмыстық ісі сотта қаралуда. Екі жылдың көлемінде 200 млн. теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған жеке кәсіпкер сотқа берілді. Бағасы 20 млн. теңгеден астам мемлекет мүлкін 610 000 теңгеге сатуды ұйымдастырған Байқоңыр қаласының департамент бастығы және бөтен мүлікті ұрлау қылмысын есептен жасырған Арал аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері жөніндегі қылмыстық істер аяқталу сатысында.

Прокуратура органдары қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заңдылықты қадағалауда да бірқатар тиімді жұмыс­тар атқарып, кейбір бағыттарда оң нәтижелер орын алды. Қыл­мыс­тың алдын алып, оның жолын кесуде қолданылған шараларға байланысты соңғы жыл­дары облыс аумағында күрт өскен, қылмыстылыққа тосқауыл қойылып, қылмыстың жеке түрлері адам тонау, қарақшылық қылмысы және кәмелетке толмағандар арасында­ғы қылмыстылық азайып, кримоногендік ахуалдың тұрақтандыруына қол жеткізілді. Бұл тұрғыда, қылмыс туралы аза­­мат­тардың арыздарын қабылдау-тіркеу және шешу­дегі қылмыстық ізге түсу орган­да­ры қызметкерлерінің жауапкершіліктері күшейтілді. Қыл­мыс­ты жасырған құқық қорғау қыз­мет­керіне қарсы қылмыстық іс қоз­ғауға дейін шаралар қол­данылып, нәтижесінде есеп-тіркеу тәртібінің айқындығы қамтамасыз етілді.

Атқарушылық іс жүргізу заң­дылығын қадағалау бағытында басымды бағыттар бойынша бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылған. Бұл салада 83 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 122 заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді, 80 тұлға тәртіптік, 62 тұлға әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды, 58 наразылық енгізіліп, олар бойынша сот орындаушысының заңсыз 60 қаулысы бұзылды. Орындаусыз қалған 4556 сот актісі бойынша қолданылған прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде өндіріп алушылар пайдасына 415 366 189 теңге, оның ішінде мемлекет есебіне 149 291 437 теңге өндірілді. Бұл орайда қадағалау жұмыстарын нәтижелі жүргізіп, мемлекетке 115 млн. теңгеден астам қаржы түсірген Қызылорда қаласы мен Жалағаш ауданы прокуратураларының ерекше еңбектерін атап өткен ләзім.

Мұның бәрі тағы да заң бұз­ғандардың зауалсыз қалмай­тын­дарын анық аңғартады. Қызы­л­ор­да облыстық прокуратурасы құ­қықтық тәртіп бұзушылықтың алдын алу мен әділдіктің ала жібінен аттап кеткендердің тиісті жазаға тартылулары бағытында жұмыс жүргізе беретін болады.

 

Сапарбек НҰРПЕЙІСОВ, Қызылорда облысының прокуроры.
Қызылорда.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.