You are here

Ауыр қылмыс азайғаны атап айтылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

А.Дауылбаев Қазақстан Президентіне құқық қорғау органдарының 2012 жылғы қызметі, Мемлекет басшысының азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды күшейту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қолдау жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады, сондай-ақ елді елеңдеткен қылмыстық істерді тергеу барысынан хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев жүргізілген аттестация құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейі мен жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік бергеніне тоқталды.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы бұлтартпас жазалауды қамтамасыз етуге және қылмыстарды ашуға ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап көрсетті. Осыған байланысты Қазақстан Президенті барлық қабылданған шаралар, жалпы алғанда, елдегі кри-миногендік жағдайды жақсартуға көмектесетінін атап өтті. Өз кезегінде Бас прокурор қазіргі уақытта аттестацияның қорытындысы бойынша боса-тылған қызметкерлердің орнына кәсіби деңгейі едәуір жоғары мамандарды конкурс бойынша қабылдау жүргізіліп жатқанынан хабардар етті. Сондай-ақ, кездесу кезінде Бас прокурор Қазақстан Президентіне барлық қылмыстар мен арыздарды толық тіркеуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы мәлімдеді. Осының арқасында елдегі қылмыстық ахуалдың шынайы көрінісін айқындауға қол жеткізілді.

– Республика бойынша 2012 жылы біз алдыңғы жылға қарағанда қылмыстың 39,1 пайызға артқанын тіркедік. Қылмысты жалпы тіркеу өсіп отырған жағдайда, біз ауыр және аса ауыр қылмыстардың едәуір азайғанын байқадық, – деді А.Дауылбаев. Бас прокурор қазіргі уақытта әр облыста жасалған қылмыстық жағдайлардың нақты көрінісі айқындалғанын айтып өтті. Қылмыстылық электронды картасы жасалған, бұл әрбір полицейлік учаскедегі ағымдағы криминогендік жағдайды тіркеуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы елімізде заңдылықты және құқық тәртібін нығайту, азаматтар құқығын, қоғам мен мемлекет мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.