Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Аймақтағы қарапайым қараша жергілікті дәрігерлерден үміті үзілгенде дертіне шипа іздеп Астана асып жатады. Өйткені елордасындағы ем-домды өзгелердікінен артық көретіндігін және соған иамандай сенетіндігін несіне жасырамыз.

Алайда артықшылығын асыра айтып жүрген астаналық ақ халаттылардың бұл жолғы қателігі 30 баланың тағдырын тәлкекке тастап отыр. Ұлттық медицина холдингіне қарасты «Ана мен бала» орталығында ем қабылдап жатқан 30 сәбидің кенеттен «С» гепатитін жұқтырғаны анықталған.  Балаларының ауруының үстіне ауру жамап алған ата-аналар жұқпалы дерттің қайдан жұққанын білмей дал. Негізгі күдіктері қанда. Себебі, лейкозмен сырқаттанған науқастарды сауықтыру үшін кейбіреулеріне 7 ретке дейін қан құйған. Енді қателіктің кімнен кеткендігін анықтау үшін «Ана мен бала» және Қан орталығына тексеру жұмыстары жүргізіледі. Жағдайды ушығуына назар аударған Денсаулық сақтау министрлігі кеше арнайы хабарлама таратып,  тексерісті Бас прокуратурамен бірлесіп өткізетіндігін мәлімдеді.

Ал «Ана мен Бала орталығы» Ұлттық орталығы АҚ басқарма төрайымы Т. Вощенкова «гепатитті емдеуге болатындығын, оған қажетті дәрі-дәрмектің жеткілікті» екендігін айтып, дерттің қайдан келгендігі турасында тіс жармай отыр.  Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Ж. Бекшин індеттің ошағын іздеуге кіріскендерін, оның қортындысы 4 аптадан соң жарияланатындығын айтуда. Мамандардың пікіріне сәйкес гепатитті жұқтырған жандардың толықтай сауығып кететіндігіне сенім аз. Дүниежүзі бойынша жылына миллион адамның ажалы осы аурудан келеді екен.

Бет қатталып жатқанда: «Бас прокуратура Астанадағы ана мен бала орталығында балалардан гепатит С анықталу дерегін тексереді» Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. «Денсаулық сақтау министрлігі Астанадағы ұлттық медициналық холдингтің ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында лейкозбен ауратын балалардан гепатит анықталу дерегін бірлесе тексеру жөнінде Бас прокуратураға жүгінді», - делінген бүгін таратылған хабарда.   Астанадағы ұлттық ана мен бала ғылыми орталығында балалар жаппай гепатит С жұқтырыпты. Науқас балалардың ата-аналары балаларға гепатит донорлық қан құйылғанда жұқты деп есептеп отыр.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.