Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Назар аударыңыздар!  Бағалы қағаздар нарығындағы айла-амалдармен, инсайдерлік ақпаратқа қатысты заңсыз әрекеттермен,  жалған ақша жасаушылықпен және алыпсатарлық операциялармен байланысты қылмыстар жасауды болдырмау үшін ескертеміз!

Құрметті азаматтар!

Алаяқтық әрекеттердің құрбаны болмас үшін мұқият және сақ болыңыз:

- белгісіз біреулер ақша қаражатын (валютаны) айырбастау орнынан тыс «тиімді» бағаммен ауыстыруды ұсынған кездегі әрекетке берілмеңіз;

- ескі ақша белгілерін жаңасына ауыстыру туралы ұсыныстардан абай болыңыз;

- белгісіз біреулер валютаны сыйақы немесе қандай да бір басқа бонустар үшін ауыстыруды сұраған кезде айлакерлік әрекеттерден сақтаныңыз;

- қарыз алушының, яғни, Сіздің орныңызға несиелік міндеттемелерді ішінара немесе толығымен өтеу шартымен банктен несиені ресімдеу арқылы «жеңіл ақша» алуға алданбаңыз;

- түрлі алыпсатарлық операцияларға қатыспаңыз.

Есте сақтаңыз, алаяқтың байланысқа түсе білу, сенімділік немесе аяушылық тудыра алу, бауырына тарту тәрізді жақсы коммуникативтік қасиеттері болады. Олардың көбісі қажет болған жағдайда жәбірленуші қабылдауына ең қолайы әрекет тәсілін таңдау үшін белгілі бір қарым-қатынас әдебін шынықтырады. 

Құрметті азаматтар, мұқият болыңыздар, сақтық танытыңыздар, өздеріңізді алдап кетуге жол бермеңіздер!

Барлық алаяқтық, жалған ақша жасаушылық және валюта айырбастаумен байланысты басқа да қылмыстар туралы  бірден құқық қорғау органдарына хабарлаңыздар.

 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.