Прокуратура органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура Астана қаласында жеке орналасқан автокөлік тұрағы бар көппәтерлі тұрғын үй құрылысын салу жоспарлауда. Ол үшін жер телімі алынды, сондай-ақ барлық қажетті рұқсаттама құжаттары және құрылысты жүргізуге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы да бар. 

Коммуналдық меншіктен облыстық прокуратуралар теңгеріміне қызметтік пәтерлерді қабылдау арқылы прокуратураның тұрғын үй қорын ұлғайту шаралары жүргізілуде, қазіргі кезде 122 пәтер қабылданды.

Астана қаласында орналасқан прокуратура органдарының қызметкерлеріне жалдамалы тұрғын үй шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен 60, Астана қаласының әкімдігімен 10 және «Самруқ-Қазына «ҰӘҚ» 9 пәтер бөлінді. Жатақханадан 16 орын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бөлінді.