2018 жыл

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 Жарлығы.

       Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

       1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрi – Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн;

      2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
Президенті                                                                                 Н.Назарбаев

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2018 жылғы 9 ақпандағы

№ 633 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі
жалпыұлттық іс-шаралар жоспары

 

Р/с №

Іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

 

 

1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысы болуға тиіс

1.

Өнім экспорты мен технологиялар трансфертіне бағдарлана отырып, отандық кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған жаңа құралдарды жетілдіру және әзірлеу

мемлекеттік органдардың бұйрықтары

ИДМ, АКМ, АШМ, ЭМ, ҰЭМ, Қаржымині, ҚАӨМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

2.

Бірқатар өнеркәсіп орындарын цифрландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және алынған тәжірибені одан әрі кеңінен тарату

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ИДМ, АКМ, ЭМ, ҚАӨМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚИДИ" АҚ (келісім бойынша)

2018-2020 жылдардағы желтоқсан

3.

Назарбаев Университеті, "Астана" халықаралық қаржы орталығы және IT-стартаптардың халықаралық технопаркі инновациялық орталықтарында Цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің экожүйесін дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу

АКМ, "Назарбаев Университеті" ДБҰ, "АХҚО" әкімшілігі" АҚ, "Зерде" ҰИХ" АҚ (Халықаралық
IT-стартаптар технопаркі) бірлескен бұйрығы

АКМ, ИДМ, БҒМ, ҰЭМ, "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша), "АХҚО" әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), Халықаралық
IT-стартаптар технопаркі (келісім бойынша)

2018 жылғы сәуір

4.

Жер қойнауын пайдаланушылардан жинақталған қаражатты пайдалану тиімділігін айқындауды қоса алғанда, "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының қызметіне талдау жүргізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ИДМ, АКМ, Қаржымині, Әділетмині, ҰЭМ, Алматы қаласының әкімдігі, "ИТП" ДКҚ (келісім бойынша)

2018 жылғы мамыр

5.

"Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қызметін қайта ұйымдастыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ИДМ, АКМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, Алматы қаласының әкімдігі, "ИТП" ДКҚ (келісім бойынша)

2018 жылғы қазан

6.

Заңнамаға мынадай:
жаңа технологиялардың трансферті мәселелерін қоса алғанда, нақты сектордың оларға сұранысын;
венчурлік қаржыландырудың жеке нарығын ынталандыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

АКМ, ҰЭМ, ИДМ, Қаржымині, АШМ, ЭМ, ҚАӨМ, ҰБ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "ТДҰА" АҚ (келісім бойынша), Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы (келісім бойынша), "Зерде" ҰИХ" АҚ (келісім бойынша)

2018 жылғы қыркүйек

7.

Мыналарды:
әр өңірдің жұмыс істеп жатқан (әсіресе ірі) кәсіпорындарда еңбек өнімділігінің артуына байланысты жұмыс күшінің босатылуын болжай отырып, оның еңбек нарығына талдау жасауын;
бизнеспен, "Атамекен"ҰКП-мен және орталық атқарушы органдармен бірлесе отырып босатылған кадрларды жұмыспен қамту үшін тұрақты жұмыс орындарын ашу бойынша шаралар кешендерін әзірлеуді қамтитын еңбек ресурстарының ағынын басқару жөніндегі жол карталарын әзірлеп, іске асыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ЕХӘҚМ, АКМ, ИДМ, ҰЭМ, ЭМ, АШМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018-2019 жылдары,
жартыжылдықта
бір рет

8.

"Цифрлық дәуір" өнеркәсібін (инновацияларға, технологиялар трансфертіне баса назар аудару, өңдеуші өнеркәсіпті цифрландыруға жәрдемдесу, стандарттау жүйесінің тиісті бейімделуі) қалыптастыруға бағытталған индустрияландырудың үшінші бесжылдығы тұжырымдамасын әзірлеу
Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары

ИДМ, ҰЭМ, ЭМ, АШМ, ҚАӨМ, АКМ, БҒМ, ЕХӘҚМ, Қаржымині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "ҚИДИ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша), "ИТП" ДКҚ (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Зерде" ҰИХ" АҚ (келісім бойынша)

2018 жылғы
желтоқсан
2019 жылғы желтоқсан

9.

IT-, инжинирингтік қызмет көрсетулерді дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне есеп

АКМ, ИДМ, ЭМ

2019 жылғы наурыз

10.

Зияткерлік меншікті қорғау тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қолдану

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар

Әділетмині, ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ, БҒМ, АКМ

2018 жылғы тамыз

 

 

2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту

11.

Табиғи ресурстарды басқару кезінде кешенді ақпараттық-технологиялық тәсілдерді енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ИДМ, ЭМ, АКМ,
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2018 жылғы қараша

12.

Кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуіне қойылатын талаптарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ИДМ, ЭМ, ҰЭМ,
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы шілде

13.

Энергия өндірушілердің өз жұмысының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ЭМ, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы шілде

14.

"Жасыл технологияларға" инвестициялау бөлігінде бизнесті ынталандыру жөніндегі шараларды тұжырымдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ЭМ, ИДМ, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

2018 жылғы тамыз

15.

Шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып, ТҚҚ заман талабына сай кәдеге жарату және өңдеу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және қабылдау

ЭМ-ге ақпарат, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктерінің қаулылары

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы қыркүйек

16.

Өңірлерде ТҚҚ кәдеге жаратудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын ендіру бойынша прогресті (қарқынды) мониторингтеу мен бағалау жүйесін әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ЭМ, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2018 жылғы шілде

17.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің жобасын енгізу

Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы

ЭМ, ИДМ, Қаржымині, Әділетмині, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2019 жылғы желтоқсан

 

 

3. "Ақылды технологиялар" – агроөнеркәсіптік кешенді қарқынды дамыту мүмкіндігі

18.

 Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына мыналарды:
5 жыл ішінде АӨК-дегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2017 жылмен салыстырғанда кемінде 2,5 есеге арттыруды;
өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімі (дақылдары) түрлерін әртараптандыруды;
аграрлық ғылымды дамытуды, оның ішінде жаңа технологиялар трансфертін және оларды отандық жағдайға бейімдеуді;
АӨК-дегі ең озық білімдер мен үздік практиканы тарату орталықтары ретінде қалыптасу бөлігінде аграрлық университеттердің рөлін қайта қарауды, сондай-ақ олардың оқыту бағдарламаларын жаңартуды;
азық-түлік "тізбектерін": шикізатты өндіру, оны сақтау, қайта өңдеу сатысынан ішкі және экспорттық нарықтарға жеткізуге дейін кешенді қолдаудың тетіктерін тұжырымдай отырып, "Қазақстанда жасалған" табиғи азық-түлік брендін ілгерілету үшін шикізатты өңдеуді дамыту және халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық тауашасын айқындауды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ, БҒМ, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "KAZAKHINVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "Kazakh Export" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2018 жылғы шілде

19.

Техникалық регламенттерді бұза отырып өндірілген азық-түлік өнімінен елдің ішкі нарығын қорғауды халықаралық талаптарға сәйкес техникалық реттеу жүйесін жаңғырту жолымен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ИДМ, АШМ, ІІМ, ЭМ, Әділетмині, БП, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2018 жылғы маусым

20.

Ауыл шаруашылығы кооперациясын одан әрі дамыту және оларды өңірде көбейту үшін өңірдің ерекшелігін ескере отырып, әрбір өңірде модельдік пилоттық ауыл шаруашылығы кооперациясын құру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

АШМ, Қаржымині, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2018 жылғы наурыз

21.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және қадағалаудың бірыңғай жүйесін "фермадан үстелге" қағидаты бойынша құру, сондай-ақ ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ветеринариялық қызмет деңгейі жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

АШМ, ДСМ, Қаржымині, ҰЭМ, Әділетмині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2018 жылғы мамыр

22.

Жерді тиімді пайдалану бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ынталандыру және сарапшылар мен жұртшылықты тарта отырып, тиімсіз пайдаланушыларға шара қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы маусым

23.

Тиімсіз субсидияларды АӨК субъектілеріне арналған банк кредиттерін арзандатуға қайта бағдарлау және АӨК субъектілері үшін банктік кредиттеуге, микроқаржыландыруға және сақтандыруға қолжетімділікті кеңейту

АШМ бұйрығы

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы шілде

 

 

4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру

24.

Көлік ағындарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету мен инфрақұрылымды әрі қарай дамытудың қажеттіліктерін айқындау үшін цифрлық технологияларды қолдана отырып, Интеллектуалдық көлік жүйесін кезең-кезеңімен енгізу бойынша шаралар жоспарын әзірлеу және қабылдау

ИДМ мен АКМ-нің бірлескен бұйрығы

ИДМ, Қаржымині, АКМ, АШМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы шілде

25.

Жүк қозғалысын онлайн режимінде мониторингтеу және кедендік рәсімдерді оңайлату үшін "блокчейн" және "ауқымды деректерді" талдау сияқты қазіргі заманғы технологияларды зерделеу мен енгізуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ИДМ, Қаржымині, АКМ, АШМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018-2020 жылдардағы желтоқсан

26.

Ішкі өңірлік мобильділікті жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен реконструкциялауды қаржыландыруды ұлғайту, жергілікті бюджеттерді ескере отырып жыл сайын бөлінетін қаражаттың жалпы көлемін орта мерзімді перспективада 150 миллиард теңгеге дейін жеткізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың әкімдіктері

2018 жылғы желтоқсан

27.

Жергілікті жол желілерінің (бөлінетін бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне, автожолдардың құрылысы мен күтудің үлестік шығындарын төмендетуге және т.б. көңіл бөле отырып) сапасын жақсарту бойынша өңірлер әкімдері жұмысының прогресін (қарқынын) мониторингтеу мен бағалау жүйесін әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ИДМ, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2018 жылғы шілде

 

 

5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу

28.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы:
құрылыстың жаңа әдістерін, қазіргі заманғы материалдарды, ғимараттарды жобалауда және қала құрылысын жоспарлауда мүлде өзге тәсілдерді қолдану;
ғимараттардың экологиялық сапасына және энергиялық тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру бөлігінде мемлекеттік нормативтерді жетілдіру

ИДМ бұйрығы

ИДМ, ЭМ, ІІМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

29.

Тұрғын үймен қамту көрсеткішін 2030 жылға қарай бір тұрғынға шаққанда 30 шаршы метрге дейін жеткізе отырып, құрылыс пен ипотекалық кредиттеуді арзандату жөніндегі жүйелік шараларға көңіл бөліп, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру туралы ұсыныстар тұжырымдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, ЭМ, ҰБ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы маусым

30.

Нормативтік құқықтық актілерге көппәтерлі тұрғын үйлерді интеллектуалдық басқару жүйелерімен жарақтауды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы,
ИДМ бұйрығы

ИДМ, АКМ, Қаржымині, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2019 жылғы наурыз

31.

Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін және ұсынылатын реттелетін қызметтердің сапасын арттыруды көздейтін "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау

Қазақстан Республикасының Заңы

ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

32.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін барлық қаражат көздерінен жыл сайын кемінде 100 миллиард теңге бөлуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ, ИДМ, АШМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы қыркүйек

 

 

6. Қаржы секторын "қайта жаңғырту"

33.

Банк портфелін "нашар" кредиттерден арылту ісін аяқтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ҰБ, Қаржымині, ҰЭМ, Әділетмині

2018-2022 жылдардағы желтоқсан

34.

Мыналар:
банк иелерінің экономикалық жауапкершілігі;
банк акционерлерінің еншілес компаниялар мен жеке адамдардың пайдасы үшін қаржы шығарғаны үшін қылмыстық жауапкершілігін белгілеу, сондай-ақ қылмыстың тиісті құрамын ауырлығы орташа дәрежесінен ауыр қылмыстар дәрежесіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰБ, Қаржымині, ҰЭМ, Әділетмині, ЖС, БП, ҰҚК, МҚІСҚА

2018 жылғы сәуір

35.

Кредиттер бойынша төлемдерді қайта бастау үшін ынталандыру жасауға және берілген кредиттерге ("тоқтатып қою", айыппұл мен өсімақыларды есептен шығару, негізгі қарыздың сомасын азайту және т.б.) бұрын жүргізілген сараптамалардың сапасына жауапкершілікті екінші деңгейдегі банктер арасында бөлуге баса назар аудара отырып, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне "Қазақстан Республикасы жеке тұлғаларының (азаматтарының) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қаржымині, ҰЭМ, ҰБ

2018 жылғы маусым

36.

Мыналар:
Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының шарттарына сәйкес валюталық қарыздарды айырбастауды жүзеге асыру арқылы халықтың жылжымайтын тұрғын үй мүлігімен қамтамасыз етілген және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздар мәселесі бойынша жұмысты аяқтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ҰБ

2018 жылғы шілде, желтоқсан

37.

Экономика салаларындағы нақты рентабельділікті есепке алатын мөлшерлемелермен бизнесті ұзақ мерзімді кредиттеуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ҰБ, ҰЭМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы шілде

38.

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, "АХҚО" әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), "KAZAKH INVEST" ҰҚ" (келісім бойынша)

2018 жылғы шілде

39.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ ұлттық компанияларының акцияларын жария орналастыруды кезең-кезеңімен өткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде оларды "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңшасында IPO өткізуге даярлауды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), ҰБ, "АХҚО" әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, "Қазақстан қор биржасы" АҚ (келісім бойынша)

2018-2020 жылдардағы желтоқсан

40.

"Астана" халықаралық қаржы орталығының базасында ШОБ үшін арнайы биржалық алаңша ашу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

"АХҚО" әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018-2019 жылдардағы
желтоқсан

 

 

7. Адами капитал – жаңғыртудың негізі

41.

 Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына:
университеттер жанындағы педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамытуды;
орта мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларының бейнесабақтарын және бейнедәрістерін интернетте орналастыруды;
цифрлық білім беру ресурстарын дамытуды, кең жолақты интернетке қосуды және мектептерді бейнежабдықтармен жабдықтауды;
отандық жас ғалымдарды, оларға ғылыми гранттар шеңберінде квоталарды бөле отырып қолдауды;
оқытушыларды қайта даярлауды күшейтуді, жоғары оқу орындарына шетелдік менеджерлерді тартуды, әлемдік университеттердің кампустарын ашуды;
білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу мерзімдерін қайта қарауды;
металлургияны, мұнай-газ химиясын, АӨК-ні, био- және IT-технологияларды зерттеуге басымдық бере отырып жоғары оқу орнындағы ғылымды дамытуды көздейтін өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде білім беру саласын дамытуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ, ҰЭМ, ИДМ, АШМ, АКМ, ЕХӘҚМ, Қаржымині, Әділетмині, ДСМ, МСМ, ЭМ, Қорғанысмині, ҚАӨМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), НЗМ (келісім бойынша)

2018 жылғы шілде

42.

Балалардың ерте жастан дамуы үшін олардың әлеуметтік дағдыларын және өз бетінше оқу дағдыларын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу

БҒМ бұйрығы

БҒМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, НЗМ (келісім бойынша)

2018 жылғы
желтоқсан

43.

Білім берудің барлық деңгейлерінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқытудың сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2019 жылғы қыркүйек

44.

Юриспруденция саласында және қызметтің сабақтас салаларында мамандарды даярлау сапасын нығайту

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, БП, ЖС, ІІМ, Әділетмині, СІМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2018 жылғы желтоқсан

45.

Орта білім беруде оқушыға түсетін жүктемені төмендету бойынша шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, ДСМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), НЗМ (келісім бойынша)

2018 жылғы
тамыз

46.

Білім беру мекемелерінің арасында бәсекелестікті арттыру және жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыруды енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018-2020 жылдардағы желтоқсан

47.

Барлық өңірлерде оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, зертханаларды және 3D-принтерлерді қоса алғанда, оларды ұстау тетігін қарастырумен, барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторлар желісін құру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, ҰЭМ, Әділетмині, ИДМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018-2019 жылдардағы желтоқсан

48.

Тұрақты және жалпыға бірдей танылған терминдер мен ұғымдарды қазақ тіліне аударуды шектеу бойынша тәсілдерді тұжырымдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

МСМ, БҒМ

2018 жылғы маусым

49.

Бұрын қазақ тіліне аударылған жалпыға бірдей танылған терминдер мен ұғымдарды қайта қарау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

МСМ, БҒМ

2018 жылғы қазан

50.

Неғұрлым көп пайдаланатын бағдарламалар мен қосымшаларда, мәселен Microsoft Word, Google-аудармашы және т.б. сияқты, қазақ тілінің дұрыс грамматикасын пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

АКМ, МСМ, БҒМ

2019 жылғы ақпан

51.

Білім берудің барлық деңгейлерінде 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшудің кестесін әзірлеу және бекіту

БҒМ бұйрығы

БҒМ, МСМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2018 жылғы сәуір

52.

Қызметкерлерден талап етілетін білімді, дағдылар мен құзыреттерді нақты бекіте отырып барлық негізгі басым мамандықтар бойынша қазіргі заманғы кәсіби стандарттар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ЕХӘҚМ, БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018-2019 жылдардағы
желтоқсан

53.

Жұмыс берушілерді тарта отырып жаңа және/немесе қолданыстағы білім беру бағдарламаларын, оның ішінде халықаралық талаптар мен кәсіби стандарттарды негізге ала, цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, ЕХӘҚМ, АКМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Кәсіпқор" холдингі" КАҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018-2019 жылдардағы
қыркүйек

54.

Жоғары білім беру ісінде ақпараттық технологиялар бойынша білім алған, жасанды интеллектімен және "ауқымды деректермен" жұмыс істеуді меңгерген түлектер санын ұлғайту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ, АКМ, ҚАӨМ

2018-2020 жылдардағы
маусым

55.

Президенттің "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде киберқауіпсіздік саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау (академиялық оқыту мен тағылымдамалар) және АКТ-мамандықтары бойынша ұлттық кадрларды жеделдетілген қайта даярлау үшін шетелдік оқытушылар мен ғалымдарды тарту

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, ҚАӨМ, АКМ

2018 жылғы шілде

56.

Қолданбалы ғылыми-зерттеулерді жүргізу кезінде ағылшын тіліне кезең-кезеңімен көшуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, ИДМ, МСМ, ҰЭМ, Қаржымині, ДСМ, АШМ, Қорғанысмині, ҚАӨМ, ЭМ, ІІМ

2018-2019 жылдардағы қараша

57.

Жоғары оқу орындарының шетелдердің жетекші университеттерімен және зерттеу орталықтарымен, ірі кәсіпорындармен және трансұлттық компаниялармен бірлескен жобаларды іске асыруы

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, ИДМ, СІМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, АШМ, Қорғанысмині, МСМ, ІІМ, ДСМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018-2019 жылдардағы желтоқсан

58.

Бюджеттік қаражаттарды бөлу кезінде қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жеке сектор тарапынан қоса қаржыландырудың болуы бойынша міндетті талаптар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ, ИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, Әділетмині, МСМ, ДСМ, АШМ, Қорғанысмині, ҚАӨМ, ЭМ, ІІМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы қараша

59.

Заңнамаға жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларының, сондай-ақ жоғары оқу орындарының рейтингін жасауына және бағалауына көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігін бекітуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы

БҒМ, Әділетмині, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

60.

Білім берудің жаңартылған мазмұнына көшетін мұғалімдердің лауазымдық жалақысын 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 30%-ға көбейту

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, Қаржымині, ЕХӘҚМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2018 жылғы сәуір, 2019-2020 жылдардағы қазан

61.

Ұлттық біліктілік тест (ұстаздар үшін) пен оны өткізудің тетіктерін әзірлеу

БҒМ бұйрығы

БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2018 жылғы маусым

62.

Ұлттық біліктілік тест нәтижелері негізінде санат берген және/немесе оны растаған жағдайларда ұстаздық шеберлігі үшін (30%-дан 50%-ға дейін арттырумен) мұғалімдердің жалақысына қосымша ақының жаңа кестесін енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ, Қаржымині, ЕХӘҚМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2018 жылғы қазан

63.

Қоғамдық денсаулықты басқару жөніндегі шаралар жоспарын әзірлеу және қабылдау

ДСМ бұйрығы

ДСМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2018 жылғы мамыр

64.

Астана қаласында ғылыми онкологиялық орталық құру жөніндегі іс-шараларды көздейтін, Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар әзірлеу және қабылдау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ, Қаржымині, "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша), Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2018 жылғы маусым

65.

Мемлекет міндеттемелерінің нақты шегін белгілей отырып, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ДСМ, Әділетмині, Қаржымині, ҰЭМ

2018 жылғы маусым

66.

Ақпараттық жүйелерді интеграциялау, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспорттарын енгізу, "қағаз қолданбайтын" ауруханаға көшу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ДСМ, АКМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2018 жылғы шілде, 2019-2020 жылдардағы
қаңтар, шілде

67.

Медицинада инновациялық технологиялар енгізу (жасанды интеллект, генетикалық талдау негізінде медицинаны дербестендіру және т.б.)

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ДСМ, АКМ

2018 жылғы шілде, 2019-2020 жылдардағы
қаңтар, шілде

68.

Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан, оның ішінде МЖӘ тетіктерін қолдана отырып университет клиникаларын ашу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ДСМ, БҒМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2018-2019 жылдардағы
желтоқсан

69.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің жаңа редакциясын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы

ДСМ, Әділетмині, Қаржымині, ҰЭМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы маусым

70.

Бейресми жұмыспен қамтылған халықты деректендіру және оларды ел экономикасына және тиісінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту бойынша 2018-2019 жылдарға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарын (Жол картасын) іске асыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ЕХӘҚМ, ҰЭМ, Қаржымині, ДСМ, АШМ, БҒМ, Әділетмині, ІІМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018-2019 жылдары тоқсан сайын

71.

Өз-өзін жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен қамтуды кеңейту

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ЕХӘҚМ, АШМ, БҒМ, ҰЭМ, облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы шілде, 2019-2020 жылдардағы
қаңтар, шілде

72.

Республикада электрондық еңбек биржасын іске қосуды көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау

Қазақстан Республикасының Заңы

ЕХӘҚМ, АКМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2018 жылғы наурыз

73.

Бейресми жұмыспен қамтылған халықтың қызметін деректендіруді, еңбек кітапшалары мен еңбек шарттарын электрондық нысанға ауыстыруды көздейтін "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бейресми жұмыспен қамтылған адамдардың қызметін заңдастыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ЕХӘҚМ, ҰЭМ, АШМ, БҒМ, Әділетмині, АКМ, ІІМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

74.

Кәмелеттік жастағы бала кезінен I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын ата-аналар үшін мемлекеттік жәрдемақы енгізуді көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау

Қазақстан Республикасының Заңы

ЕХӘҚМ, Қаржымині, Әділетмині

2018 жылғы
мамыр

75.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін төлемдер параметрлерін жетілдіруді және олардың еңбек өтілімен өзара байланысын күшейтуді көздейтін "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ЕХӘҚМ, ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ

2018 жылғы желтоқсан

 

 

8. Тиімді мемлекеттік басқару

76.

Бизнесті қайта реттеуге (бақылау-қадағалау функцияларын төмендету және т.б.) бағытталған заң қабылдауды жеделдету

Қазақстан Республикасының Заңы

ҰЭМ

2018 жылғы сәуір

77.

Бизнестің "жалғыз терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қолдауды алу процесін цифрландыруды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, АКМ, МҚІСҚА, АШМ, ИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ

2018-2019 жылдардағы желтоқсан

78.

Қалыптасқан өзіндік құнның, сондай-ақ 2016 - 2017 жылдар ішінде энергия өндіруші қуаттарға жүзеге асырылған инвестициялардың талдауын ескере отырып, энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша электр энергиясына негізделген тарифтерді белгілеу жөнінде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне есеп

ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2018 жылғы шілде

79.

Бизнес ахуалды, әсіресе, өңірлік деңгейде жақсартуға, сондай-ақ бизнесті көлеңкеден шығаруды ынталандыру жөнінде жүйелі шаралардың жаңа пакетін дайындау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, МҚІСҚА, барлық орталық мемлекеттік органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы шілде

80.

Жекешелендіру объектілерінің тізбесін, оның ішінде мемлекеттік органдардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының санын қысқарту есебінен кеңейту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

2018 жылғы тамыз

81.

Жекешелендіру жоспарын (IPO-ға шығарылатын активтерді қоспағанда) іске асыруды жеделдету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Қаржымині, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

82.

Жекешелендіруге жататын компаниялар тізіміне енгізудің негізгі критерийлерін (қағидаттарын) бекіту, әкімшілік шығыстарды төмендету мақсатында шоғырландыруға жататын мемлекеттік органдардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының тізбесін тексеру және айқындау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне есеп

ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2018 жылғы тамыз

83.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда фактор-балл шәкілі негізінде мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

МҚІСҚА, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині,
Астана қаласы мен Маңғыстау облысының әкімдіктері

2018 жылғы қыркүйек,
2019 жылғы маусым

84.

Визалық рәсімдерді жеңілдетуді, "кіру-шығу" бақылауын цифрландыруды, инфрақұрылым-ды дамыту мен туризм саласындағы кедергілерді жоюды көздейтін сырттан келу туризмі мен ішкі туризмді дамыту бойынша шаралар кешенін қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

МСМ, ҰЭМ, Қаржымині, АШМ, АКМ, Әділетмині, ДСМ, СІМ, ІІМ, ИДМ, БҒМ, "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша), "Kazaкh Tourism" ҰК" АҚ (келісім бойынша), ҰҚК, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы шілде

85.

Бюджетаралық қатынастар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді, функцияларды бөлу және саны мәселелерін қарастыра отырып, шағын және орта бизнестен корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджеттерге беру үшін заңнамалық базаны дайындау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, Қаржымині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2018-2019 жылдардағы желтоқсан

86.

Қазақстан Республикасының 2017 - 2020 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясына және одан туындайтын киберқауіпсіздік бойынша құжаттарға:
ақпараттық (кибер) қауіпсіздіктің салалық ахуалдық орталықтарының кешенін құру;
ақпараттық (кибер) қауіпсіздік саласындағы отандық жүйелер мен инновациялық әзірлемелерді, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер үшін қорғалған мобильді байланыс құру және ілгерілету;
отандық әзірлемелерді пайдаланушылардың ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін енгізу бойынша нақты нысаналы индикаторларды бекіту;
нақты уақыт режимінде азаматтардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу және жедел ден қою үшін мемлекеттік органдардың қазіргі заманғы цифрлық технологияларды қолдануы;
мемлекеттік және жеке ақпараттық жүйелерді, қондырғыларды, өндірістік және инфрақұрылым объектілерін, Қазақстан Республикасының сыни маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын сенімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің "электрондық шекарасын" дамыту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

ҚАӨМ, АКМ, ҰҚК, барлық орталық мемлекеттік органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

2018 жылғы шілде

87.

Осалдықтарды және зиянды бағдарламалық қамтылымды зерттеу жөніндегі ұлттық зертхананы ашу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ҚАӨМ, Қаржымині, ҰЭМ, "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

2018 жылғы қыркүйек

 

 

9. Жемқорлыққа қарсы күрес және заңның үстемдігі

88.

Мыналар:
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда алдын алу құрамдасын күшейту;
қоғам санасына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына мүлде төзбеушілікті сіңіру және осы жұмыста азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің
Әкімшілігіне ұсыныстар

МҚІСҚА, БП, ЖС, Әділетмині, ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2018 жылғы наурыз

89.

Қылмыстық және әкімшілік-деликтік процестерді, оның ішінде азаматтардың өтініштерін қарау мәселелерінде цифрландыруды кезең-кезеңмен қамтамасыз ету

бірлескен бұйрық

БП, ЖС, МҚІСҚА, ІІМ, ҰҚК, Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

2018 жылғы наурыз

90.

"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын қабылдау

Қазақстан Республикасының заңдары

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

2018 жылғы маусым

91.

Құқықтық мәртебесі мен соттылықты айқындай отырып, тергеу соттарын қалыптастыру

нормативтік құқықтық актілер

ЖС, ЖСК, ГП, мүдделі мемлекеттік органдар

2018 жылғы сәуір

92.

Ізгілендіру және әсіре қатаңдығын төмендету мақсатында, оның ішінде:
әкімшілік құқық бұзушылықтың бірқатар құрамын азаматтық немесе тәртіптік жауапкершілік саласына ауыстыру;
ықтимал жеңілдету және төмендету тұрғысынан әкімшілік әрекеттер санкциясын қайта қарау бөлігінде әкімшілік-деликтік заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша түзетулерді пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Әділетмині, БП, ЖС, МҚІСҚА, ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2018 жылғы наурыз
2018 жылғы қазан

93.

Мыналарға:
азаматтарды қылмыстық процесте, оның ішінде негізсіз қылмыстық қудалау мен соттаудан қорғау деңгейін жоғарылатуға;
құқық қорғау қызметінің ашықтығын күшейтуге, дәлелдеу стандарттарын енгізуге;
қылмыстық процестің әсіре қатаңдығын төмендетуге және оны ізгілендіруге, оның ішінде қамауда ұстаумен байланысты емес бұлтартпау шараларын қолдану саласын кеңейтуге;
қылмыстық қудалау саласында құқық қорғау стандарттарын енгізуге және нығайтуға;
қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіруге, бостандықтан айыруға баламалы шаралар қолдану саласын олардың орындалу тиімділігін арттыра отырып кеңейтуге;
қылмыстық процесте сотқа дейінгі кезеңде және сот талқылауы кезеңінде медиацияны қолдану саласын кеңейтуге бағытталған заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

БП, ЖС, ҰҚК, МҚІСҚА, Әділетмині, ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2018 жылғы мамыр

94.

Қылмыстық жазаларды орындау жүйесін одан әрі ізгілендіру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ІІМ, БП, МҚІСҚА, ҰҚК, мүдделі мемлекеттік органдар

2018 жылғы мамыр

95.

Көшелерде және адам көп жиналатын орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын бақылайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ІІМ, АКМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

2018-2019 жылдардағы мамыр

 

 

10. "Ақылды қалалар" "ақылды ұлт" үшін

96.

Астана қаласы мен басқа елді мекендердің қолда бар тәжірибесі негізінде "Смарт Сити" "эталондық" стандартын қалыптастыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

АКМ, Астана қаласының әкімдігі, ДСМ, БҒМ, ЕХӘҚМ, ІІМ, Әділетмині, ИДМ, ҰЭМ, Алматы қаласының, облыстардың әкімдіктері,
"Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы шілде

97.

Өңірлік деңгейде бұл жұмысты үйлестіруді күшейте отырып, тиімділігі аз жүйелерді енгізуге бюджет шығыстарын төмендету үшін "Смарт Ситидің" озық шешімдерін тәжірибелік байқаудан өткізу тетіктерін тұжырымдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

АКМ, ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ, ДСМ, БҒМ, ЕХӘҚМ, ІІМ, Әділетмині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ

 – "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес
акционерлік қоғамы

АКМ

– Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi

"АХҚО" әкімшілігі" АҚ

– "Астана халықаралық қаржы орталығы" әкімшілігі" акционерлік қоғамы

"Атамекен" ҰКП

– Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы

АШМ

– Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi

Әділетмині

– Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

– "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

БП

– Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы

БҒМ

– Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгi

ДСМ

– Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

ЕХӘҚМ

– Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЖС

– Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

ЖСК

– Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі

"Зерде" ҰИХ" АҚ

– "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы

ИДМ

– Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

"ИТП" ДКҚ

– "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры

"Kazakh Export" АҚ

– "Kazakh Export" акционерлік қоғамы

"KAZAKHINVEST" ҰК" АҚ

– "KAZAKHINVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"Kazaкh Tourism" ҰК" АҚ

– "Kazaкh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ

– "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы

"Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ

– "Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ

– "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

"ҚИДИ" АҚ

– "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ

"Қазақстан қор биржасы" АҚ

– "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы

ҚАӨМ

– Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қаржымині

– Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қорғанысмині

– Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

"ҚТЖ" ҰК" АҚ

– "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

МЖӘ

– мемлекеттік-жекешелік әріптестік

МҚІСҚА

 – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі

МСМ

– Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

"Назарбаев Университеті" ДБҰ

– "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы

НЗМ

– "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

– "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

СІМ

– Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлiгi

"ТДҰА" АҚ

– "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамы

ТҚҚ

– тұрмыстық қатты қалдықтар

ҰБ

– Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ҰҚК

– Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰЭМ

– Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ІІМ

– Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі

ЭМ

– Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі