Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов 1964 жылы Алматы облысында туған.

Құқық қорғау органдарындағы еңбек жолын Алматы облысының Жамбыл ауданы прокуратурасының тергеушісі болып бастаған. Кейін осы аудан прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалған.

1996-1997 жылдар аралығында Мемлекеттік тергеу комитетінің жедел жұмыс жөніндегі аудандық бөлім бастығының орынбасары, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті Департаментінің ұйымдастыру-кадрлық басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет өткерді.

1997 - 2017 жылдарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұйымдасқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бағыттары бойынша бөлімшелерде еңбек етті. Тергеу басқармасының бастығы, кейін Алматы қаласы бойынша Департамент бастығының орынбасары, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары Департаменттерінің бастығы болып қызмет атқарып, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тергеу департаментін басқарған.

2017 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 18 наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды.

Ұлттық қауіпсіздіктің генерал-майоры.

II дәрежелі «Айбын» және II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған.

Отбасылы, үш бала тәрбиелеуде.