«Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 21 қазанында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

аталған бұйрықпен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды немесе рапорттарды қабылдау және тіркеу, сонымен қатар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

Қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары»;

1-тараудын атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Осы Қағидалар қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін анықтайды.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:

1) ақпаратты есепке алу кітабы (бұдан әрі - АЕК) – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 180-бабының бірінші бөлігінде аталған себептерді қоса қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат енетін автоматтандырылған ақпараттық деректер базасы;

2) ақпаратты қауіпсіз сақтауға арналған құрылғы - СДТБТ ақпараттық  жүйесіне қол жеткізудің биометриялық деректерді және өзекті ақпаратты қауіпсіз сақтауға арналған құрылғы;

3) биометриялық оқу құралы – биометриялық саусақ іздерін баптау жүйесін пайдаланушысының аутентификациялау үшін мамандандырылған перифериалық құрылғы;

4) жасырылған қылмыстық құқық бұзушылық – ҚР ҚПК 180-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептерінің болуына қарамастан, ол бойынша СДТБТ-да оны тіркеуге шаралар қабылданбаған қылмыстық теріс қылық немесе қылмыс;

5) иесі бүркемеленген өтініш – ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, арыз берушінің қолтаңбасы, оның ішінде электронды цифрлық қолтаңбасы, пошталық мекенжайы жоқ өтініш;

6) қайта жасалған арыз және хабар – бір реттен аса сол бір қылмыстық құқық бұзушылық бойынша бірнеше рет жүгіну;

7) қолтаңба планшеті – қолтаңба иесінің қолжазба қолтаңбасының цифрлық аналогын құруға мүмкіндік беретін, жазу қаламын (стилус) және графикалық планшеттен тұратын,мамандандырылған перифериалық құрылғы;

8) құқықтық өкілетті адам – қылмыстық қудалау органы кезекші бөлімінің қызметкері, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдауға және есепке алуға жауапты лауазымды адам;

9) қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат – белгіленбеген тұлғаның хабарын, сондай-ақ ҚР ҚПК 180-бабының бірінші бөлігінде аталған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептерін, ҚР ҚПК 181-бабының 5-бөлігінде көрсетілген арыздар мен хабарларды қоса алғандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау мүмкіндігі туралы шешімді қабылдау қажеттілігі бар ақпарат;

10) қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты есепке алу – АЕК-ке осы тармақтың 15)-тармақшасында көрсетілген себептерді осы Қағиданың         1-қосымшасына сәйкес «АЕК-дегі есепке алу» К-1 нысаны бойынша (бұдан әрі - К-1 нысаны), сонымен қатар осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес, «АЕК бойынша шешім» К-2 нысаны бойынша, осы Қағиданың 12 және                                14-тармақтарына сәйкес оның шешілу нәтижелері туралы мәліметті (бұдан әрі - К-2 нысаны) қоса қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты бекіту;

11) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды және ақпаратты қабылдау – қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдарының ҚР ҚПК 180-бабының бірінші бөлігінде аталған себептерді, сонымен қатар қылмыстық құқық бұзушылық туралы өзге ақпаратты міндетті түрде қабылдауы;

12) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздарды, хабарларды немесе рапорттарды тіркеу – осы тармақтың 15) тармақшасында көрсетілген себептерді СДТБТ-да тіркеу;

13) СДТБТ АЖ тұтынушы (бұдан әрі - тұтынушы)  - нақты қызметті орындау үшін, өз құзыреті шеңберінде СДТБТ пайдаланатын лауазымды тұлға;

14) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі - СДТБТ) – ҚР ҚПК 180-бабының бірінші бөлігінде аталған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері, олар бойынша қабылданған процестік шешімдері, жүргізілген әрекеттер, қылмыстық іс жүргізудің жылжуы, қылмыстық процестің арыз иелері мен қатысушылары туралы мәліметтер енетін автоматтандырылған деректер базасы, сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізуді іске асырады;

15) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері – арыз, кінәсін мойындап келу, хабар, ҚР ҚПК 181-184 баптарының талаптарына сәйкес рәсімделген, ҚР ҚПК 180-бабының бірінші бөлігінде аталған қылмыстық құқық бұзушылық туралы баянат;

16) туыстарымен байланысын жоғалтқан адам – әртүрлі себептерге байланысты туыстарымен қандай да бір қарым-қатынас жасамайтын және өзінің орналасқан жері туралы мәліметтерді хабарламайтын, оған қатысты іздестіру туралы шағым келіп түскен адам;

17) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары;

18) хабар-ошарсыз кеткен адам (хабар-ошарсыз жоғалған адам) – кенеттен, қандай да бір себепсіз жоғалып кеткен, орналасқан жері белгісіз және оған қатысты оны іздеу туралы арыздар, хабарлар немесе рапорттар келіп түскен адам;

19) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;

20) электрондық ақпараттық есепке алу құжаты (нысан) – оның негізінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректері қалыптасатын белгіленген үлгідегі құқықтық статистикалық ақпараттың жеткізгіші;

21) SМS-хабарлама – ұялы байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы қылмыстық процес қатысушыларына хабарлау немесе қылмыстық процесті жүргізуші тұлғаға келу шін мәтіндік хабарламалар жолдауға мүмкіндік беретін СДТБТ АЖ функционалы.»;

2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«2-тарау. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу тәртібі»;

7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. Қылмыстық істі жүргізуші тұлға,  қылмыстық процестің қатысушыларына (күдікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушылар, азаматтық жауапкер, жәбірленуші, жеке айыпталушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері және өкілдері) хабарлау (хабарлама) қажет болғанда, СДТБТ АЖ SMS-құлақтандыру модуль мүмкіндігін 1414 бірыңғай нөмірі арқылы пайдалана алады.

«SMS-шақыруды жолдау» функциналы  қылмыстық процестің қатысушысын нақты таңдаған кезде белсенділікке енеді.

Қылмыстық процеске қатысушының телефон нөмірі электронды нысанда болмаған жағдайда, қылмыстық процес қатысушысының ұялы телефонына және (болмаса) электрондық поштасына міндетті жолдарды толтыра отырып, SMS-шақыруды жолдау бойынша «Шақыру қағазы» функционалы пайдаланады.»;

12-тармақтың 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) салық заңнамасы саласындағы бұзушылық туралы қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілерінің  бар болуын көрсететін салықтық тексеру актісін, маманның тұжырымдамасын  немесе салықтық қызметі органдарының мәліметтерін, тұжырымдамасын қоспағанда.»;

3-тараудын атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін
қалыптастыру және жүргізу тәртібі»;

20-1 және 20-2-тармақтармен толықтырылсын:

«20-1. «Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында электрондық форматта қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі» 2-тараумен реттелген.

20-2. Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу туралы шешімді өндіріске алып сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруды тапсырған қылмыстық процесті жүргізетін тұлға өз қалауы бойынша қабылдайды. Қабылданған шешім бойынша дәлелденген шешім қабылданады, сондай-ақ, тиісті мәліметтер Е-2 нысанда енгізіледі.

Бұл ретте, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу туралы дәлелді қаулы жүйеде автоматты түрде қалыптастырылып электрондық форматтағы үлгінің негізінде қалыптастырылып оған қол қойылады.

Дәл осы сатыда  электрондық қылмыстық істің материалында «АЕК тіркеу туралы баянат», «Қылмыстық құқық бұзушылық жөніндегі мәліметтерді тауып алу туралы баянат», «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы туралы прокурорға хабарлама» деген автоматты түрде салынған электрондық іс жүргізу құжаттары бар.

Электрондық іс жүргізу құжаттарын құрастырған кезде тұтынушы  хронологияны және қисындық сабақтастықты сақтайды.

Электрондық іс жүргізу құжаттарын құрастырған кезде, тұтынушы  электрондық нысандағы «Қаулы» қосымшасындағы үлгінің негізінде құжаттың мәтінін қалыптастырады.

 «Қаулы» функционалы екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде енгізу және деректерге түзетуді енгізу жүзеге асырылады, екіншісінде қалыптасатын электрондық құжатты алдын ала көру, сонымен бірге басып шығару және графикалық планшеттен қолтаңба қою.»;

4-тараудын атауы мынадай редакцияда жазылсын:

4-тарау. Шешім қабылдау нысаны;

36-2-тармақпен толықтырылсын:

«36-2. Электрондық нысанда қарастырылмаған іс жүргізу шешімі қабылданған жағдайда, электрондық іс жүргізу құжатын құру Е-1, Е-2, Л-1, Л-2 и Л-3  нысандары бойынша анықтамада бар шешімдерді  «Процестік құжаттар» қосымшасынан «9900» кодымен шешімді қосу жолымен жүзеге асырылады.

«Процестік құжаттар» қосымшасында тұтынушыға электрондық іс жүргізу құжатын қалыптастыру бойынша үлгіден функционал ұсынылады.»;

4-1-тараумен толықтырылсын:

«4-1- тарау. Санкциялау туралы қолдаухаттар

44-1. ҚР ҚПК 55-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа санкциялау туралы қолдаухат жолдаған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам  Е-2 және Л-2 тиісті электрондық нысандарды толтырады.

Е-2 және Л-2 электрондық нысандарында  «Қаулы» қосымшасында электрондық іс жүргізу құжаты қолдаухаттың тиісті үлгісі қалыптасады, электрондық нысан сақталып және қолтаңба қойылғаннан кейін, «Құжаттар тізімі» қосымшасы арқылы қажетті іс жүргізу құжаттары қосылып салынады.

44-2. Істің таңдалып алынған материалдарымен бірге күзетпен ұстауды, үйқамақты санкциялау туралы өтінішхаты қадағалаушы прокурордың «Қадағалау журналында» көрсетіледі.  

СДТБТ-нің материалдары қоса берілген өтінішхаты интеграция арқылы сот оргнадарының «Төрелік» (бұдан әрі – «Төрелік» АЖ) автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіне жолданады.

Соттағы өтінішхаттың қозғалуы бойынша ағымдағы жағдай СДТБТ-де: «Тергеп-тексеру журналында» және «Қадағалау журналының» «Санкция» бөлемінде көрсетіледі.

Соттағы өтінішхатты қараудың аяқталуы бойынша «Төрелік» АЖ жүйесінде қорытынды шешім қалыптасады, ол автоматты түрде СДТБТ АЖ көрінеді.

44-3. Осыған ұқсас іс –қимылдар ҚР ҚПК 220-бабының 14-бөлігі тәртібінде кейінге қалдыруды күтпейтін жағдайларда жүргізілген қараудың, алу және тінтудің заңдылығы болмаса заңсыздығы туралы сот қаулылары үшін де қарастырылған.»;

5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«5-тарау. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген (айыпталған) адамға нысан»;

46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «46. Прокурор процестік шешім қабылдаған кезде нысанды прокурор толтырады.

Қылмыстық қудалау органынан келіп түскен сотқа дейінгі тергеп тексеру бойынша процестік сот шешімін қабылдау кезде – нысанды қылмыстық қудалау органның лауазымды тұлғасы толтырады.

Прокурор жіберген сотқа дейінгі тергеп тексеру бойынша процестік сот шешімін қабылдау кезде – нысанды прокурор толтырады.»;

6-10-тараулардың атаулары мынадай редакцияда жазылсын:

«6-тарау. Прокурор шешімінің нысаны

7-тарау. Заттай дәлелдемелер нысаны

8-тарау. Жәбірленуші адам нысаны

9-тарау. Сотталған адам нысаны

10-тарау. Нысандарды енгізу мерзімі»;

56-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«56. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар немесе баянат туралы мәліметтер СДТБТ-не шешім қабылдағаннан кейін дереу енгізіледі.»;

11-12-тараулардын атаулары мынадай редакцияда жазылсын:

«11-тарау. Мәліметтерді редакциялау

12-тарау. Тұтынушыларды енгізу, рөлдерді беру тәртібі»;

59-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«59. АЕК-тегі және СДТБТ-дағы жұмыс пайдаланушылардың рөлдеріне сәйкес іске асады.»;

59-1- тармақпен толықтырылсын:

«59-1. СДТБТ-де тіркелген тұтынушының жүгінген жағдайда (жеке басты куәландыратын құжат және ақпаратты қауіпсіз сақтауға арналған құрылғы болған жағдайда) уәкілетті орган (Комитеттің аумақтық органы жүйесінің  уәкілетті әкімшісі) тұтынушының биометриялық өлшемдерін ақпаратты қауіпсіз сақтауға арналған құрылғына тіркейді.

Биометриялық өлшемдерді тіркеу кезінде тұтынушының саусақ іздерінің үлгісі тұтынушының ақпаратты қауіпсіз сақтауға арналған құрылғына жергілікті сақталады. Бұл ретте тиісті тұтынушының есеп жазбасына биометриялық тіркеуден өткені туралы мәлімет қосылады.

Биометриялық аутенфикация PIN-код енгізу арқылы және биометриялық санағышта сканерлеумен жүзеге асырылады.»;

64-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«64. Қылмыстық қудалау және прокуратура органдарының кадр бөлімшелері прокуратура басшысын, прокурорды, басшыларды және қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыз, хабар немесе баянат тіркеуге және СДТБТ-ны жүргізуге уәкілетті қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлерін тағайындау немесе босату туралы бұйрыққа қол қою күні бұл туралы аталған ведомстволардың пайдаланушыларын енгізуге жауапты лауазымды адамдарға жазбаша хабарлайды.»;

13-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«13-тарау. Оқыс жағдай туындаған жағдайда қылмыстық құқық бұзушылық және сотқа дейінгі тергеп-тексерулер туралы ақпаратты тіркеу тәртібі»;

68-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Ақпараттық жүйеге қол жетімділіктің болмауына әкеліп соққан штаттан тыс туындаған жағдай туралы тиісті актісі осы Қағидалардың 21-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады, онда қылмыстық құқық бұзушылық туралы қабылданған арыз, хабар немесе баянат және ақпараттық жүйеге қолжетімділік болмаған мерзімде тіркелген сотқа дейінгі тергеулердің себептері, ұзақтығы, саны мен тізімі бейнеленеді.»;

Қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрықтың  1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

2-10-1 қосымшаларының бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрыштарындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

«Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 3-қосымша

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 4-қосымша

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 5-қосымша

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 6-қосымша

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 7-қосымша

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 8-қосымша

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 9-қосымша

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 10-қосымша

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 10-1 қосымша»;

Қағидалардың 11, 12, 13 қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2, 3- қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;

14-қосымшасы жойылсын;

Қағидалардың 15, 16, 17, 18 қосымшалары осы бұйрықтың 4, 5, 6, 7 - қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;

19-21 қосымшаларының бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрыштарындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

«Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 19-қосымша

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 19-1-қосымша

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 20-қосымша

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 21-қосымша»;

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жолдануын;

3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) орындау үшін осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алу мүдделі субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына жіберлуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

      Қ. Қожамжаров

 

 

ТіркемеКөлем
File Приказ84.93 KB
Microsoft Office document icon Приложение к приказу454.5 KB