Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

 Қылмыстық қудалаудың заңдылығын

қадағалауды ұйымдастыру бойынша

нұсқаулықты бекіту туралы

 

Заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалауды тиісінше ұйымдастыру мақсатында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес тізбе бойынша бұйрықтарының күші жойылcын.
  3. Бұйрық Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, прокуратура құрылымдарының ведомстволары, мекемелері мен ұйымдарының басшыларына, облыс, аудан прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокурорының қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға  жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы бұйрық, 2018 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енетін 54-75 тармақтарын қоспағанда, қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     Қ. Қожамжаров

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2018 жылғы ___ ақпандағы №___бұйрығымен бекітілді

 

 

Қылмыстық қудалаудың заңдылығын

қадағалауды ұйымдастыру бойынша

НҰСҚАУЛЫҚ

  1. Жалпы ережелер

 

Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін (бұдан әрі - ҚПК), «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңын және прокуратура органдарының қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру кезіндегі өзге де заңнаманың қолданылуын егжей-тегжей түсіндіреді.

  1. Міндеттер және басым бағыттар

 

  1. Қадағалаудың негізгі міндеті қылмыстық қудалауды іске асыру кезіндегі заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады.
  2. Қадағалаудың басым бағыттары мыналар:
  1. қылмыстық процесте адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
  2. қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарау;
  3. қылмыстық процеске қатысушыларға қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеу құқықтарын қамтамасыз ету.

 

  1. Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі өкілеттердің ара-жігін ашу

 

  1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (бұдан әрі – Бас прокуратура), аймақтық және мамандандырылған прокуратуралар,  Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - ҚСжАЕК) мен оның аумақтық бөлімшелерінің функцияларын реттеу, олардың қызметіндегі қайталануды жою мақсатында келесі жіктеулер бекітіледі:

1) Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі (бұдан әрі - Қызмет) төмен тұрған прокуратуралардың (Бас әскери және Бас көлік прокуратуралары, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының прокуратуралары (бұдан әрі – облыс прокуратуралары) және оларға бағынатын прокуратуралар) республика бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша қызметін ұйымдастырады; сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының орталық аппараттары (әскерилерді қоспағанда), Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметі және Ішкі тергеу департаменті тергейтін (соның ішінде электрондық форматтағы) істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеттері бар тұлғаларға,  орталық мемлекеттік органдардың лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты сыбайлас жемқорлық немесе басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған бірінші басшыларына қатысты істер бойынша қылмыстық  қудалаудың заңдылығын тікелей қадағалайды. 

ҚПК 57-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер қылмыстық іс  Бас прокуратураның орналасқан жерінен (Астана қаласы) тыс қаралатын болса, Бас прокуратура басшылығының немесе Қызмет бастығының жазбаша тапсырмасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының орталық аппараттары тергейтін нақты істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау облыс прокурорларына жүктеледі.

Тергеу амалдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру орнынан едәуір алыс болғанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының орталық аппараттары тергейтін (соның ішінде электрондық форматта) процессуалдық шешімдер мен жекелеген тергеу әрекеттерінің заңдылығын Бас прокуратура басшылығы немесе Қызмет бастығының тапсырмалары бойынша  облыс прокурорлары қадағалайды;

2) облыс прокуратуралары төмен тұрған прокурорлардың жұмысын ұйымдастырады, келесі істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды іске асырады: Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының облыстық және оларға теңестірілген аппараттары және Облыс прокуратураларының арнайы прокурорлар басқармалары тергеп-тексеретін (соның ішінде электрондық форматта) істер; азаптау туралы; терроризм және экстремизм туралы; сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы.

Қылмыстық іс облыс прокуратурасы орналасқан жерден алыс тергеп-тексерілетін болса, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыс, Астана, Алматы қалаларының прокурорларының (бұдан әрі – облыстардың  прокурорлары) жазбаша тапсырмасы бойынша қала ауданға және оларға теңестірілген прокурорларға (бұдан әрі – аудан прокурорлары немесе қалааудан прокурорлары) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының облыстық аппараттары тергеп-тексеретін (соның ішінде электрондық форматтағы) нақты істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау жүктеледі.

Тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізу орны едәуір алыс болғанда, сотқа дейінгі тергеу органдарының облыстық аппараттары қарайтын (соның ішінде электрондық форматтағы) жекелеген тергеп-тексеру әрекеттері мен процессуалдық шешімдердің заңдылығын, облыс прокуратурасы басшыларының тапсырмалары бойынша аудан прокурорлары тексереді;

3) Бас әскери прокуратура Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілер, әскерге шақыру немесе келісім шарт бойынша қызмет етушілер; әскери жиынды өтеу кезінде әскери міндетті азаматтар; әскери міндеттерін өтеуге байланысты әскери бөлімдерде, құрамдарда, мекемелерде немесе осы бөлімдердің, құрамдардың, мекемелердің орналасқан орындарында азаматтық қызметші адамдар жасаған барлық істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

4)   Бас көлік прокуратурасы автомобиль объектілерінде, темір жол, су, әуе көлігі, метрополитен, сондай-ақ ғарыш (халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу бөлігінде)қызметімен, құбыр жүргізу көлігі (су құбырын қоспағанда) объектілеріндегі апаттар, кеден саласында және аталмыш салалардың мекемелері, кәсіпорындары және ұйымдарында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;

5) қала аудандық прокуратуралар және оларға теңестірілген прокуратуралар (бұдан әрі – қала аудандық прокуратуралары) қалалық, аудандық және оларға теңестірілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары бөлімшелерінің істері бойынша, сондай-ақ құбыр жүргізу көлігіндегі ұрлық (ойып алу) фактілері бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.

Аталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарында адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелері бойынша тексеруді құқық бұзушылық жасалған орынға байланысты басқа прокурорлармен өзара іс-қимыл жасай отырып, олардың орналасқан жері бойынша прокурорлар жүзеге асырады.

Әртүрлі прокурорлар қадағалайтын (мысалы, облыс орталығында, республикалық немесе облыстық маңызы бар қалада) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары адамдарды орналастыратын уақытша ұстау изоляторларында (УҰИ) тексерулер жүргізу үшін облыс прокурорлары қажет болған жағдайда жауапты прокуратураларды белгілейді;

6) ҚСжАЕК және оның аумақтық органдары статистикалық ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды немесе рапорттарды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін (бұдан әрі - СДТБТ) жүргізу қағидаларына сәйкес электрондық ақпараттық-есепке алу құжаттарында көрсетілген мәліметтерге қағаз жеткізгіштегі процессуалдық құжаттардағы мәліметтердің сәйкестігін тексереді (прокуратура органдарында сақталатын қадағалау өндірістерінің материалдары бойынша);

  1. Қылмыстық істер бойынша аумақтық және ведомстволық тергеуде болуды анықтайтындар:

Республика шегінде – Қазақстан Республикасының Бас прокуроры (бұдан әрі – Бас Прокурор), оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы;

облыс шегінде – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары;

көлік прокурорларының қадағалауындағылар – Бас көлік прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары;

әскери қызметшілерге қатысты – Бас әскери прокурор және оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары.

Қажет жағдайда облыс прокурорлары, Бас әскери және Бас көлік прокурорлары немесе олардың міндеттерін атқарушы тұлғалар Қызметтерді 24 сағат ішінде хабардар етіп, қылмыстық істерді, соның ішінде жасырын тергеу әрекеті (бұдан әрі - ЖТӘ) нәтижелерін құпиялылықты сақтай отырып, аумақтылығы немесе қадағалануы бойынша елдің басқа өңіріне жібереді және олардың жіберілген өңірдің прокуратурасына сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі аяқталғанға дейінгі 20 тәуліктен кешіктермей келіп түсуін қамтамасыз етеді.

Қалааудандық прокурорлар облыс прокуратураларын 24 сағат ішінде хабардар етіп, қылмыстық істердің материалдарын облыс шегіндегі басқа ауданға немесе облыс аумағында орналасқан өңірлік, әскери гарнизондық және көлік прокуратураларына жібереді және олардың тиісті прокуратураға тергеу мерзімі аяқталғанға дейінгі 20 тәуліктен кешіктірілмей келіп түсуін қамтамасыз етеді.

  1. Жоғары тұрған прокуратураның жазбаша сауалы болғанда қылмыстық іс (материал, соның ішінде ЖТӘ) қалааудандық прокурор, облыс прокурорының қолы қойылған,  негізділігі үшін дербес жауапкершілікте болатын, қабылданған процессуалдық шешім бойынша өзінің позициясын көрсететін ілеспе хатпен жолданады.

Істі электрондық форматта тергеу кезінде төмен деңгейдегі прокурордың позициясы қылмыстық істі (материалды) ұсынбай, жазбаша түрде баяндалады.

  1. Құжаттарды қарау, қол қою және бекіту схемасы осы Нұсқаулықтың  № 1 қосымшасында көрсетілген.

 

  1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету

 

  1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын тексеруді прокурор СДТБТ-те тіркелген сәттен бастап, 24 сағаттың  ішінде жүргізеді.

Прокурор бұзушылықтарды жоюды кідіріссіз қамтамасыз етеді, бірақ оларды анықтау сәтінен бастап, 3 тәулік мерзімнен кешіктірмеуі тиіс.

  1. Егер қылмыстың жағдайлары туралы мәліметтер ЖТӘ жүргізуге байланысты құпия болып табылатын болса, онда қадағалаушы прокурордың хабарламасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың заңдылығын тексеруді жедел іздестіру және қарсы барлау қызметін, арнайы жедел іздестіру және ЖТӘ жүргізудің заңдылығын тексеруді жүзеге асыруды уәкілетті прокурор (бұдан әрі – уәкілетті прокурор) жүргізеді.
  2. Барлық қылмыстық істер бойынша қадағалау өндірістері жүргізіледі, оларда міндетті түрде процессуалдық құжаттардың көшірмелері, соның ішінде сот актілері, сондай-ақ тергеудегі қылмыстық іспен байланысты өтініштер бойынша хаттар сақталады. Бірнеше қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген жағдайда, қадағалау өндірістері де біріктіріледі.

Қадағалау өндірісінің толықтығын қадағалаушы прокурор қамтамасыз етеді.

Электрондық форматта қаралатын іс бойынша қадағалау өндірісін жүргізу талап етілмейді.

  1. Есепке алу-тіркеу тәртібінің жай-күйін тексеруді ҚСжАЕК және оның аймақтық бөлімшелерінің прокурорлары мен қызметкерлері жүзеге асырады.

         Есепке алу-тіркеу тәртібінің талаптарында анықталған бұзушылықтар бойынша қадағалаушы прокурорлар ҚПК 193-бабымен көзделген шараларды қабылдайды.

Есепке алу-тіркеу тәртібінің талаптарында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚСжАЕК қызметкерлері келесі шараларды қабылдайды:

1) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы есепке алынбаған өтініштерді тексеру материалдарын қоса тіркеп, СДТБТ-те тіркеу туралы мәселені шешу үшін қадағалаушы прокурорға жолдайды;

2) анықталған, есепке алынбаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша материалдарды, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеуге алмаған немесе басқа да формада жасырған, кінәлі тұлғалардың түсініктемелерін сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселені шешу үшін қадағалаушы прокурорға жолдайды;

3) прокурорлық қадағалау актілерін енгізеді.

Аудандық деңгейдегі қылмыстық қудалау органдарында есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуын тексеру ай сайын іске жүзеге асырылады, ал облыстық деңгейде – тоқсанында бір реттен кем емес.

Прокурорлық әрекет ету шараларын қабылдаумен есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуын бақылау жөніндегі ішкі ведомстволық комиссия жұмысының тиімділігі тоқсан сайын тексеріледі.

Уәкілетті органдарда криминалдық сипаттағы ақпараттың келіп түсуі туралы мәліметтерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына жолдау мәніне тексеруді (мысалы, дене жарақаттары бар тұлғалардың жүгіну фактілері, салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша және т.б.) ҚСжАЕК қызметкерлері ай сайын жүргізеді.

Қадағалаушы прокурорлар мен ҚСжАЕК қызметкерлерінің есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл жасау жедел және тікелей ақпарат алмасуға, сондай-ақ тексерулерді бірлесіп жүргізуге негізделеді.

Қадағалаушы прокурорларды ақпараттық-есепке алу құжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеуі туралы ақпараттандыру (мысалы, квалификациялау істің фабуласына, формасына, қылмыстың субъектісіне сәйкес келмейді және т.б.) қадағалау өндірістеріндегі процессуалдық шешімдердің көшірмелерімен салыстырғаннан кейін жүргізіледі. Бұл ретте, қадағалаушы прокурорлар ҚСжАЕК қызметкерлеріне қадағалау өндірістеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

  1. Қоғамдық мүддені қорғау тұрғысындағы талдаулар мен тексерулердің нәтижелері бойынша анықталған материалдарды СДТБТ-те тіркеу туралы мәселе, оларды алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде келісіледі:

- Бас прокуратурада – Қызмет;

- облыс прокуратурасында – Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасы;

- қалааудандық прокуратурада – тіркеу туралы шешімді қалааудандық прокурор дербес қабылдайды;

  1. Қала аудандық прокурорлар немесе оларға теңестірілген тұлғалар қоғамдық резонанс (дүмпу) туғызған азаптау фактілері; зорлықпен өлтіру белгілері бар мәйіттерді анықтау, өлтіруге әрекет ету фактілері; зілзала; күйреу; су тасқыны; өрт; апаттар және адам өліміне әкеп соққан басқа да төтенше жағдайлар орын алған жерлерге шығады.

         Шығу нәтижелері бойынша облыс прокуратура кідіріссіз хабардар етіледі (кез келген қолжетімді байланыс құралдары арқылы) және 12 сағаттан кешіктірмей егжей-тегжейлі ақпарат жолданады.

Әскери немесе көлік прокуратуралары едәуір алыс болғанда, сәйкесінше әскери бөлімдер және мекемелер орналасқан жерлерде немесе әскери қызметшілер және көлікте жасалған осындай оқиғалар орнына, облыс прокурорларының тапсырмасы бойынша, аймақтық прокурорлар шығады, олар 12 сағат ішінде сәйкесінше әскери немесе көлік прокурорларын хабардар етеді.

Облыс прокурорының орынбасары немесе облыс прокуратурасының қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы екі немесе одан да көп адам өлтіру, сондай-ақ үлкен қоғамдық резонанс (дүмпу) туғызған қылмыстар бойынша оқиға орнына шығады. Облыс прокуратуралары едәуір алыс болғанда, осындай оқиғалар орнына аймақтық прокурор немесе оған теңестірілген тұлға шығады, ол облыс прокуратурасын кідіріссіз хабардар етеді. Облыс прокуратурасы шығу нәтижелері немесе аймақтық прокурордан хабарлама алғаннан кейін Қызметті кідіріссіз хабардар етеді (кез келген қолжетімді байланыс құралдары арқылы) және 12 сағаттан кешіктірмей егжей-тегжейлі ақпаратты жолдайды.

  1. ҚСжАЕК ақпараттық жүйелерін қолданумен прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары қылмыстық құқық бұзушылықтармен келтірілген нұқсанды өтеу, соның ішінде ҚПК 55-бабы екінші бөлімінің 5) тармақшасында көзделген тәртіпте тоқтатылған қылмыстық істер бойынша процессуалдық шығындарды өндіру бойынша қабылдайтын, сондай-ақ үкімнің мүлікті ықтималды тәркілеу бөлігінде  орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралардың толықтығын тексереді.

Осындай мақсатта прокурорлар жазбаша ұйғарымдар беру арқылы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарын заңсыз жолмен табылған ақшалай қаражаттың және мүліктің орналасқан жерін, оларды заңдастыруды, ақырғы алушыға дейін анықтауға, сондай-ақ күдіктінің немесе үшінші тұлғалардың иелігіндегі мүліктің қылмыстық жолмен табылғаны немесе қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынғаны дәлелдерін анықтауға бағыттайды.

ҚПК 71-тарауында көзделген жағдайларда прокурорлар күдіктінің, айыпталушының мүлкін сотқа дейін тәркілеу процедурасына бастамашы болады.

Заттай дәлелдерді алу, сақтау, беру және жою талаптарының сақталуын тексеру кем дегенде тоқсанына 1 рет жүргізіледі. 

  1. Прокурорлар адамды қылмыстық жауапқа тартудың заңдылығын, соның ішінде процессуалдық тұтқынға алу, күдіктінің мойындауы туралы қаулылар шығару, күдіктінің әрекетін саралау, бұлтартпау шараларын таңдау, процессуалдық шешімдерді қорытындылау, қылмыстық әрекет туралы хаттаманы бекіту, бұйрық өндірісін, айыптау актісін қолдану туралы қаулының заңдылығына уақтылы тексерулер жүргізуді қамтамасыз етеді.
  2. Қызметте, облыс прокуратураларында, қалааудандық прокуратураларда жауапты тұлғаларды бекіту арқылы жұмыс уақытынан тыс, демалыс және мереке күндері сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының соттың бұлтартпау шараларын санкциялау туралы өтініштерін уақтылы қабылдау ұйымдастырылады. Өтінішті қабылдаудың нақты уақыты мен күні міндетті түрде көрсетіледі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының прокурорларға материалдарды ұсыну мерзімдерін бұзуы оларды қараудан бас тарту және қылмыстық қудалау органынан қайтаруға негіз болып табылмайды.

Прокуратуралардың басшылары сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары қызметкерлерінің күзетпен ұстауды санкциялау туралы материалдарын  тапсыру үшін күту фактілерін болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.

  1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының тергеу әрекеттерін санкциялау туралы өтінішті қозғау туралы қаулысының көшірмесін (соның ішінде электрондық форматта) алған кезде, оның заңдылығын тексеру кідіріссіз ұйымдастырылады.

Егер прокурордың Тергеу әрекеттерін санкциялау туралы өтінішті қозғау туралы қаулының заңдылығына қатысты күмәні бар болса, ҚПК 56-бабының екінші бөліміне сәйкес тергеу судьясына тиісті тұлғалар мен прокурордың қатысуымен сот отырысын өткізу туралы өтініш жолданады.

Тергеу әрекеттерін санкциялау туралы өтінішті қозғау туралы заңсыз қаулылар бойынша олардың күшін жою шаралары қабылданады. Күшін жою туралы қаулылардың көшірмесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына және тергеу судьясына жолданады немесе ҚПК 56-бабы екінші бөлімінің екінші абзацына сәйкес тағайындалған сот отырысында ұсынылады.

         Санкциялаумен келіспеу немесе тергеу әрекетін санкциялаудан бас тарту жағдайында тергеуші судьяның қаулысына прокурордың оны апелляциялық тәртіпте қайта қарау туралы өтініші келеді.

  1. ҚПК 128-бабында көзделген тәртіпте қамауға алу, сондай-ақ адамдарды УҰИ-ға, арнайы қабылдау орындарына кіргізудің, азаматтарды қызметтік кабинеттерде ұстаудың (сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарындағы прокурорлар кезекшілік атқармайтын ғимараттары мен бөлмелерінде) заңдылығына тексерулер күнделікті жүргізіледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының облыстық аппараттарының қызмет бөлмелерін тексеруді облыстық прокуратура органдары тексереді.

Тексерулерді түнгі уақытта, мереке және демалыс күндерінде, соның ішінде бейнетүсірілімді қолданумен жүргізу ұсынылады.

УҰИ және қызметтік кабинеттерді тексеретін прокуратура қызметкерлері ҚПК 128-бабымен көзделген тәртіпте тұтқынға алынған тұлғаны ҚПК 132-бабының бірінші бөліміне сәйкес босатады, ол туралы қадағалаушы прокурорға хабарлайды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы әскери және көлік прокуратура органдарынан едәуір алыс болғанда, жазбаша хабарлама бойынша аймақтық прокурорлар азаматтарды тұтқындаудың заңдылығы мен негізділігіне тексеру жүргізуді кідіріссіз ұйымдастырады. Нәтижелер туралы тиісті әскери немесе көлік прокурорына жазбаша хабарланады.

Азаматтарды УҰИ-да ұстау жағдайларын тексеру кемінде жарты жылда бір рет жүргізіледі.

  1. Процесс прокуроры, ал ол болмаған жағдайда қадағалаушы прокурордың күдікті ретінде тану туралы қаулылары мен күдіктінің әрекеттерін саралаудың заңдылығын тексеруді прокурор оларды шығарған сәттен (істі электрондық форматта жүргізу кезінде) немесе қаулының көшірмесі келіп түскен сәттен бастап (істі қағаз форматта жүргізу кезінде, соның ішінде Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі бойынша) тәулік ішінде жүзеге асырады.

Қамауға алынғандарға қатысты шығарылған күдікті ретінде тану және күдіктінің әрекеттерін саралау туралы қаулылар кідіріссіз, қамауға алу мерзімі аяқталғанға дейін тексеріледі.

Қылмыс жасады деген күдіктің негізділігін растайтын дәлелдер жеткіліксіз болғанда, прокуратура басшысы күдікті ретінде тану және күдіктінің әрекеттерін саралау туралы қаулылардың күшін жою туралы шаралар қабылдайды.

Әрекетті қате саралау жағдайында прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырушы тұлғаға күдіктінің әрекетін саралау бойынша жаңа қаулы шығару туралы дәлелді жазбаша ұйғарым ұсынады.

  1. «Күзетпен ұстау», «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялау туралы өтінішті қолдау немесе қолдаудан бас тарту туралы шешім сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жинаған барлық материалдарды тексергеннен кейін қабылданады. Қажет жағдайда қосымша материалдар сұратылады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының «күзетпен ұстау», «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялау туралы әрбір өтініші күдіктінің жеке басының дара ерекшеліктері есебімен, ҚПК 147-бабы бірінші бөлімінде көзделген жағдайлардың болуына міндетті тексерумен қарастырылады.

«Күзетпен ұстау», «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялау туралы өтінішті күдік үшін негіздердің жеткіліксіздігі бойынша бас тарту жағдайында, прокурор күдікті деп тану және оның әрекетін саралау туралы қаулының да күшін жояды.

  1. Қалааудандық прокурордың күзетпен ұстауды санкциялау, оның мерзімдерін ұзарту, сондай-ақ осы бұлтартпау шарасын ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында өзгерту немесе алып тастау туралы өтінішті қолдаудан бас тартуының әрбір фактісі туралы 24 сағат ішінде облыс прокуратурасына арнайы хабарлама жолданады, ал облыс прокуратурасы шешім қабылдаған жағдайда – Қызметке жолданады.
  2. Тергеуді кешіктіру себебінен сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін, «күзетпен ұстау», «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шараларының мерзімдерін ұзарту жағдайында, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғаға қатысты тәртіптік іс қозғалады және орындау үшін дұрыс мерзімдер белгілеумен нақты тергеу әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша ұйғарым беріледі.

«Күзетпен ұстау», «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шараларын қолданудың мерзімдерін ұзарту туралы өтінішті қолдаудан бас тарту дәлелді қаулымен рәсімделеді, онда себептер негізделеді және тергеудің әрі қарайғы барысы туралы ұйғарымдар көрсетіледі.

  1. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының орнын ауыстыруды  (этаптауды) бекіту туралы шешімді прокурор (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 92-бабының үшінші бөлімі тәртібінде санкциялау) құжаттардың түпнұсқасы прокуратураға келіп түскен сәттен бастап, 3 тәуліктен кешіктірмей қабылдайды.

Бекіту (санкция) қаулының бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышына тиісті резолюциямен көрсетіледі, прокуратураның елтаңбалы мөрімен бекітіледі (істі электрондық форматта жүргізу кезінде, резолюцияны елтаңбалы мөрмен бекіту талап етілмейді).

Прокурордың орын ауыстырудан (этаптаудан) бас тартуы дәлелдер мен негіздер көрсетілген хатта баяндалады.

  1. Қылмыстық істі (қудалауды)  және тергеу мерзімдерін тоқтату туралы электрондық форматтағы шешімдердің заңдылығын тексеру олар шығарылған күннен бастап, 30 тәулік ішінде жүргізіледі. Тергеп-тексеруді қағаз форматта жүргізген кезде процессуалдық шешімдердің заңдылығын тексеру қылмыстық істің материалдарын алған сәттен бастап, тура сол мерзімде жүргізіледі.

ҚПК 35-бабының бірінші бөлімі 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтары негізінде тоқтатылған істер бойынша келісу қаулының бірінші бетіндегі жоғарғы оң жақ бұрышында бекіту түрінде көрсетіледі (электрондық форматта тергеп-тексерілетін істерді қоспағанда).

Тергеп-тексеру мерзімдері тоқтатылған, сондай-ақ ҚПК 35-бабының бірінші бөлімі  1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтары негізінде тоқтатылған істер бойынша қабылданған шешіммен келісу қаулының сырт жағына қойылады.

Келісу туралы резолюция прокурордың лауазымы, Т.А.Ә. және қол қойған күні туралы мәліметтерді қамтиды.

Қылмыстық істер келісім білдірген (бекіткен) сәттен бастап, 3 тәуліктік мерзімде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына (тоқтатылғандар) және ҚСжАЕК аймақтық бөлімшелеріне (жойылғандар) жіберіледі. Осы мерзімде электрондық қылмыстық істер бойынша қағаз тасығыштағы материалдарды жолдау қамтамасыз етіледі (олар болған жағдайда).

  1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қабылдаған шешіммен келіспеу жағдайында прокуратура басшысы оны жою туралы қаулы шығарады.

Шешімін жоғары тұрған прокуратура жойған қылмыстық іс бойынша жоғары тұрған прокуратураның ұйғарымдарын орындаудың толықтығы мен сапасын қадағалаушы прокурор қамтамасыз етеді. Қосымша тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қабылданған процессуалдық шешім бойынша жою туралы қаулыға қол қойған жоғары тұрған прокурор оны қабылдаған сәттен бастап,       3 тәулік ішінде хабардар етіледі.

  1. Жазбаша ұйғарым нақты тергеу өткізу, соның ішінде жасырын, процессуалдық шешімді қабылдауға қажетті және жеткілікті, сондай-ақ іс бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған өзге де әрекеттерді жүзеге асыру туралы талапты қамтиды. Прокурордың ұйғарымдарын орындауды бақылау мақсатында оларды орындаудың нақты мерзімдері белгіленеді.

Нақты жариялы және жасырын (құпиялылықты сақтаумен) тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізу туралы ұйғарымдар жою туралы қаулыларда және заңдылықтың бұзылуын жоюға бағытталған басқа да қаулыларда баяндалуы мүмкін.

Ұйғарымды орындамаған жағдайда прокурор ұйғарымды орындамаған кінәлі тұлғалардың жауаптылығы туралы мәселені көтеруге бастамашы болады.

  1. Тәртіптік істі қозғау туралы қаулы заңдылықты бұзуға жол берген нақты лауазымды тұлғаларға қатысты шығарылады.
  2. Заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс, әдетте, кінәлі лауазымды тұлғаларды қылмыстық немесе тәртіптік жауапқа тарту туралы шешім қабылдағаннан кейін талдау, тексеру нәтижелері бойынша және проблемалы мәселелерді шешуге кешендік әдістерді қажет ететін басқа да жағдайларда енгізіледі.
  3. Тәртіптік істі қозғау туралы қаулы және заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының орталық аппараттарына төмен тұрған прокуратура Қызмет арқылы жолдайды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының облыстық және соларға теңестірілген  аппараттарға – облыс прокуратурасы арқылы жолданады.

Қолдау және жөнелту үшін келіп түскен қадағалау актісін жоғары тұрған прокуратура келіп түскен сәттен бастап, 5 жұмыс күні ішінде қарауы тиіс. Қолдау таппаған қадағалау актісі себептері көрсетілген тиісті хатпен бастамашыға қайтарылады.

Прокурорлар, әдетте, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тәртіптік істі қозғау туралы қаулыларын және заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынысын қарауға қатысады.

  1. Прокурорлар қылмыстық істер бойынша барлық құжаттар мен актілерді СДТБТ жүйесінде әзірлейді (құпиялылықты сақтау қажеттігін қоспағанда, қылмыстық істі жүргізу форматына қарамастан, сәйкес ақпараттық ресурсты құрған сәттен бастап), электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды, басып шығарады және оларды істің материалдарына қосады.

 

  1. Мемлекеттік айыптауды қолдау

 

  1. Прокурорлар барлық жариялы және жекеше-жариялы қылмыстық істер бойынша (бұйрықтық іс жүргізуді қоспағанда), сондай-ақ ҚПК 32-бабының төртінші бөлігімен қарастырылған істер бойынша соттың талқылауларына қатысады.

Мемлекеттік айыптауды қолдау қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңіне қадағалауды жүзеге асыратын прокуратура қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

Соттың қадағалаушы прокуратураның орналасқан орнынан едәуір қашықтықта болуы жағдайында (мамандандырылған соттар), мемлекеттік айыптауды қолдау облыс прокуратура қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

Процесс прокурорлары белгіленген құзыретіне қарамастан, 1- сатыдағы соттарға қатысады. Процесс прокурорлары тергеу судьясының қаулысына өз өтінішхаттарын апелляциялық сатыда қарау кезінде қатысады. 

Қажет болған жағдайда күрделі немесе көп оқиғалы істер бойынша мемлекеттік айыптауды бірнеше прокурорлар қолдайды.

Сот отырысына прокурорлар нысанды киім-кешекте, аттестатталмаған қызметкерлер – қатаң іскерлік стильдегі киімде қатысады.

Мемлекеттік айыптаушы (бұдан әрі - мемайыптаушы) айыптау актісін бекіткен прокурормен, ал процесс прокуроры прокуратура басшысымен өз ұстанымын мына жағдайларда келіседі:

- мемлекеттік айыптауды қолдаудан бас тарту (оның ішінде ішінара) мәселесін шешу;

- сотталушының әрекетін қайта саралау қажеттілігі;

- мемлекет мүддесі үшін қылмыстық істің шегінде қойылған азаматтық талаптан бас тарту немесе оны қараусыз қалдыру туралы өтінішті беру;

- қарастырылып отырған санаттағы қылмыстар бойынша, әдетте, тағайындалатын жазалардың мөлшері мен түрлерінің шегінен шығатын («Заңдылық» ақпараттық жүйесіне сәйкес) жазаны тағайындау қажеттілігі.

Айыптау актісін бекіткен прокурордың, сондай-ақ прокуратура басшысының мемайыптаушының ұстанымымен келіспеген жағдайда, мемайыптаушыны ауыстыру туралы мәселе шешіледі немесе айыптау актісін бекіткен прокурордың өзі айыптауды қолдайды.  

ҚПК 340-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, егер басты сот талқылауы барысынды сотталушыға неғұрлым ауыр немесе бастапқыдан ерекшеленетін айыптау тағу қажеттілігі туындаса, мемайыптаушы прокуратура басшысының келісімімен жаңа айыптау актісін жасайды және жаңа айыптауды қолдайды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жинақталған дәлелдемелерді сотпен жан-жақты, толық және объективті зерттеуін қамтамасыз ету мақсатында мемайыптаушы қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу, қосымша куәларды, сарапшыларды, мамандарды және басқаларды шақыру туралы; процеске қатысушылардың дәлелдерін жарамсыз деп мойындау және олардың орынсыз өтініштеріне қарсылығы туралы уақтылы мәлімдейді; сондай-ақ қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын шектейтін кез келген заңдылық бұзушылықтарға шара қолдануға.  

Егерде сот отырысына процестің басқа қатысушылары келмеген жағдайда, мемайыптаушы сот алдында осы тұлғалардың тиісті жауапкершілікке немесе оларды ақшалай жазаға тарту туралы өтініш жасау мәселесін көтеруге бастамашы болады. Негіздеме болған жағдайда сотталушыға бұлтартпау шарасын неғұрлым қатаңға өзгерту туралы өтініш жасайды.  

Сотталушыға жазаны тағайындау туралы ұстанымды баяндау кезінде мемайыптаушы қылмыстың қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне, кінәлі адамның жеке басына, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікті және жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларға сүйеніп, ұсынылып отырған жаза тиісті және әділ болуын ескере отырып, қолданыстағы заңнаманың талаптарын басшылыққа алады. ҚК тиісті бабымен жасалған қылмыс үшiн көрсетiлген жазаның неғұрлым ауыр түрi тек, егер оның жеңiл түрi жазалау мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ете алмаған жағдайда ғана сотқа ұсынылады.  

Соттағы жарыссөздегі мемайыптаушының сөзі уәжді, заң бойынша сауатты және процеске қатысушыларға профилактикалық әсер болуы тиіс.

  1. Соттағы жарыссөздерге дайындығы барысында мемайыптаушы «Заңдылық» ақпараттық жүйесіндегі (бұдан әрі – «Заңдылық» АЖ) барлық реквизиттерді толық және шынайы толтырады, сондай-ақ сот актісін алған күннен бастап, 5 (бес) күн ішінде міндетті түрде сот актісін ішіне салып, сот қарауы нәтижелері туралы мәліметтерді «Заңдылық» АЖ-ға енгізеді. 

               Бас Прокурор, оның орынбасарлары, облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін  орынбасары бекіткен айыптау актісімен қылмыстық істер бойынша мемайыптаушылар тиісті прокуратуралардың басшылығының келісуі бойынша тағайындалады. Мемайыптаушылардың ұстанымдары осы тұлғалармен тараптардың жарыссөздеріне дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей келісіледі.

  1. Мемайыптаушы апелляциялық мерзімде оның қатысуымен шығарылған сот актісінің заңдылығын тексереді, бұл туралы «Заңдылық» АЖ-де растаумен тиісті жазбаны жасайды, сот талқылауының хаттамасын, сот отырыстарының аудио-, бейнежазбаларын және оған қысқаша хаттамаларды, процесс қатысушыларының, соның ішінде электрондық құжат нысанындағы  түскен шағымдарын зерттейді, бұл туралы қылмыстық істің тиісті материалдарында жазбалар жасайды. Қажет болған жағдайда өзінің ескертулері мен қарсылықтарын жазбаша мәлімдейді.

Тексеру нәтижелерін мемайыптаушы орын алған сот актісінің дәлелдігі туралы қорытындымен тиісті прокуратураның басшысына баяндайды. Прокуратура басшысы өз ұстанымын қарармен білдіреді.

Заңсыз немесе негізсіз сот актісіне міндетті тәртіппен апелляциялық өтінішхат келтіріледі (ҚПК 414-бабы екінші бөлігі). Сот актісінің, өтінішхаттың, сондай-ақ қорытындының көшірмелері қадағалау өндірісіне қоса тігіледі.

Прокурор ұстанымының сотпен (тұлғалар) қайшылық критерийлеріне мыналар жатады:

  • прокурор тұлғаны соттау туралы қорытынды береді, ал сот ақтау үкімін шығаруы, соның ішінде жекелеген оқиғалар бойынша, немесе ҚПК 35-бабының бірінші бөлігі 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарымен қарастарылған негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтатуы немесе ҚПК 323-бабымен көзделген тәртіпте прокурорға істі қайтаруы;
  • соттың сотталушының әрекетін прокурордың ұсынғанына қарағанда өзге баппен (баптың бөлігімен) саралануы;
  • қылмыстың қайталануымен және жазаны өтеу режимімен байланысты;
  • мемлекетке зиянды өтеу туралы азаматтық талапты шешумен байланысты (талапты қанағаттандыру мөлшеріндегі қайшылықтарды қоспағанда).

Сотпен ҚК 55, 63, 65, 67, 68, 69, 74 және рақымшылық актісін қолдану ұстанымдардың қайшылықтары ретінде ескерілмейді.

Қажет болған жағдайда, кінәлі тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселені қараумен, апелляциялық өтінішхатты әкелмеу, қайтарып алу немесе қайтарып тастаудың әрбір фактісі қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін  орынбасары жанындағы жедел отырыста талқыланады.

Апелляциялық сатының сотына қатысушы прокурорлар сот актілерінің заңдылығының және негізділігінің тексеруін қамтамасыз етеді.

  1. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен шығарылған сот шешімінің заңдылығы шешімнің көшірмесін алған сәттен бастап, 5 тәулік ішінде тексеріледі.

Бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде шығарылған шешімнің заңсыздық жағдайында прокурор, ҚПК 627-7 бабымен қарастырылған мерзімде, оны апелляциялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатты береді.

  1. Апелляциялық сатының сотында прокурор 1-сатының сотына қатысқан прокурорлардың ұстанымымен байланысты емес, және заң талаптары мен қолдағы бар нақты деректерге сүйеніп, әрекет етеді.
  2. Прокурордың апелляциялық сатының сотына қатысу сапасы сот актісінің заңдылығы туралы қорытындының негізділігі мен әділдігіне сүйене отырып бағаланады.

Осы қорытынды сотталушының толық сауалнамалық деректерін; іс бойынша шығарылған сот актілері туралы мәліметтерді; жасалған әрекеттің қысқаша фабуласын; істі қайта қарау негіздерін; шағым дәлелдерін; шағым дәлелдерінің талдауы мен іс материалдарымен салыстыруын, соның ішінде дәлелдердің жеткіліктілігіне, іске жататындығына және анықтығына баға беріледі; мемайыптаушының ұстанымының негізділігі немесе негізсіздігі туралы қорытындыны; орын алған сот актілерінің негізділігі немесе негізсіздігі туралы қорытындыны қамтиды және облыс прокурорымен бекітіледі.

  1. Апелляциялық сатының соттарында, соның ішінде ҚПК 107-бабымен көзделген тәртіппен, қажет болған жағдайда процесс прокурорымен бірге Бас прокуратура және облыстық прокуратура қызметкерлері қатысады.

Бас көлік прокуратурасының істері бойынша алдағы сот отырысы туралы облыстың тиісті прокурорына жазбаша хабарлама бойынша апелляциялық сатының сотында облыс прокуратуралары қызметкерлерінің қатысуы мүмкін.

  1. Заңды күшіне енген сот актісімен келіспеушілік жағдайда (соның ішінде ҚПК 487-бабында көзделген мерзімдер шегінде апелляциялық сатысында қарастырылмаған), сот актісінің күшіне енген күннен бастап, 2 (екі) айдан кешіктірмей, Бас прокуратураға қылмыстық іспен бірге кассациялық наразылық туралы ұсыну жолданады. Ұсыну жоғарыда көрсетілген мерзім өткен соң жолданса, оны дайындау кезінде әуре-сарсаңға жол берген кінәлілердің жауапкершілігі туралы мәселе қаралады.

 

  1. Қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін қарау

 

  1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне қылмыстық процеске қатысушыларының шағымдары өзге органдарға, соның ішінде іс-әрекеттеріне шағымданған тұлғаға  жолдаусыз, ҚПК 105-бабымен көзделген тәртіппен қарауға жатады.
  2. Процеске қатысушылардың өтініштерін қарау қорытындылары бойынша ҚПК 99, 105-баптарында көзделген тәртіппен уәжді қаулы шығарылады.
  3. Егер алдында түскен шағым ҚПК 106-бабында қарастырылған тәртіппен прокурормен қабылдаудан бас тартылса және жаңа дәлелдерді немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының шешімін қайта қарауға мән-жайларды қамтымаса, өтініш берушіге сотқа жүгіну қажеттілігі туралы жауап жолданады.

ҚПК 106-бабында көзделген тәртіппен шығарылған сот шешіміне келіспеген жағдайда прокурор оны апелляциялық тәртіпте қайта қарау туралы өтініш береді.

  1. Сотпен шағымды қанағаттандырудан бас тарту сотта зерттелмеген мән-жайларды анықтау кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының шешімін қадағалау тәртібімен прокурормен одан әрі қайта қарауға кедергі келтірмейді.  

ҚПК 105-бабымен көзделген тәртіпте ҚПК 106-бабымен көзделген тәртіпте сот қарауының мәні болған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар қарастырылмайды, ол туралы шағым бастамашысына тиісті жауап беріледі. Бұрын соттың қарауының мәні болмаған дәлелдерді қамтитын шағымдар осы Нұсқаулықтың 38-тармағымен көзделген тәртіпте қарастырылады.

Бұл ретте, бұрын сотпен қарастырылған шағым Бас прокурордың, оның  қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасарының, Қызмет бастығының, облыс прокурорының тапсырмасы бойынша қайта қарауға жатады.

  1. Кезекші және процесс прокурорлары өз құзыреттерінің шеңберінде, ҚПК 99-бабымен көзделген тәртіпте процеске қатысушылардың өтініштерін қарайды.

 

  1. Прокурордың кезекшілігін ұйымдастыру

 

  1. Жедел қызметкерлердің саны 7-ден асатын штат саны бар қалааудандық прокуратураларға, ішкі істер органдарын (бұдан әрі – ІІО), әскери ІІО, полиция бөлімдері мен тірек пункттерін қоспағанда, қалалық және аудандық ішкі істер органдарының ғимараттарында кезекшілік ұйымдастыру ұсынылады. Жедел қызметкерелерінің саны 7-ден аспайтын қалааудандық прокуратуралармен кезекшілік облыс прокурорының қарауымен ұйымдастырылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының облыстық аппараттарындағы кезекшілік облыс прокурорының қарауы бойынша  ұйымдастырылады.

Кезекшілік аудан (қала), облыс прокуратурасының аттестатталған қызметкерлеріне тапсырылады.

  1. ІІО ғимараттарындағы кезекшілік жұмыс уақытында ұйымдастырылады.

Жүктемені ескере отырып, қажет болған жағдайда, кезекшілікке бірнеше прокурорлар кіреді.

Прокурордың (прокурорлардың) кезекшілігі және оның (олардың) жұмыс кестесі туралы мәліметтерді (аты-жөні, тегі, азаматтарды қабылдау уақыты, қызметтік телефон нөмірі және өзге де қажетті мәліметтер) ІІО ғимаратының кіреберісінде көрінетін жерде орналастыру ұсынылады.

Кезекші прокурордың жұмыс орнын ІІО ғимаратында кезекші бөлім үй-жайы жанында орналастырып, ҚСжАЕК ақпараттық базалары мен «Қадағалау» ақпараттық жүйесіне қол жетімділікпен байланыс құралдары мен кеңсе техникасымен жабдықтау ұсынылады.

  1. Кезекшілік барысында прокурор:
  1. ІІО қызметтік және өзге де үй-жайларында тұлғалардың негізсіз болуын болдырмау мақсатында, соның ішінде келушілерді электрондық есепке алу жүйесін қолданумен қызметтік және өзге де үй-жайларын, ұстау мерзімдерін сақтауды және ұстаудың процессуалдық ресімдеуін тексереді.

Заңсыз ұсталған тұлғаны, сондай-ақ тергеу әрекеттерін жүргізусіз жеткізу мерзімінен астам уақыт (3 сағат) негізсіз ұсталған тұлғаны анықтау жағдайында, тексеруді жүргізуші прокурор осы тұлғаны анықтау фактісі туралы прокуратура басшысына баяндайды және өзінің қаулысымен оны дереу босатады.

Қылмыстық қудалау органының ғимаратынан адамдарды босату фактілері міндетті түрде Прокуратураның ақпаратық есепке алу кітабында тіркеледі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 414-бабымен көзделген қылмыстың белгілері болған кезде, баянаттың дереу СДТБТ-те тіркелуі қамтамасыз етеледі;

  1. тұлғалардың УҰИ және өзге де үй-жайларға кіргізу заңдылығын, ұсталғанның медициналық куәландырылуының уақтылығын тексереді;
  2. процеске қатысушылардың өтініштеріне рұқсат береді, соның ішінде ІІО нақты тергеу әрекеттерін ұйымдастыру және жүргізу туралы нұсқауларды беру арқылы, тікелей кезекшілік барысында жүгінген азаматтардың өтініштерін қабылдайды;
  3. белгіленген мерзімде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өндірісіндегі қылмыстық істерді зерттейді, олар бойынша жазбаша нұсқауларды береді, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын тексереді, онша ауыр емес қылмыстар бойынша бұйрықтық іс-жүргізуді қолдану туралы қаулыларды, жеделдетілген іс жүргізу істері бойынша айыптау актілерін бекітеді, олар бойынша айыпталушыны сотқа беру туралы қаулы шығарады және көрсетілген санаттағы істі сотқа жібереді.

Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану жөніндегі қаулыны бекітуден бас тарту туралы ҚПК 629-3 бабының төртінші бөлігімен қарастырылған мерзімде уәжді қаулы шығарылады.

  1. Кезекшілік барысында прокурор «Прокуратура туралы» Заңның 44-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарынан қажетті материалдарды (құжаттарды, нарядтарды, жедел мәліметтерді және тағы басқаларды), заңдылықты бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардан түсініктемелерді талап етеді.
  2. Прокурорлардың кезекшілігін ұйымдастыру мен тиімділігі үшін оларға қажетті жұмыс жағдайларын қамтамасыз ететін, міндеттер қойып, олардың жұмыстарына бақылауды жүзеге асыратын, қадағалап, олардың қызметтерін жетілдіру бойынша шараларды қолданатын қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін облыс прокурорларының орынбасарлары (прокурорлар бойынша облыс аппараттарының қызметкерлері санынан), және қалааудандық прокурорлар (прокурорлар бойынша қалалар және аудандар прокуратура қызметкерлерінің санынан) жауапты болып табылады.  

Кезекші прокурор өзі қабылдаған шешімдерге дербес жауапты.

Кезекшілік қорытындылары бойынша белгіленген үлгідегі есеп құрастырылады (осы Нұсқаулыққа №2 қосымша). 

Прокуратура басшылары күн сайын жүргізілген жұмыстардың қорытындыларын және анықталған заңдылықты бұзушылық туралы кезекші прокурорды тыңдайды.

Прокурор кезекшілігінің қорытындылары туралы есеп прокуратура басшысымен бөлек номенклатуралық іске жатқызылады.

  1. Азаптау туралы ақпарат түскен кезде кезекші прокурор:  

1)  прокуратура басшысына дереу баяндайды, ол дәлелдердің сапалы бекітілуін ұйымдастыруға құзыретті жауапты тұлғаны анықтайды;

2) қылмыстық құқық бұзушылықтың мәнін көрсетіп, СДТБТ-ті жүргізу ережелерімен белгіленген тәртіпте арызды қабылдайды.

3) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау үшін себептер мен негіздер болған жағдайда, арызды СДТБТ-те  тіркейді.

СДТБТ-те азаптау туралы арызды тіркегеннен кейін прокуратура басшысы дәлелдердің сапалы бекітілуі үшін прокуратураның нақты қызметкеріне:

1) жәбірленушіден және өтініш беруші көрсеткен лауазымды тұлғалардан азаптаудың барлық мән-жайлары егжей-тегжей сипатталған (уақыты, оқиға орны, сауалнамалық деректері, барлық қатысы бар тұлғалар мен куәгерлердің сипаттауы және тағы басқалары) жауап алуды;

2) оқиға болған жерде қарау  жүргізуді, бейнебақылау камералары болған жағдайда жазбалардың алынуын және сақталуын қамтамасыз етуді;

3) жәбірленушімен куәландыру және сот-медициналық сараптаманы өтуді қамтамасыз етуді. Егер алдында ұсталғанға қатысты куәландыру жүргізілген болса, онда куәландыру актісін алуын және оның сақталуын қамтамасыз ету шараларын қолдануды;

4) ҚПК 12-тарауында көзделген өтініш берушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдануды, өтініш берушінің күзетпен ұстауда болуы жағдайында – дәлелдерді бекіткенге немесе іс бойынша тергеп-тексеру аяқталғанға дейін оған бөгде адамдардың келуін шектеуді  тапсырады.

 

  1. Процесс прокуроры

 

  1. Процесс прокуроры іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден қылмыстық процестің кез келген сатысында тағайындалады, ол туралы дереу сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жолданатын процесс прокурорын анықтау туралы қаулы шығарылады (осы Нұсқаулыққа №3 қосымша). 

Облыс орталығынан шалғай ауданда, сондай-ақ бірнеше өңірлердің немесе облыстардың аумағында қылмыс жасалған немесе тергеу әрекеттерін (сот мәжілісін) жүргізген жағдайда, тергеу жүргізудің күрделілігі немесе  көлеміне қарай  және өзге де жағдайда тиісті прокуратура басшысының шешімі бойынша Қызмет, облыс прокуратурасы, қалааудандық прокуратура қызметкерлерінің ішінен бірнеше (топ) процесс прокурорлары айқындалады және процесс прокурорларын айқындау туралы қаулы шығарылады (осы Нұсқаулыққа №4 қосымша).

Бұл жағдайда процесс прокурорлары тобының басшысы тағайындалады.

  1. Процесс прокуроры нақты қылмыстық іс бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалайды.

Процесс прокуроры нақты қылмыстық іс бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалай отырып, ҚПК 193 (прокуратура басшысының құзыреттерін қоспағанда), 337, 340-баптарымен көзделген өкілеттіліктермен өз бетінше пайдаланады, сондай-ақ:

1) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды және қылмыстық қудалаудың бір органынан келіп түскен қолдағы бар материалдарды тергеуі және соттылығы бойынша береді, бақылауға алынудың өзгерістерімен беру жағдайларын қоспағанда;

2) ҚПК көзделген жағдайларда прокуратура басшысының алдына сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамды шеттету (қарсылық білдіру) туралы мәселеге, қылмыстық қудалау органының процессуалдық шешімдерін жою туралы қаулыны қабылдауға, сондай-ақ жол берілген заң бұзушылықтар үшін кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін прокурорлық қадағалау актісін енгізу  туралы бастама жасайды;

3) прокуратура басшысының тапсырмасы бойынша өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Бұл ретте, іс бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығына қадағалау сапасын арттыру мақсатында процесс прокуроры өз әрекеттері мен шешімдерін прокуратура басшысымен келісуге жол беріледі.

  1. ҚПК көзделген процесс прокурорының өкілеттіліктері өзі процесс прокуроры ретінде белгіленген барлық істерге (соның ішінде бір өндіріске біріктірілген) таралады.

Процесс прокуроры ретінде белгіленген қылмыстық істі бөлек өндіріске алынған жағдайда, бұрын біріктірілген қылмыстық істер бойынша прокуратура басшысы басқа процесс прокурорын белгілейді немесе бөлек қаулымен осы процесс прокурорының өзін белгілейді. Өзге жағдайда қылмыстық қудалау жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

  1. ҚПК 193-бабы үшінші бөлігінің абзацымен көзделген тәртіпте процесс прокурорын алмастыру кезінде уақытша басқа процесс прокуроры белгіленеді немесе ол алмастырылады, ол туралы уәжді қаулы шығарылады (осы Нұсқаулыққа №5 қосымша).

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде процесс прокурорының қарсылық білдіру мәселесі оны тағайындаған прокурормен немесе жоғары тұрған прокуратура басшыларымен шешіледі.

  1. Кінәлі болмауы немесе дәлелденбеуі бойынша істі тоқтатумен байланысты күдіктіні қамаудан босатқан жағдайда, процесс прокуроры бұл туралы дереу прокуратура басшысына хабарлайды.

 

  1. Жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау

 

  1. ЖТӘ заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезінде  азаматтардың

жеке өміріне қол сұғылмауын, өзінің және отбасы құпиясы құқығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау және жеке салымдары мен жинаған қаражатының, хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы алған хабарларының құпиялылығының сақталу құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

  1. ЖТӘ заңдылықты қадағалауды жүзеге асырады:

         1)      Бас прокуратурада – Бас прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет басшысы, жедел-іздестіру қызметін қадағалауды жүзеге асыратын Қызмет басқармасының қызметкерлері (әрі қарай- ЖІҚ), процесс прокурорлары;

         2)      облыс прокуратураларында – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, ЖІҚ қадағалауды жүзеге асыратын басқарманың қызметкерлері, процесс  прокурорлары;

         3) қалааудандық прокуратураларда – прокурорлар және олардың қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасарлары, процесс  прокурорлары.

  1. Санкцияланған ЖТӘ және оларды ұзарту туралы нақты қылмыстық істер бойынша қадағалаушы прокурорды, соның ішінде қалааудандық прокурорларды ақпараттандыру қажеттілігінің мәселелері Бас прокурормен немесе қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасармен, сондай-ақ облыс прокурорымен рұқсат етіледі.
  2. ҚПК 231-бабының 9), 10) - тармақтарында қарастырылған рұқсат етілмейтін ЖТӘ жүргізу туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін тұлғамен берілген тапсырмалар туралы хабарламаларды есепке алу уәкілетті прокурормен жүргізіледі.

2014 жылғы 19 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келісілген Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы               № 416, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 62, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 146, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 892, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 565 бірлескен бұйрығымен бекітілген Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидаларының (әрі қарай – Қағидалар) 8-тармағында қарастырылған құпиялылық және мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарын ұстана отырып, уәкілетті прокурормен журналда тіркегеннен кейін хабарламалар Қағиданың 15-тармағында қарастырылған тәртіпте тапсырманы беру заңдылығын тексеру үшін тиісті қадағалаушы немесе процесс прокурорына дереу жолданады.

Заңдылықты бұзу анықталған жағдайда прокурорлар 24 сағат ішінде  заңсыз ЖТӘ тоқтату шараларын қабылдайды.

Тексеру нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы қадағалаушы және процесс прокурорлары ақпаратты қорғау бойынша тараптарды ескере отырып,  3 тәуліктік мерзімде әрі қарай есепке алу үшін ЖТӘ заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшеге жазбаша хабарлайды.

  1. Нақты қылмыстық істер бойынша қадағалауды жүзеге асыру кезінде қадағалаушы және процесс прокурорлары тұлғаға немесе орынға жасырын қадағалау жүргізу туралы тапсырмалардың және оның нәтижелері туралы ҚПК 248-бабының үшінші бөлігінде қарастырылған тәртіпте сотқа дейінгі тергеу органына ЖТӘ жүзеге асыратын уәкілетті бөлімшесімен ұсынылатын есептердің заңдылығын тексереді.

Қадағалаушы және процесс прокурорлары қажеттілігіне қарай аталған материалдарды зерделейді, алайда онкүндікте бір реттен кем емес.

Заңдылықты бұзу анықталған жағдайда 24 сағат ішінде алынған нәтижелелерді дәлелдеме ретінде пайдалануға жол бермеу және тоқтату туралы қаулы шығарылады.

  1. Белгіленген мерзімдерге қарамастан кез келген уақытта прокуратура

басшылығының тапсырмасы бойынша қадағаушы және процесс прокурорлары ЖТӘ заңдылығы мен негізділігін бағалау үшін жүргізілетін ЖТӘ нәтижесін тексереді.

  1. Бас прокуратураның жазбаша сұранымы бойынша ЖТӘ ісі жүргізілген немесе жүргізілетін ЖТӘ заңдылығы туралы облыс прокурорының ұстанымын көрсете отырып, қолы қойылып жолданады.
  2. ЖТӘ ісін жүргізгенде құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың уәкілетті бөлімшелерінің ЖІҚ нысандары мен әдістерін пайдалануының заңдылығы мен негізділігін қадағалау ЖІҚ заңдылығын қадағалау бойынша бөлімшемен жүзеге асырылады.
  3. ЖТӘ заңдылықты қадағалауды жүзеге асырғанда Қағида талаптарын мүлтіксіз орындау қамтамасыз етіледі.
  4. Тексеру іс жүргізуі туралы қаулыда көлемі және мерзімі,  тексерілетін орган және тексеру жүргізу тапсырылған прокурор туралы мәліметтер көрсетіледі.

Процесс прокуроры ЖТӘ жүргізу заңдылығын тексеруді оны процесс

прокуроры ретінде тағайындау туралы қаулы негізінде жүргізеді.

  1. Жасырын тергеу әрекеттері санкциялау барысында (ҚПК 234- бабының екінші тарауымен қарастырылған тәртіпте) ұсынылған ақпараттың растығын тексеру туралы сот тапсырмасы келіп түскен кезде ол журналда (журнал деректемелері мен оны жүргізуге жауапты тұлғалар осы Нұсқаулықтың №6 қосымшасында көрсетілген) тіркеледі.

Егер сот тапсырмасы қадағалау немесе құзіреттілік бойынша келіп түспесе, ол сотты міндетті түрде хабардар ете отырып, тиісті прокуратураға дереу қайта жолданады.

  1. Жасырын тергеу әрекеттері санкциялау барысында ұсынылған ақпараттың растылығын тексеру туралы ұсынылған ақпараттың растығын тексеру туралы сот тапсырмасы алынғаннан және тіркелгеннен кейін іс бойынша процесс прокуроры тағайындалады, оған тексеру жүргізу үшін сот тапсырмасы тапсырылады.
  2. Процесс прокурорында құпия мәліметтерге рұқсаты болмаған жағдайда сотпен санкцияланған ЖТӘ заңдылығын тексеруге 12 сағат ішінде  тиісті тапсырманы жіберу арқылы уәкілетті прокурор тартылады.
  3. Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау барысында ұсынылған ақпараттың растығын тексеру туралы сот тапсырмасын алғанда процесс немесе уәкілетті прокурор ЖТӘ бастамашысына дереу ауызша, әрі қарай ресми сұраным жібере отырып,  ЖТӘ бастамашылыққа негіз болған жасырын тергеу әрекеттер ісін (әрі қарай – ЖТӘІ), сотқа дейінгі іс жүргізу материалдарын және басқа материалдарды сұратады.

         Процесс прокуроры қылмыстық іс материалдарын зерделеу арқылы және  ЖТӘІ құпия ақпаратқа рұқсаты болғанда тексеру жүргізеді.

Уәкілетті прокурор прокуратура органдарында орнатылған қашықтан қол жеткізу пунктерін қоса қолдана отырып, егер ақпараттық жүйелер жарамсыз, жаңартылған және т.б. жағдайларда ЖТӘ бастамашылық еткен органда  тексеруді жүзеге асырады.

ЖТӘ жүргізу туралы шығарылған қаулыдан заңсыздық фактісі анықталған жағдайда, ЖТӘ жүргізу дереу тоқтатылады. ЖТӘ бастамашылық еткен кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты прокурорлық қадағалау актісі шығарылады.

  1. ЖТӘ жүргізу нәтижесі туралы хабарлама түскеннен кейін, оны  ҚПК 234- бабының бесінші тарауында қарастырылған тәртіппен уәкілетті прокурор хабарламаларды есептеу (осы нұсқаулықтың №6 қосымшасындағы) журналында тіркейді.

         Журналда тіркелгеннен кейін хабарлама 24 сағат ішінде процеске, ал ол болмаған жағдайда қадағалаушы прокурорға тапсырылады.

  1.  Процесс, ал ол болмаған жағдайда қадағалаушы прокурор хабарлама алғаннан кейін 10 күн ішінде дәлелдеме ретінде пайдалану үшін қылмыстық іс материалдарында тіркелген ЖТӘ нәтижелерінің қатыстылығын, жарамдылығын  және растылығын тексереді.

Тексеру нәтижесінде прокурор іс бойынша қадағалау ісін жүргізуге тіркелетін дәлелдеме ретінде жүргізілген ЖТӘ жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы қорытынды жасайды.

  1.  ҚПК 240-бабының бірінші тарауымен қарастырылған тәртіпте келіп түскен хабарламалар прокуратура басшысымен қылмыстық істерде дәлелдік маңызы жоқ ЖТӘ нәтижелерін заңдылығын тануды тексеру үшін процесс прокурорына, ал егер ол тағайындалмаған жағдайда – қадағалаушы  прокурорына хабарланады. Тексеру процесс және қадағалаушы  прокурорда құпия ақпаратқа рұқсаты болмаған жағдайда уәкілетті прокурорға тапсырылады.

Прокурор хабарлама алғаннан кейін ЖТӘ нәтижелерін сақтау орнына барып, 60 тәулік өткенше дәлелдік маңызы жоқ деп танудың заңдылығын тексереді.

Прокурор ЖТӘ нәтижелерінде тексеруді қажет ететін қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтер немесе басқа да заңсыз іс әрекеттер болған жағдайда сәйкесінше жауап қайтару шараларын қолданады.

Прокурор тексеру нәтижелері туралы қадағалау ісіне тіркелетін қорытынды құрастырады.

ЖТӘ нәтижелері қашықтықта болған жағдайда жою алдында нәтижелерді тексеру Қызмет немесе облыс прокуратурасының басшысының келісімі бойынша төменгі тұрған прокуратураға тапсырылады.

Тексеру нәтижелері туралы ЖТӘ нәтижелерін жою үшін қарастырылған мерзімі өткенге дейін оған бастамашылық жасаған прокуратураға хабарланады.

  1. Процесс прокуроры, ал ол болмаған жағдайда қадағалаушы прокурор,

уәкілетті прокурор санкцияланған сәттен бастап, ЖТӘ жүргізу барысына үздіксіз қадағалауды жүзеге асырады.

  1. Уәкілетті прокурорларға ЖТӘ нәтижелерін жасыруға жол бермеу мақсатында қылмыстық қудалау органның арнайы іс-шаралар бөлімшелерімен жүргізілетін және жүргізілген ЖТӘ туралы келіп түскен хабарламаларды ай сайын салыстырып тұру ұсынылады. 
  2. Тексеруді жүзеге асыру барысында прокурорлар ЖТӘ санкциялауға негіз болған ұсынылып отырған материалдарда қамтылатын мәліметтердің құпиялылығын сақтауды, жасырын режимді және қорғаудың басқа да шарттарын қамтамасыз етеді. 
  3. Осы Нұсқаулықта бекітілген мерзімдерге қарамастан, процесс, олар болмаған жағдайда қадағалаушы және уәкілетті прокурорлар кез келген уақытта басшылықтың тапсырмасымен ЖТӘ нәтижелерін олардың заңдылығы мен дәйектілігіне баға беру үшін тексереді.
  4. Қорытынды шешімдер қабылданған істер бойынша процесс прокуроры, ал ол тағайындалмаған жағдайда,   қадағалаушы прокурор уәкілетті прокурормен бірлесе отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен ЖТӘ жүргізілген тұлғаға қатысты ҚПК 240- бабы 1-1 бөлігінің хабарлама жіберу туралы талаптарының сақталуын ай сайын тексереді. 

Тексеруге хабарламаны уақытылы жіберу және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы мен соттың хабарлама мерзімін ұзарту туралы шешімдерінің дәйектілігі, сонымен қатар тұлғаға жүргізілген ЖТӘ туралы хабарламау жатады.

Процесс прокуроры, ал ол тағайындалмаған жағдайда қадағалаушы прокурор жүргізілген ЖТӘ заңсыз деп тану туралы өтінішітері бойынша сот шешімдерінің заңдылығын тексереді. 

 

  1.  Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілері бойынша шара қолдану 

 

  1.  Қылмыстық істі жүргізетін органның ұстап алынған күдіктіге (айыпталушыға) қатысты немесе оған қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған немесе бұлтартпау шаралары қолданылған, сонымен қатар ҚПК 35-бабы бірінші бөлімінің 1), 2), 5), 6), 7) мен 8) тармақтарының негізінде сотталушыға қатысты қылмыстық істің тоқтатылуы туралы қаулы немесе ақтау үкімі шығарылған барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қаулының көшірмесін алған немесе сот актісін жариялау сәтінен бастап, 24 сағаттан кешіктірмей Қызмет басшысы хабардар етіледі.
  2. Қылмыстық істі (қудалауды) сотқа дейінгі кезеңде тоқтатудың әрбір фактісі жөнінде осы Нұсқаулықтың 76-тармағында көрсетілген негіздері бойынша шешіммен келіскеннен кейін 15 тәулік ішінде қорытынды жасалады.    

ҚПК 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6),7) мен 8) тармақтарының негізінде соттың ақтау үкімінің немесе соттың қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысының заңды күшіне енген істің материалдарын алғаннан кейін сол мерзімде ұқсас қорытынды жасалады.  

Қылмыстық істі (қудалауды) тоқтату, ақтау үкімін шығару фактілері бойынша қорытындылар облыс прокурорының жедел кеңесінде, ал Бас прокуратураның бақылауына алынған істер – қорытынды жасалғаннан кейін қылмыстық қудалаудың заңдылығының қадағалануы Бас прокурордың жетекшілік ететін орынбасарында 3 тәуліктен кешіктірілмей қарастырылады. 

  1. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілері бойынша қорытындыларында айыпталушыны сотқа тапсырған, бірінші және апелляциялық инстанциялы соттарға қатысқан қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырған прокурорлардың, сондай-ақ оларға жетекшілік ететін басшылардың әрекеттеріне баға беріледі.  

Осы Нұсқаулықта бекітілген мерзімде прокурорлармен күдікті деп тану туралы, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы, бұлтартпау шаралары туралы  заңсыз қаулылардың күші жойылған жағдайларда, прокурордың жауапкершілігіне қатысты мәселе қарастырылмайды.   

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының шешімдерімен келіскен жағдайда кінәлі тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігіне қатысты мәселесі сот актілерімен бір уақытта қаралады. Қорытындыларда қылмыстық істі жүргізіп отырған органның, сондай-ақ процестің өзге де қатысушыларының әрбір әрекетінің заңдылығына, оның ішінде қылмыстық қудалауды бастау мен ақталған тұлғаға келтірілген зиянды өтеу үшін баға беріледі.   

  1. Прокурорлардың жауапкершілігіне қатысты мәселелерді шешу кезінде адамның конституциялық құқықтарын бұзуды уақытысында айқындау мен жою, сонымен қатар бұзылған құқықтарды айқындау сәтінен бастап, қайта қалпына келтіру жеделдігі ескеріледі.  

Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзудың әрбір фактісі жеке және әділ түрде қарастырылады. 

Прокурордың жауапкершілігіне қатысты мәселе міндетті түрде төмендегідей жағдайларда қаралады: 

  1. сотқа дейінгі кезеңде, оның ішінде сотқа тапсыру барысында қылмыстық қудалаудың заңдылығын тиісінше қадағаламау;
  2. мемлекеттік айыптауды сапасыз және дәйексіз қолдау;   
  3. қабылданған сот шешімдерінің заңдылығын тиісінше тексермеу.

Қызмет облыс прокуроры қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың әрекеттерін дәйекті деп таныған жағдайда,  қорытындыда осындай шешімді қабылдаудың негіздері көрсетіледі. 

  1. Облыс прокурорымен бекітілген кеңестің қорытындысы мен хаттамасы кеңес өткізілген күннен 3 күн мерзім ішінде Қызметке жіберіледі.  

Қызметке заңдылығы мен қабылданған шаралардың жеткіліктігіне қатысты келіп түскен хаттамалар аймақтық прокурормен 15 тәулік ішінде зерттеледі. Қылмыстық жауапкершілікке тартудың заңдылығы мен дәйектілігін тексеру нәтижелері қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік  ететін Бас прокурордың орынбасарында талқыланады. 

Ақталған және қудалау сотпен тоқтатылған тұлғаларға қатысты тексеру нәтижелері Бас Прокурорда талқылауға салынады. 

 

11.  Талдау жұмыстарды ұйымдастыру

 

  1. Прокурорлардың аналитикалық қызметі пәндік және аймақтық қағидалардың негізінде ұйымдастырылады. 

Пәндік қағиданың мәні – прокурорлық қызметті сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарында, қылмыстық құқық бұзушылықтың санаттарында (жалпы қылмыстық, сыбайлас жемқорлық және экономикалық) мамандандыру мен жүйелендіру, қылмыстық құқық бұзушылықтардың нақты түрлері бойынша бірыңғай сот-тергеу тәжірибесін құру.   

Аймақтық қағида төменгі тұрған прокурорлардың қызметін және өңірдегі заңдылықтың жағдайын бақылауды қамтиды. 

  1. Қызмет, облыс прокуратуралары осы Нұсқаулықтың №7 қосымшасында көрсетілген бағыттар бойынша қылмыстық процестегі заңдылықты сақтау мәселелерін талдайды. 

Талдау нәтижелеріне облыс прокуроры немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылып, қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін Бас прокурордың орынбасарының атына есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне жіберіледі.

 

  1. Қорытынды және өтпелі ережелер

 

  1. Қызмет, облыс, қалааудандық прокуратуралары қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалаудың қазіргі заманның әдістеріне бастамашылық ету мен енгізу, жұмыстың жақсы тәжірибесін тарату бойынша жұмыстар жүргізеді.     

Прокурорлық қызметті жетілдіру мақсатында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен ҚСжАЕК өзара әрекеттесуді жүзеге асырады.  

 

 

 

 

 

 

Қылмыстық қудалаудың заңдылығын бақылауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулыққа

№ 1 қосымша

 

Процессуалдық құжаттарды қарау, қол қою және бекіту схемасы

 

 

  1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғаның «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған күдіктіні, айыпталушыны бір тергеу изоляторынан екіншіге немесе УҰИ-ға ауыстыру (этаптау) туралы қаулысын төмендегілер бекітеді (бекітуден бас тартады):

- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы, Қызмет бастығының орынбасарлары;

- облыс прокуратурасында – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Басқарма бастығы;

- қалааудандық прокуратурада – аудан прокуроры, оның орынбасарлары.

  1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғаның басқа қылмыстық процестің қатысушысы болып табылатын сотталушыны тергеу мекемесінен тергеу изоляторына ауыстыру (этаптау) туралы қаулысын төмендегілер санкциялайды (санкциялаудан бас тартады):

- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы, Қызмет бастығының орынбасарлары;

- облыс прокуратурасында – облыс прокуроры, оның орынбасарлары.

  1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін бұзу туралы келісім береді, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны бекітеді, сондай-ақ қылмыстық істерді тоқтатады:

- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы, Қызмет бастығының орынбасарлары, процесс прокуроры;

- облыс прокуратурасында – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасарлары, Басқарма бастығы, процесс прокуроры;

- қалааудандық прокуратурада – аудан прокуроры, оның орынбасарлары, процесс прокуроры.

  1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін бұзу, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жоятындар:

- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы, Қызмет бастығының орынбасары, сондай-ақ Құқық қорғау органдары орталығының басшысы (Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы, Қызмет бастығының орынбасары келіскен және бекіткендерді қоспағанда);

- облыс прокуратурасында – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Басқарма бастығы;

- қалааудандық прокуратурада – аудан прокуроры, оның орынбасарлары.

  1. Қылмыстық іс бойынша ұйғарымға дербес құжат ретінде қол қоятындар:

Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы, Қызмет бастығының орынбасарлары, сондай-ақ Құқық қорғау органдары орталығының басшысы;

- облыс прокуратурасында – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Басқарма бастығы;

- қалааудандық прокуратурада – аудан прокуроры және оның орынбасарлары;

- процессуалдық және кезекші прокурорлар.

  1. Тәртіптік іс қозғау туралы қаулыға қол қоятындар:

- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы;

- облыс прокуратурасында – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары;

- қалааудандық прокуратурада – аудан прокуроры;

- процессуалдық және кезекші прокурорлар;

  1. Заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсынысқа қол қоятындар:

- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы;

- облыс прокуратурасында – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары;

- қала аудандық прокуратурада – аудан прокуроры.

  1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шараларын, оларды алып тастау және өзгертуді қолдау туралы өтініштерді қарастыратындар:

- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы, процесс прокуроры;

- облыс прокуратурасында – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, процесс прокуроры;

- қала аудандық прокуратурада – аудан прокуроры, процесс прокуроры.

  1. Қылмыстық қудалау органдарының «күзетпен ұстау», «үйқамақ» мерзімдерін ұзарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін ұзарту ұсыныстарын, бұлтартпау шарасын санкциялаудан бас тарту туралы заңды күшіне енбеген  сот қаулысын қайта қарау туралы ұсыныстарды қарайтындар:

- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның орынбасарлары;

- облыс прокуратурасында – облыс прокуроры, оның орынбасарлары;

- қалааудандық прокуратурада – аудан прокуроры.

  1. Айыптау актісін және бұйрық өндірісін қолдану туралы қаулыны бекітеді, сондай-ақ айыпталушыны сотқа беру туралы қаулыға қол қояды және қылмыстық істерді мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдайды:

- прокуратура басшылары, Қызмет бастығы, Қызмет бастығының орынбасарлары;

- кәсіби және қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты қылмыстар жасаған кезде, авдокатқа, прокурорға, тергеушіге, анықтаушыға, тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығын қоспағанда, процесс прокуроры;

- «прокурор кабинетінде» кезекшілікті жүзеге асырушы прокурор – күдікті тұлға нұқсанды, қылмысты жасаудың дәлелдері мен фактісін мойындаған жағдайда аса ауыр емес қылмыстар, аса ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша бұйрық өндірісі істері бойынша.

  1. Қылмыстық істі қосымша тергеу жүргізу үшін қайтару, тергеу және анықтау жүргізу туралы қаулыға қол қоятындар:

- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы, Қызмет бастығының орынбасарлары;

- облыс прокуратурасында – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Басқарма бастығы;

- қала аудандық прокуратурада – аудан прокуроры, оның орынбасарлары.

  1. Өндірістік бұйрықты қолдану туралы қаулыны бекітуден бас тарту туралы қаулыға қол қоятындар:

- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы, Қызмет бастығының орынбасарлары;

- облыс прокуратурасында – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Басқарма бастығы;

- қалааудандық прокуратурада – аудан прокуроры, оның орынбасарлары;

  1. Процесс прокурорларын (топты) айқындау туралы қаулыға қол қоятындар (шығаратындар):

- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы;

- облыс прокуратурасында – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары;

- қалааудандық прокуратурада – аудан прокуроры.

  1. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу туралы қаулыларға қол қоятындар:

- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы және оның орынбасарлары;

- облыстық прокуратураларда – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары;

- қала аудандық прокуратурада – аудан прокуроры.

  1.  Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыратын тұлғаның әрекеттері және (немесе) шешімдері, соның ішінде мүлікті қолдануға уақытша тыйым салу және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін бұзу туралы шешімдерін келісетіндер:

- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы және оның орынбасарлары, процесс прокуроры;

- облыстық прокуратураларда – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, процесс прокуроры;

- қалааудандық прокуратурада – аудан прокуроры, оның орынбасарлары, процесс прокуроры.

  1. Кінәні мойындау туралы мәміле формасындағы процессуалдық келісімді бастамалайды және бекітеді:

- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы және оның орынбасарлары, процесс прокуроры;

- облыстық прокуратураларда – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, процесс прокуроры;

- қалааудандық прокуратурада – аудан прокуроры, оның орынбасарлары, процесс прокуроры.

  1. Нақты қылмыстық іспен байланысты шешімдер бойынша ақпараттық-есепке алу құжаттарына қол қоятындар:

- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы және оның орынбасарлары;

- облыстық прокуратураларда – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Басқарма бастығы;

- қала аудандық прокуратурада – аудан прокуроры, оның орынбасарлары;

- процессуалдық және кезекші прокурорлар;

  1. Сот шешімдерін апелляциялық тәртіпте қайта қарау туралы ұсыныстарға қол қоятындар:

- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы және оның орынбасарлары, процесс прокуроры, мемлекеттік айыптаушы;

- облыс прокуратурасында – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Басқарма бастығы, процесс прокуроры, мемлекеттік айыптаушы;

- қалааудандық прокуратурада – аудан прокуроры, оның орынбасарлары, процесс прокуроры, мемлекеттік айыптаушы.

  1. Процеске қатысушылардың өтініштеріне берілген жауаптарға және ҚПК 105-бабында көзделген тәртіпте келіп түскен өтініштердің дәлелдерін қарау нәтижелері бойынша қаулыларға қол қоятындар:

- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы, сондай-ақ өтініштің дәлелдерін қанағаттандыру жағдайында Қызмет бастығының орынбасары;

- облыс прокуратурасында – облыс прокуроры, өтініштің дәлелдерін қанағаттандыру жағдайында оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары;

- қалааудандық прокуратурада – аудан прокуроры, өтініштің дәлелдерін қанағаттандыру жағдайында оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары.

  1. Процеске қатысушылардың ұсыныстарына жауаптарды және ҚПК 99-бабында көзделген тәртіпте келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қаулыларға қол қоятындар:

- Бас прокуратурада – Бас Прокурор, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы, Қызмет бастығының орынбасарлары, Қызметтің Басқарма бастықтары, процесс прокурорлары;

- облыс прокуратурасында – облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, процессуалдық және кезекші прокурорлар;

- қала аудандық прокуратурада – аудан прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, процессуалдық және кезекші прокурорлар.

 

 

Қылмыстық қудалаудың заңдылығын бақылауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулыққа № 2 қосымша

 

КЕЗЕКШІЛІК ТУРАЛЫ ЕСЕП

______________________________________

(кезекшілік жүзеге асырылған органның бөлімшесі)

 

Уақыты және күні: 20__жылғы «___» _________  __ сағ. __ мин. бастап  __сағ. __мин. дейін

 

Тексеру жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар

 

иә

жоқ

Заңсыз қамалған тұлғалардың Т.А.Ә. және мәртебесі

(белгілеп қою)

1.

УҰИ

 

 

 

2.

Қызметтік кабинеттер

 

 

 

Қылмыстық істерді қарау нәтижелері

 

Саны

Қылмыстық істің № және бұзушылықтың сипаты:

  1.  

Тергеуді бастаудың заңдылығы мен негізділігі

 

 

  1.  

Қаралған қылмыстық істер

 

 

  1.  

Бұйрық өндірісінің сотқа жолданған істері

 

 

  1.  

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сотқа жолданған істері

 

 

Қабылданған шаралар туралы мәліметтер

  1.  

Берілген ұйғарымдар

 

 

  1.  

Қозғалған тәртіптік істер

 

 

  1.  

СДТБТ-те тіркелген фактілер

 

 

Азаматтарды қабылдау туралы мәліметтер

Өтініш иесінің ТАӘ

Өтініштің мәні

Қабылдау нәтижесі

1.

 

 

 

2.

 

 

 

3.

 

 

 

             

 

Кезекші

Лауазымы                            ______________                                 _____________

                                                                                    (қолы)                             (Т.А.Ә.)

Қылмыстық қудалаудың заңдылығын бақылауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулыққа № 3 қосымша

 

НЫСАН

 

ҚАУЛЫ

процесс прокурорын айқындау туралы

 

"__" ________20___ ж.                                                                                           _____________

                                                                                                                                 (жасалған орны)

_____________________________________прокуроры, №___________________қылмыстық іс (прокуратураның атауы, сыныптық шені, Т.А.Ә.)            (қылмыстық істің нөмірі)

бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабарламаны қарап,

           

АНЫҚТАДЫМ:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(құқық бұзушылықтың қысқаша фабуласы, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының Т.А.Ә.)

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жазылғандардың негізінде, ҚПК-нің193-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

 

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде 20__ жылғы «___» __________ ҚК-нің _____ бабының _____ бөлігімен тіркелген №______________ қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры ретінде  ________________________________________________________________айқындаймын (процесс прокурорының Т.А.Ә., лауазымы және прокуратураның атауы) және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ бірінші сатыдағы сотқа мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысуды тапсырамын.
      2. Осы қаулының көшірмесі қылмыстық іс материалдарына қоса тіркеу үшін ___________________________________ жолдансын.

(қылмыстық қудалау органының атауы)

 

Прокурор ___________________                                                                _________________
(прокуратураның атауы)                                  (қолы)                                                (Т.А.Ә)

 

 

 

Қылмыстық қудалаудың заңдылығын бақылауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулыққа № 4 қосымша

 

 

НЫСАН

 

ҚАУЛЫ

процесс прокурорларының тобын айқындау туралы

 

 «__» ________20___ ж.                                                                             __________________

(жасалған орны)

 _______________________________________прокуроры, №_______________қылмыстық іс

(прокуратураның атауы, сыныптық шені, Т.А.Ә.)                 (қылмыстық істің нөмірі)

бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабарламаны қарап,                                                                        

АНЫҚТАДЫМ:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(құқық бұзушылықтың қысқаша фабуласы жазылады, күдіктінің айыпталушының, сотталушының Т.А.Ә., лауазымы

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(құқық бұзушылықтың жіктемесі, осы қылмыстық іс бойынша прокурорлардың тобын анықтау қажеттігі негізделеді)

Жазылғандардың негізінде, ҚПК-нің 193-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

 

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде 20__жылы «___» __________ ҚК-нің _____ бабының _____ бөлігімен тіркелген № _________________ қылмыстық іс бойынша процесс прокурорлары ретінде _________________________________ ___________________________________________________________________айқындаймын (прокуратураның атауы, лауазымы және процесс прокурорларының Т.А.Ә.) және оларға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыруды, сондай-ақ бірінші сатыдағы сотқа мемлекеттік айыптаушылар ретінде қатысуды тапсырамын.

Топ жетекшісі ретінде___________________________тағайындаймын.

 

2. Осы қаулының көшірмесі қылмыстық іс материалдарына қоса тіркеу үшін ___________________________________________ жолдансын.

(қылмыстық қудалау органының атауы).

 

Прокурор ___________________                                                                      _______________
(прокуратураның атауы)                                (қолы)                                                (Т.А.Ә)

 

 

Қылмыстық қудалаудың заңдылығын бақылауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулыққа № 5 қосымша

 

 

НЫСАН

 

ҚАУЛЫ

процесс прокурорын ауыстыру туралы

 

«__» ________20___ ж.                                                                                   ________________

 (жасалған орны)

 

 _______________________________________прокуроры, №_______________қылмыстық іс

(прокуратураның атауы, сыныптық шені, Т.А.Ә.)                  (қылмыстық істің нөмірі)

бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабарламаны қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(құқық бұзушылықтың қысқаша фабуласы,  күдіктінің, айыпталушының, сотталушының Т.А.Ә., лауазымы жазылады)

 

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(құқық бұзушылықтың жіктемесі, осы бұйрықта көзделген негіздерге сәйкес, процесс прокурорын ауыстыру қажетігі негізделеді)

Жазылғандардың негізінде, ҚПК-нің 193-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

 

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде 20___жылы «___» ______ ҚК-нің _____ бабының _____ бөлігімен тіркелген №__________________қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры ретінде

______________________________________________________________________________(прокуратураның атауы, лауазымы және процесс прокурорының Т.А.Ә.)

_____________________________________________________________________________

(прокуратураның атауы, лауазымы және жаңа процесс прокурорының Т.А.Ә.)

ауыстырылсын және соңғысына сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыруды, сондай-ақ бірінші сатыдағы сотқа мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысуды тапсырамын.

2. Осы қаулының көшірмесі қылмыстық іс материалдарына қоса

тіркеу үшін ______________________________________ жолдансын.

            (қылмыстық қудалау органының атауы).

 

Прокурор ___________________                                            ____________________________

               (прокуратураның атауы)              (қолы)                                        (Т.А.Ә.)

 

 

Қылмыстық қудалаудың заңдылығын бақылауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулыққа № 6 қосымша

 

 

ЖТӘ бойынша келіп түскен тапсырмалар мен хабарламаларды есепке алу

ЖУРНАЛЫ

 

№р/с

Орган және бастамашының ТАӘ

ЖТӘ түрі

Сот санкциялаған күні

Прокуратураға келіп түскен күні

ЖТӘ бастау күні

ЖТӘ аяқтау күні

ҚПК __бабының тәртібінде келіп түскендер 

1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Журналды жүргізетіндер:

1) Бас прокуратурада – Қызмет;

2) облыс прокуратураларында және оларға теңестірілген прокуратураларда – қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасы;

3) қалааудандық прокуратураларда – қала немесе аудан прокуроры немесе журнал жүргізу міндеті жүктелген тұлға.

 

 

 

Қылмыстық қудалаудың заңдылығын бақылауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулыққа  № 7 қосымша

 

Талдауға жататын бағыттар тізбесі

 

Тоқсан сайын:

  1. қылмыстық процесте адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау;
  2. қылмыстық қудалаудың, соның ішінде мемлекеттік айыптаушыны қолдаудың сапасы;
  3. тергеудің жеңілдетілген формаларын қолдануды және қылмыстық процестің мерзімдерінің сақталуын қадағалау;
  4. өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және қылмыстар мен оқиғалар туралы өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу және қарау кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалау;
  5. қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін қарау, соның ішінде ҚПК 105, 106-баптары тәртібінде қарау кезіндегі заңдылықтың жай-күйі.

 

         Жарты жылдық бойынша:

  1. прокурорлық қадағалау актілерінің және оларды қараудың тиімдігі;
  2. мерзімдерді бұзу және істерді тоқтату туралы шешімдердің күшін жоюдың тиімділігі;
  3. процесс прокурорлары қатысатын істер бойынша қылмыстық қудалаудың жай-күйі;
  4. арнайы прокурорлардың өндірісінде болған қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығының жай-күйі;
  5. ұлттық қауіпсіздік органдарының өндірісінде болған қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығының жай-күйі;
  6. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің өндірісінде болған қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығының жай-күйі;
  7. ішкі істер органдарының өндірісінде болған қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығының жай-күйі;
  8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде болған қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығының жай-күйі;
  9. Қасақана адам өлтіру туралы қылмыстық істер бойынша қадағалаудың жай-күйі;
  10. төмендегілермен байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша қадағалаудың жай-күйі:

- терроризм және экстремизм;

- ұйымдасқан қылмыстық топтар;

         - есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы;

         - адамды саудаға салу.

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2018 жылғы __ ақпандағы №____бұйрығына қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

күші жойылған  бұйрықтарының

ТІЗБЕСІ

 

  1.  «Қылмыстық процесте адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын прокурорлық қадағалауды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 17 тамыздағы №46 бұйрығы;
  2.  «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы   30 наурыздағы № 50 бұйрығы, 126-1 – 126-16-тармақтарынан бөлек, олар 2018 жылғы 1 наурызға дейін қолданылады;
  3. «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 50 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 118 бұйрығы;
  4. «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 50 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 166 бұйрығы;
  5. «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 117 бұйрығы;
  6. «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 5 қазандағы бұйрығы.