Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығына өзгерістерді енгізу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қылмыстық қудалау органдарының

жұмысы туралы» № 1-Е нысанды

статистикалық есепті және оны

құрастыру Нұсқаулығын бекіту

туралы»Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2014 жылғы 1 қазандағы

№ 102 бұйрығына өзгерістерді

енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Қылмыстық
қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды есепті
және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9852 болып тіркелген,
2014 жылдың 24 қарашасында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) 2014 жылғы 1 қарашадағы № 102 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

 аталған бұйрықпен бекітілген «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е статистикалық есеп нысанда:

 «Тергеу және анықтау бөлімшелерінің негізгі көрсеткіштері»   № 1-кестесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

«Бұлтартпау шарасын таңдау бойынша тергеу
және анықтау бөлімшелерінің көрсеткіштері» № 4-кестесі осы бұйрықтың  2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрықпен бекітілген «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды есепті құрастыру бойынша Нұсқаулықта:

10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«10. «Қылмыстық қудалау органдарының негізгі көрсеткіштері»
есебінің № 1-кестесі СДТБТ-де толтырылатын ЭАЕҚ негізінде
автоматты режимде қалыптастырылады, бұл кесте
қылмыстық қудалау органдары жұмыстарының негізгі көрсеткішін белгілейді.»;

12, 13, 14, 15-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Кесте жолдары қылмыстық қудалау органдары
жұмыстарының негізгі көрсеткіштерін қамтиды, оның ішінде
есепті мерзімнің басында өндірісте тұрған істердің
қалдықтары (1-жол), өндіріске алынған істер (2-жол), есепті мерзімде
өндірісте тұрған істер саны (15-жол), электрондық форматта тағайындалды (16-жол).

13. Аяқталған қылмыстық істер туралы мәліметтер
(негізгі істер, сондай-ақ, аяқталған эпизодтар бойынша
негізгі істермен біріктірілген қылмыстық істер), оның ішінде электрондық форматтағы істер 18-40 жолдарда орналастырылады.

14. 41-жолда салдары, аймағы бойынша жолданған істер
белгіденеді, 43-жолда сотқа дейінгі тергеп тексеру мерзімдері
үзілген істер бойынша қылмыстық істер, 45-47-жолдарда
прокурор немесе анықтау органының бастығы бұйрықтық
өндірісті қолдану туралы қаулыны бекітуден бас тарту туралы
мәліметтер, 48-жолда сотқа жіберілген қылмыстық істер,
өндірістегі есепті марзімде тұрған біріктірілген қылмыстық
істер 53-жолда, 54,55-жолдарда есепті мерзімнің
соңыедағы аяқталмаған қылмыстық істердің қалдығы, оның ішінде тұлғаларға қатысты.

15. Қылмыстық қудалау органдарының тергеу әрекеттері туралы өтінішхаттары 56-83-жолдарда белгіленген.»;

16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29-тармақтары алып тасталсын.

50-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«50. «Бұлтартпау шарасын таңдау бойынша қылмыстық
қудалау органдар жұмысының көрсеткіштері» № 4 кестесі
СДТБТ-ға енгізілетін ЭАЕҚ негізінде автоматты режимде
қалыптастырылады, бұл кесте Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес бұлтартпау шарасы қолданылған ұстап алынған (соның ішінде кәмелетке толмаған тұлғалар) тұлғалар туралы мәліметтерді қамтиды.»;

52, 53, 54, 55, 56-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«52. 1-жолда оларға қатысты мынадай бұлтартпау шарасы таңдалған тұлғалар саны көрсетіледі: 2-жолда – ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат, 3-жолда – жеке кепілгерлік, 4-жолда – әскери қызметшіні әскери бөлім қолбасшылығының байқауда ұстауына беру, 5-жолда – кәмелетке толмаған тұлғаны қарауға ұстауға беру, 6-жолда – кепіл, 7-жолда – үйде қамау және 8-жолда – күзетпен ұстау.

53. 1-8-жолдардағы мәліметтер тұлғаға процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылғаны-қолданылмағанына байланыссыз бейнеленеді (бір тұлғаға қатысты таңдалған барлық бұлтартпау, соның ішінде қайталама шаралары ескеріледі).

54. 9-дан 60-ға дейінгі жолдардың қалыптасуы бастапқы қабылданған шешім бойынша ұсталған тұлғалар туралы мәліметтер белгіленеді (ұсталған мерзімдерін қоспағанда).»;

55. 61-71-жолдар қылмыстық қудалау органдары жіберген «күзетпен ұстау», «үйде қамауда ұстау», «кепіл» ретінде бұлтартпау шараларын тағайындау туралы қылмыстық қудалау органдары жолдаған мәліметтер 61-71 жолдарында белгіленген.

56. Аяқталған қылмыстық істер бойынша күзетпен қамауда
ұсталған тұлғалар, оларды ұстау мерзімдері бойынша бөлініп 72-76

жолдарда белгіленген. Деректердің көрсеткіштерін есепке алу
ЭАЕҚ бойынша жүргізіледі, онда сотқа жіберу туралы шешім көрсетіледі,
және тұлғаға қатысты күзетпен ұстау ретінде бұлтартпау шарасы тағайындалған, сондай-ақ, аталған тұлғабойынша соңғы қабылданған шешім ескеріледі.

77-82 жолдарда аяқталмаған істер бойынша күзетпен ұсталған адамдардың саны белгіленеді.»;

57, 58,59-тармақтар алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік
он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде
қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына»
ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;

3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алу мүдделі субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін жолдануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының    

Бас Прокуроры                                                                                    Қ. Қожамжаров

 

ТіркемеКөлем
File prilozheniya_1_2_kaz.docx63.62 KB
File proekt_1-e_kaz.docx27.39 KB