«Қылмыстық істер және жазаларды орындау бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі прокурордың жұмысы туралы» № 2 нысанды есепті, № 5.0, 5.1 нысанды электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бе

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

«Қылмыстық істер және жазаларды

орындау бойынша сот актілерінің

заңдылығын қадағалау жөніндегі

прокурордың жұмысы туралы»

№ 2 нысанды есепті, № 5.0, 5.1 нысанды

электрондық ақпараттық есепке алу

құжаттарын және оның құрылуы жөніндегі

Нұсқаулықты бекіту туралы

 

Прокурорлық есептілік нысандарын жетілдіру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының қатысуымен өткен 2018 жылғы 19 наурыздағы № 12 аппарат жиналысының хаттамасының  4.1-тармағына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының    2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық істер және жазаларды орындау бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі прокурордың жұмысы туралы» № 2-нысанды есеп;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Бірінші, апелляциялық және кассациялық саты соттарындағы қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі прокурордың жұмысы туралы электронды ақпараттық есепке алу құжаты» № 5.0 нысаны; 

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Үкімдерді орындаудың, адамдарды алдын ала қамау орындарында ұстаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі прокурордың жұмысы туралы электронды ақпараттық есепке алу құжаты» 5.1 нысаны.

2. «Қылмыстық істер және жазаны орындау бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі прокурордың жұмысы туралы» № 2 нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 3 мамырдағы № 90 бұйрығының күші жойылсын.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-жиелісінде осы бұйрықты орналастыру;

2) осы бұйрықты Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелеріне, облыс оларға теңестірілген прокуратураларына (Қазақстан Республикасы  республикалық маңызы бар және астана қалаларының прокурорларына, бас әскери және көлік прокуратураларына) және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

4. Осы  бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры                                                                                            Қ. Қожамжаров