Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар,

сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы» № 3-К нысанды есепті және оны қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 125 бұйрығына

өзгеріс енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы» № 3-К нысанды есепті және оны қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы
14 шілдедегі № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14126 санымен тіркелген, 2016 жылғы 1 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

«Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы» № 3-К нысанды есеп осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жана редакцияда жазылсын. 

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамамен бекітілген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды; 

4) осы бұйрықты мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік  он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                  

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры                                                                                 Қ. Қожамжаров                                                                                                        

 

 

 

 

ТіркемеКөлем
File Қосымша188.08 KB