Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мұрағаттық жұмыс бөлімшелерімен тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 6-бабы 12-6) тармақшасына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы заңының 37-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мұрағаттық жұмыс бөлімшелерімен тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау, және беру бойынша қоса беріліп отырған нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (әрі қарай – Комитет):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жаиялау және енгізу үшін жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты орындау үшiн мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiне және Комитеттiң аумақтық органдарына орындау үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.        

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының м.а.                                                                         Е. Кененбаев

 

 

ТіркемеКөлем
Microsoft Office document icon akt_1.doc35 KB
Microsoft Office document icon akt_2.doc40 KB
Microsoft Office document icon instrukciya.doc91.5 KB