Бірлескен бұйрық "Автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметті тәжірибелі пайдалануға енгізу туралы "

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы

 

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

 

2018 жылғы «__»_________

№________

 

   2018 жылғы «__»_________

    №________

Астана қаласы

 

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

                                                                       

Автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметті тәжірибелі

пайдалануға енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен (бұдан әрі – Комитет) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 4) тармақшасы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»                      Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. 2018 жылғы 28 қыркүйектен бастап тиісті нормативтік құқықтық актіні қабылданғанға дейін «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер беру» автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметті тәжірибелі пайдалануға енгізсін.
  2. Комитет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментімен бірлесіп:

2.1. 2018 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрімен бекітілген «Қазақстан Республикасы            Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың ерекшеліктеріне сәйкес пилоттық аймақта (Қазақстан Республикасы) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің пайдаланылуын қамтамасыз етсін;

         2.2. мемлекеттік көрсетілетін қызметті тәжірибелі пайдалану барысында оның жұмыс істеуінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдасын;

2.3. 2018 жылғы 28 қыркүйекке дейін автоматтандырылған мемлекеттік қызметті көрсету бойынша баспасөз-хабарламасын, инфографиканы дайындасын және оларды «eGov» электронды үкімет порталында, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ведомстволық сайттарында орналастырсын.

  1. Комитет осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін мүдделі мемлекеттік органдарға және Комитетің аумақтық органдарына жолдауды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау                             Комитет Төрағасына және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
  3. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
 
 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

                                                          

             Қазақстан Республикасының

             Ақпарат коммуникациялар                  және министрі

      

_____________ Қ. Қожамжаров

                                         

2018 жылғы «___»__________

             _______________Д. Абаев

 

             2018 жылғы «___»__________

 

                                                         

 

ТіркемеКөлем
PDF icon Бұйрық1.46 MB