Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер мен жетонды беру, пайдалану қағидалары және олардың сипаттамасы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы «25» тамыздағы № 88
бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер мен жетонды беру, пайдалану қағидалары және олардың сипаттамасы

 

1 Тарау. Жалпы ережелер

 

         1. Осы Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер мен жетонды беру, пайдалану қағидалары және олардың сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне (бұдан әрі – әскери қызметшілер) қызметтік куәліктер мен жетонды беру, пайдалану тәртібін және олардың сипаттамасын анықтайды.

          2. Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдары әскери қызметшісінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) тұлғаның Қазақстан Республикасының әскери прокуратура органдарына тиесілігін, оның лауазымын және әскери атағын, атыс қаруы мен арнаулы құралдарды алып жүруге құқығын белгілейтін ресми құжат болып табылады.

          3. Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдары әскери қызметшісінің жетоны (бұдан әрі – жетон) оның жеке тұлғасын және қызметтік міндеттерін орындау бойынша өкілеттігін растайтын арнаулы жеке нөмірлік белгісі болып табылады.

         4. Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдары әскери қызметшісінің қызметтік куәлігі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы сипаттамаға сай келеді.

         5. Жетон осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдары әскери қызметшісінің жетоны сипаттамасына сай әзірленеді.

 

 

2. Тарау. Қызметтік куәліктер мен жетонды беру тәртібі

 

6. Қызметтік куәлік:

1)       Бас Прокурордың қолы қойылып Бас әскери прокурорға;

2)       Бас әскери прокурордың қолы қойылып әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне беріледі.

         7. Қызметтік куәлік қатаң есептіліктегі құжат, ол әскери қызметшіге лауазымға тағайындалғанда, қызметі бойынша ауысқанда, әскери атақ алғанда, тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) өзгерген, жарамдылық мерзімі аяқталған, жоғалтылған, бүлінген кезде жеке өзіне қолхат арқылы беріледі.

         8. Қызметтік куәліктерді беру және тапсыруды есепке алу Бас әскери прокуратураның кадр қызметімен (бұдан әрі – кадр қызметі) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысандағы Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдары әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктерді беру және тапсыру кітабында (бұдан әрі – Кітап) жүзеге асырылады.

         9. Әскери прокуратура органдарына алғаш қабылданған әскери қызметшіге қызметтік куәлік пен жетонды беру кезінде кадр қызметі оларды пайдалану және сақтау туралы Кітапта белгі жасай отырып нұсқама жүргізеді.

         10. Қызметтік куәлік үш жыл мерзімге беріледі. Қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін қызметтік куәлік ауыстырылуы тиіс. Жетон Қазақстан Республикасының әскери прокуратура органдарында әскери қызмет өткерудің барлық уақытына беріледі.

         11. Жетонда көрсетілген нөмір әскери прокуратура органдары әскери қызметшісінің жеке нөмірі болып табылады және оның қызметтік куәлігіндегі нөмірге сәйкес келеді.

         12. Қызмет бабы бойынша ауысуда, әскери атақ беруде, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) өзгергенде, қолдану мерзімі аяқталған уақытта бұрын берілген қызметтік куәлік оны есептен шығару және одан кейін жою үшін үш жұмыс күні ішінде кадр қызметіне қайтарылуы керек. Қызметтік куәлікті ауыстыру кезеңінде кадр қызметі қолдану мерзімі бес жұмыс күнінен аспайтын қызмет орнын және лауазымын растайтын анықтама (еркін нысанда) береді.

         13. Әскери прокуратура органдарынан шығарылған не Қазақстан Республикасының басқа құқық қорғау және мемлекеттік органдарына ауыстырылған, іссапарға жіберілген кезде әскери қызметші қызметтік куәлік пен жетонды кадр қызметіне Бас әскери прокурордың тиісті бұйрығымен танысқан күні тапсырады.

         14. Жүктілігі, балаға күтім жасау бойынша не ұзақ оқу демалысы (3 айдан артық) мерзімінде әскери қызметші қызметтік куәлік пен жетонды кадр қызметіне Бас әскери прокурордың тиісті бұйрығымен танысқан күні сақтауға тапсырады.

         15. Оған қатысты күдікті немесе айыпталушы ретінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілетін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілген әскери қызметші қызметтік куәлігі мен жетонын қорытынды процессуалдық шешім шыққанға және ол заңды күшіне енгенге дейін кадр қызметіне сақтауға тапсырады.

         16. Әскери қызметшінің қызметтік куәлік пен жетонды кадр қызметіне уақытылы тапсыруын бақылауды оның тікелей бастығы жүзеге асырады. Қызметтік куәліктер мен жетонды толтыру, ресімдеу, есепке алу, беруді жалпы бақылауды кадр қызметінің бастығы жүргізеді.

         17. Қызметтік куәлігі мен жетоны жоғалған немесе олар пайдалануға жарамсыз болған жағдайда әскери қызметші ол туралы Бас әскери прокурордың атына және кадр қызметіне жазбаша (еркін нысанда) баяндайды.

         18. Қызметтік куәлікті және (не) жетонын жоғалтқан адам он жұмыс күні ішінде мерзімді басылымдық бұқаралық ақпарат құралдарында қызметтік куәлік пен жетонды жарамсыз деп жариялау үшін шаралар қабылдайды.

         19. Қызметтік куәлікті және (немесе) жетонды тиісті сақтамаудың нәтижесінде жоғалтудың, бүлдірудің, сонымен қатар оларды басқа адамдарға берудің не жеке қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір дерегі бойынша кадр қызметі немесе ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшесімен сол адамның тәртіптік жауаптылығын шешу үшін қызметтік тергеу жүргізіледі.

         20. Жоғалған немесе жарамсыз қызметтік куәліктің және (немесе) жетонның орнына жаңасын кадр қызметі қызметтік тергеу жүргізілген соң және (кінәлі жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда) жетонның құны өтелген соң береді.

         21. Қызметтен шығу, жаңа лауазымға тағайындалу, бүлдіру не мерзімі аяқталған кезде тапсырылған қызметтік куәліктер еркін нысанда жою туралы акті жасалып комиссиямен жойылады. Комиссия Бас әскери прокурордың бұйрығымен кадр қызметінің өкілін қоса алғанда кемінде үш адамнан тұратын құрамда құрылады.

 

3 Тарау. Қызметтік куәлік пен жетонды пайдалану

 

         22. Әскери қызметшілер қызметтік міндеттерін атқару кезінде өздерімен бірге қызметтік куәлік пен жетонды алып жүреді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

         23. Атқаратын міндеттерге байланысты жетон нысандық киімге бекітіледі немесе қажет болған жағдайда қызметтік куәлікпен бірге көрсетіледі.

         24. Қызметтік куәлікті және (немесе) жетонды басқа адамдарға беруге, қызметтен тыс уақытта, пайдакүнемдік мақсатта, жеке қызметтік емес және әлеуметтік-тұрмыстық сұрақтар шешу үшін пайдалануға болмайды. Жарамсыз қызметтік куәліктерді пайдалануға жол берілмейді. Әскери қызметшінің қызметтік куәлік пен жетонды пайдалану, сақтау тәртібін бұзуы, оның ішінде оларды жоғалтуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

4 Тарау. Қызметтік куәлік және жетонның сипаттамасы

 

          25. Әскери қызметшінің қызметтік куәлігінің мұқабасы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес күрең қызыл түсті жоғары сапалы былғарыдан жасалады. Ашылған күйінде қызметтік куәліктің өлшемі 70x210 милиметр.

          Куәлік мұқабасының беткі жағының ортасында ыстық өрнектеуге арналған алтын жұқалтырмен салынған алтын жалатқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленеді, төменгі жағында -
мемлекеттік тілде алтын түстес әріппен «БАС ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА» жазбасы орналастырылады.

          Қызметтік куәліктің сол жақ және оң жақ ішкі бөлігі понтпнды бояумен боялған жаундығы 0,04 мм аспайтын жіңішке қайталанбайтын сызықтардан тұратын тангирлі тор бейнеленіп көгілдір түсте жасалған және понтанды бояумен, сондай-ақультракүлгін көмескі жарықта айқын жарқырайтын қасиетке ие  көрінбейтін арнайы бояумен боялған жуандығы 0,03 мм-ден бастап 0,04 мм-ден артық емес шағын сызықтармен жасалған Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының эмблемасы жасалған.

           Қызметтік куәліктің ішкі сол жақ бетінде жоғары бөлігінде қызыл түспен мемлекеттік тілде жазылған «БАС ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА» мәтіні орналастырылады.

Мемлекеттік тілдегі қызыл түсті мәтіннің астында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген қызыл түсті және ұлттық ою салынған шағын мәтін орналасқан.

 «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» шағын мәтінінің астында сол жағында 30x40 мм өлшемдегі әскери қызметшінің түрлі-түсті фотосуреті (анфас) орналасқан.

  Әскери қызметші фотосуретке күнделікті киетін нысанды киімде (китель,ашық жусан түсті жейде, галстук) бас киімсіз ақ фонда, ордендік планкаларымен және білімі туралы белгілермен түсуі тиіс. Погондардағы айырмашылық белгілері қызметтік куәлікті толтыру күніне берілген әскери атағына сәйкес болуы тиіс.

  Сол жақ бөлігінің ортасында қызыл түспен жазылған «№ ___КУӘЛІК» деген жазу орналасқан, оның астында қара түспен мемлекеттік тілде әскери қызметшінің әскери атағы, тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда) және атқаратын лауазымы көрсетіледі. Қызметтік куәліктің нөмірі қара түспен басылады.

  Төменгі бөлігінде мемлекеттік тілде қызметтік куәліктің берілген күні және қолдану мерзімі көрсетіледі:

«Берілген күні: 00.00.0000 ж.»;

«00.00.0000 ж. дейін жарамды».

Қызметтік куәлікті беру күнінің және қолдану мерзімінің астында төменгі жағында лауазымды тұлғаның аты-жөнінің бас әріптері және тегі көрсетіліп:            «Бас әскери прокурор» жазуы орналасады.

Қызметтік куәлікке лауазымды тұлға қол қойғаннан кейін фотосуреттің оң жақ төменгі бұрышында Бас әскери прокуратураның елтаңбалы мөрінің баспа-таңбасы қойылады, оның жоғарғы жағында диаметрі 15 мм Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген өздігінен жабысатын дөңгелек голографиялық жапсырма пайдаланылады.

Қызметтік куәліктің оң жақ ішкі бетінің жоғары бөлігінде орыс тілінде қызыл түспен «ГЛАВНАЯ ВОЕННАЯ ПРОКУРАТУРА» мәтіні орналасады.

Орыс тіліндегі қызыл түсті мәтіннің астында қызыл түсті және ұлттық ою салынған «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген шағын мәтін орналасқан.

Сол жақ бөлігінде шағын сызықтардан тікбұрышта ҚР СТ 989-2008 МЕМСТ-ге сәйкес жасалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы (конгревті көтеру), сондай-ақ сығып шығару арқылы жасалған (конгревті көтеру) тікбұрышты рамка бойынан өтетін «ҚР БП – ГП РК» мәтіні орналасқан.

 Оң жақ бөлігінің ортасында қызыл түспен жазылған «№ ___КУӘЛІК» деген жазу орналасқан, оның астында қара түспен орыс тілінде әскери қызметшінің әскери атағы, тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда), атқаратын лауазымы және оның жетон нөмсіріне сәйкес келетін жеке нөмірі көрсетіледі. Жеке нөмірі және қызметтік куәліктің нөмірі қара түспен басылады.

Ортасында төменгі бөлігінде орыс тілінде қызыл графикалық рамкада жасалған «РАЗРЕШЕНО НОШЕНИЕ И ХРАНЕНИЕ ОГНЕСТРЕЛЬНОГО ОРУЖИЯ, СПЕЦИАЛЬНЫХ СРЕДСТВ» деген мәтін орналасқан.

Мәтіннің астында сол жақ төменгі бұрышында:

«РҰҚСАТ»;

«ДОПУСК» деген жазуы бар мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеу рұқсат нөмірі орналасады.

Мәтіннің оң жағында төменгі бұрышында әскери прокуратура органдарының «09» индексі,  және типографиялық тәсілмен , қызыл түсті әріппен басылған қызметтік куәліктің алты таңбалы сериялық «№  » бар.

Қол қойылғаннан кейін сол және оң жақ ішкі бөліктері электронды-сәулелі литография пайдаланып жасалған оптикалық дифракциялық тордан тұратын түрлі-түсті голограмма болып табылатын өлшемі 210x80 мм ламинациялық голографиялық үлдірмен ламинатталады.

 

Қазақстан Республикасы

әскери прокуратура органдарының

әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер

мен жетонды беру, пайдалану қағидалары және олардың сипаттамасына 1-қосымша

 

нысан

 

 

Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдары әскери қызметшісінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

Қазақстан Республикасы

әскери прокуратура органдарының

әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер

мен жетонды беру, пайдалану қағидалары

және олардың сипаттамасына 2-қосымша

 

нысан

 

Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдары

әскери қызметшісінің жетонының сипаттамасы

 

 

Қазақстан Республикасы

әскери прокуратура органдарының

әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер

мен жетонды беру, пайдалану қағидалары

және олардың сипаттамасына 3-қосымша

 

нысан

 

 

Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдары әскери қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беру және тапсыруды есепке алу Кітабы

 

Қызметтік куәлік №

Фотосуреті

Әскери атағы.

А.Ж.Т.

Лауазымы

 

Беру күні-қолдану мерзімі

Бланк №

Алғандығы туралы қолы

Рұқсат № , күні

Қайтару күні, себебі

Жою № , күні

Ескерту