Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер мен жетонды беру, пайдалану қағидаларын және олардың сипаттамасын бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы әскери
прокуратура органдарының әскери
қызметшілеріне қызметтік куәліктер мен
жетонды беру, пайдалану қағидаларын
және олардың сипаттамасын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы  «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы 5-бабының  7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.Қоса берілген Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілеріне қызметтік куәліктер мен жетонды беру, пайдалану қағидалары және олардың сипаттамасы бекітілсін.

2.Бас әскери прокуратура:

1)осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жолдауды;

3)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас әскери прокурорға жүктелсін.

4.Осы бұйрық лауазымды тұлғаларға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік      он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры                                                                                        

  Ж. Асанов