Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бұйрықтарының өзектілігін қайта қарау мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер енгізілетін бұйрықтар тізімі бекітілсін.

  2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшесі осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  3. Осы бұйрық облыс прокурорларына және оларға теңестірілгендерге жолдансын.

  4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының 2017 жылғы «__»
қыркүйектегі № ___
бұйрығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер
енгізілетін бұйрықтар тізімі

1. «1997 жылдың 4 қазанындағы «Байқоныр» кешені аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылдары туралы келісімді іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 3 қарашадағы № 65 бұйрығында:

1-тармақта:

бірінші абзац мына редакцияда баяндалсын:

«1. Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының прокурорына өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Келісімді іске асыруға уәкілеттік берілсін және мына мәселелерді қарауды қоса алғанда, Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің аумағында прокурорлық қадағалауды жүзеге асырсын:»;

1) тармақша мына редакцияда баяндалсын:

«1) Қазақстан Республикасы азаматтарына, шетелдіктер мен Қазақстан Республикасы аумағында («Байқоңыр» кешені аумағынан басқа) тұрақты тұрмайтын азаматтығы жоқ адамдарға қатысты ресей тарапынан берілген қылмыстық істер мен материалдарды қабылдау және тергеуге алуын анықтау, сондай-ақ тиісті адамдарды қабылдау»;

3) тармақшаның бірінші абзацы мына редакцияда баяндалсын:

«Қазақстан Республикасы аймағына немесе сол арқылы Ресей Федерациясы азаматтарын, шетелдіктер мен Ресей Федерациясы аумағында және (немесе) «Байқоңыр» кешені аумағында тұрақты тұрмайтын азаматтығы жоқ адамдарды айдауылдау мен этаптау;»;

2-тармақ мына редакцияда баяндалсын:

«Қылмыстық істер мен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы сұрау салуларды, «Байқоңыр» кешеніндегі Ресей Федерациясының құзыретті органдарының сұрау салуы бойынша орындалған материалдарды уәкілетті тұлғаның қолы қойылып, тиісті органның мөрімен растай отырып жолдансын.»;

5-7тармақтар мына редакцияда баяндалсын:

«5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшесі, Қызылорда облысының прокуроры Байқоңыр қаласы прокурорының осы бұйрықпен оған жүктелген міндеттерін орындау кезінде халықаралық шарттарды және құқықтық актілерді сақтауына тиісті қадағалауды қамтамасыз етсін.

6. Келісімді іске асыру мәселелері бойынша қызметті үйлестіру Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшесіне жүктелсін.

7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;

2. «Қылмыстық сот өндірісіне қатысушыларды қорғау туралы Келісімнің ережелерін орындауға уәкілетті аумақтық прокуратуралар тізбелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2008 жылғы 23 қазандағы № 62 бұйрығында:

кіріспе мына редакцияда баяндалсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2006 жылғы 28 қарашадағы Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушыларды қорғау туралы келісімді іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2008 жылғы 26 қыркүйектегі № 889 қаулысының 2-тармағын жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:»;

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2008 жылғы 23 қарашадағы № 62 бұйрығына 1 Қосымшада:

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 маусымдағы заңымен ратификацияланған Қылмыстық сот өндірісіне қатысушыларды қорғау туралы Келісімнің ережелерін орындауға уәкілетті, Қазақстан Республикасының прокуратурасының тізбесінде:

19-тармақ мына редакцияда баяндалсын:

«19. Бас көлік прокуратурасы.»;

20 және 21-тармақтары алып тасталсын;

3. «ТМД-на қатысушылардың бас прокуратураларының адам саудасына, адамның органдары мен талшықтары саудасына қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді іске асыру бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 92 бұйрығында:

кіріспе мына редакцияда баяндалсын:

«2009 жылғы 3 желтоқсанда Астанада жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушылардың бас прокуратураларының адам саудасына, адамның органдары мен талшықтары саудасына қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді іске асыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:»;

3-тармақ мына редакцияда баяндалсын:

«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.».

____________

 

 

ТіркемеКөлем
File Қосымша20.47 KB