«Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М нысанды есепті және оны қалыптастыру және құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 тамыздағы № 140 бұйрығына өзгерістер енгізу турал

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Тіркелген қылмыстық құқық

бұзушылықтар туралы»

№ 1-М нысанды есепті және

оны қалыптастыру және

құрастыру жөніндегі

Нұсқаулықты бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының 2016 жылғы

29 тамыздағы № 140 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы   

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М нысанды есепті және оны қалыптастыру және құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының  2016 жылғы 29 тамыздағы № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14301 санымен тіркелген,          2016 жылы 28 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген «Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М нысанды есепте:

есептің 1-тарауы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

есептің 2-тарауы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

есептің 6-тарауы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

1, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшалары осы бұйрықтың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрықпен бекітілген «Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М нысанды есепті құрастыру және қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықта:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Комитеттің аумақтық басқармалары орталық аппаратқа жүктеген СДТБТ мәліметтері негізінде Комитет тұтастай республика бойынша жиынтық есеп және өңірлер бойынша, сондай-ақ тұтастай республика бойынша қылмыстық қудалау органдары бойынша есептерді құрастырады.

Комитет жиынтық есепті және әрбір қылмыстық қудалау органы бойынша есептерді құқықтық статистиканың мүдделі субъектілеріне, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бөлімшелеріне есептік кезеңнен кейінгі айдың 4-күніне олардың ресми электрондық мекенжайларына электрондық форматта ұсынады.

Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне келмесе (демалыс, мереке күндері), онда мерзімнің соңғы күні болып одан кейінгі бірінші жұмыс күні есептеледі.

Белгіленген уақытта қалыптастырылған (статистикалық кесім) бекітілген есепке түзетулер енгізуге жол берілмейді.».

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жолдануын;

3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) орындау үшін осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алу мүдделі субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына жіберлуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры                                                                        Қ. Қожамжаров

 

ТіркемеКөлем
Microsoft Office document icon prilozhenie_otchet_kaz.doc823.5 KB