You are here

Келісім өндірісінде қаралатын қылмыстық істердің басымдықтары

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Равиль Мажитов,

Бас прокуратураның 10-шы Департаменті

басқармасының прокуроры

Қылмыстық-процестік кодекстің жаңа редакциясында қылмыстарды тергеудің барысын жеңілдету және тездетуге бағытталған көптеген жаңашылықтар қарастырлып, алғаш рет процестік келісім институты енгізілді.

ҚПК-де процестік келісімді жасауға сотқа дейінгі тергеуден бастап келісімді жасаудың шарттарын, салдарын, тәртібін және т.б. барлық процестік мәселелерді қамти отырып, 13-бөлім және 63-тарау арналған.

ҚПК-де процестік келісім қылмыс ашылып, тараптар айыптаудың көлемімен және жазаның мөлшерімен келіскен ретте іс бойынша өндірісті аяқтаудың бір нысаны ретінде қарастырылады.

Бұл институт қылмыстық процестің міндеттерін орындау мақсатында процессуалдық мерзім мен шығындарды айтарлықтай қысқартуға бағытталған. Сотта аталған санаттағы қылмыстық істерді қарау аз уақыт алады және оған тек сотталушы мен прокурор қатысады.

Процестік келісім кінәні мойындау туралы мәміле және ынтымақтастық туралы келісім нысандарында өтінішхат келіп түскен ретте прокурор мен күдіктінің арасында жасалады.

Күдіктілерді процестік келісім жасауға итермелейтін негізгі себептер ретінде істің жеңілдетілген тәртіппен қаралуы, қылмыстың жасалуы мен іс бойынша шешімнің қабылдану аралығындағы және кейін сот актісінің орындалу мерзімінің қысқартылуы болып табылады. Қылмыс жасаған тұлғаның өз кінәсін мойындауы қылмыстық қудалау органдарының айыптауды дәлелдеудегі қызметін жеңілдетеді, өйткені кінәсін мойындаған соң күдікті жасалған қылмыстың барлық мән-жайын, жасаудың себебі мен мақсатын ашады, заттай дәлелдерді, қылмыс заттарын ерікті түрде береді.

Сонымен қатар келісімнің ең тиімді басымдығы – күдіктіге тағайындалатын жаза мерзімі, яғни, қылмыстық заң бойынша тиісті бабында көзделген мөлшерінің жартысынан аспауы болып табылады.      

Кінәні мойындау туралы мәміле жасаудан жәбірленуші де ұтады, себебі ол үшін қылмыспен келтірілген залалдың өтемақысын неғұрлым тезірек алу маңызды болып табылады.

2015 жылы республиканың соттарымен келісім өндірісінде 3020 қылмыстық іс қаралды.

Бұл қылмыстық істер бойынша барлығы 2293 айыптау үкімі шығарылып, 2622 тұлға сотталды. Қалған 468 тұлғаға қатысты 398 қылмыстық іс жәбірленушілермен татуласуға байланысты қысқартылды.

Аталған қылмыстық істерді талдау барысы жаңа институттың артықшылығын анық көрсетті. Ол бюрократиялық қол байлаушылықты төмендетіп, уақыт пен қаражатты үнемдейді.

Сонымен бірге Қылмыстық-процестік кодекстің 612-бабына сәйкес кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім – онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша жасалады. Аса ауыр санаттағы қылмыстар бойынша (адам өлтіру, көрінеу жас балаға қатысты жасалған зорлау, сексуалдық сипаттағы зорлық зомбылық, экстремистік және террористік т.б. қылмыстары) кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалмайды.

Кінәні мойындау туралы мәміле АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан, Италия, Франция, Эстония, Израиль, Грузия, Украина, Ресей сынды елдерде бар.

Әзірлеушілер ТМД және шалғай елдердің тәжірибелерін зерделеп, аталмыш институтты енгізудің орынды екендігі туралы қорытындыға келді.

Мәселен, Грузияның ҚПК қылмыстық істі мәні бойынша сотпен қараусыз ақ, процестік келісімнің негізінде үкімді шығару мүмкіндігін көздеген. Мәміле жасау туралы ұсыныс айыпталушымен қатар прокурордың да тарапынан болуы мүмкін. Істі қарау барысында сот тараптарға процестік келісімді жасауды ұсынуға құқылы. Келісімнің негізі кінәні мойындау туралы немесе жазалау туралы келісімге қол жеткізу болып табылады.

Ресейде жазаның мөлшері 10 жылдан аспаған ретте, сот өндірісінің ерекше тәртібі бар. Атап айтқанда, сот өндірісінің ерекше тәртібі бітімдік соттарда 47%-ды, аудандық соттарда 36%-ды және облыстық соттарда 9%-ды құрайды. 2009 жылы Ресейде сотқа дейінгі келісім енгізілді. Тарап прокурорға, ал прокурор соттың алдында құқық қорғау органдарымен өзара ынтымақтастығы туралы өтінімді білдіреді.

Италияда келісімге тек ұсақ істер бойынша ғана жол беріледі. АҚШ-та келісім тек ірі істер бойынша жүзеге асырылады.

Испанияда келісім институты жоқ, алайда оның элементтері кездеседі. Жаза мерзімдері 3 және 6 жылдан аспайтын қылмыстар жасалған және айыпталушы өз кінәсін мойындаған ретте, олардың арасындағы өзара, прокурор мен соттың келісімі бойынша жаза мерзімі норма санкциясының 1/3-нен аспауы қажет.

Жалпы қазіргі таңда, процестік келісім жаңа институты қылмыстық процесті жеңілдету әрі тездетудегі өзінің басымдықтарын көрсетті. Мұндай істер әдетте сотқа жәбірленушіні, куәлерді және т.б. шақырмай-ақ, бір күнде қаралады. Бұл істер бойынша әлі де бір де бір үкімге шағым жасалған жоқ, өйткені кінәлі тұлғалар келісіммен сөз байласқан жазаларын алды. 

Талдау көрсеткендей, келісім өндірісінде қылмыстық істердің қаралуын реттейтін жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстердің нормалары өздерінің құқықтық қолданылуын тапты.

Оларды жасау тәртібі және соттарда істердің қаралу рәсімі ұсынылған талаптарға жауап береді.

 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.