You are here

Қарағанды облысының прокуратурасы қолданған шаралардың нәтижесінде кәсіпорындар 6 мыңнан астам жұмыскерлердің 0,5 млрд. теңге сомасындағы жалақы берешектерін төледі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

2015 жылы прокурорлық қадағалау шараларымен 463 млн. теңге сомасындағы жалақы берешектері төленіп, 6 мыңнан астам жұмыскерлердің еңбек құқықтары қорғалды.

Мысалы, Теміртау қ. прокуратурасының «Теміртау электрометаллургия комбинаты» АҚ басшылығының атына шығарған ұйғарымы бойынша 1,5 мың жұмыскерлерге 53 млн. теңгеден астам сома құрайтын жалақы берешектері төленген.

2016 ж. 300 жұмыскерлерге 15 млн. теңгеден астам жалақы бойынша берешектер төленді.

Атап айтқанда, «Жезқазған музыкалық колледжі» КМК-ны 4 млн. теңгеден астам берешектерді толық төледі.

7 кәсіпорын берешектерін ішінара аударды.

Проблемалы кәсіпорындардың жалақы бойынша берешектері екі есеге азайды (2015 жылдың басындағы 154 млн. теңгеден жыл соңында 74 млн. теңгеге дейін).

Прокуратура уәкілетті органдардың іс-қимылдарын үйлестіру жолымен,  жұысын тоқтатқан «TROY Tech» ЖШС-нің 120 жұмыскерлеріне 37 млн. теңге сомасынан астам жалақы берешектерін төлеуін қамтамасыз етті (3 жыл бойы жұмыскерлеріне қарыз болып келген).

Жалақы бойынша берешектері бар банкрот-кәсіпорындармен де тиісті жұмыстар өткізілуде.

Әр кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасалып, жалақыны уақытында және толық көлемде төлеуге кедергі келтіріп тұрған мән-жайлар анықталды.

Жұмыс кеңестерінде аталған кәсіпорындарға мониторинг жүргізіп, туындайтын өзекті мәселелерді талқылау 2015 ж. 4-тоқсанында 3 проблемалы банкрот-кәсіпорынның жұмыскерлерге берешектерін төлетуге мүмкіндік берді («Болат» ЖШС 37,6 млн. теңге сомасында 75 жұмыскерге, «ИНВЕСТКОМ – 2030» ЖШС 0,3 млн. теңге сомасында 1 жұмыскерге, «Сараньрезинотехника» ЖШС 0,7 млн. теңге сомасында 1 жұмыскерге).

Еңбек заңнамасы саласында 2015 жылы және 2016 жылдың қаралып отырған кезеңінде 108 прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, олар бойынша 31 лауазымды тұлға тәртіптік, 18 тұлға әкімшілік жауапкершілік тартылды.

Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.