You are here

Бас прокуратураның 2-Департаментінің бастығы Құсайын Игембаевтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында сөйлеген сөзі (2015 жылғы 15 шілде)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ана мен баланы қорғау мәселесі елімізде басым бағыттардың бірі болып табылады, сондықтан оларға қатысты қандай да болмасын зорлық-зомбылықтың жолын қатаң түрде кесу – мемлекетіміздің осы мәселедегі кепілдігі. Оған біздің жаңа Қылмыстық кодексте бұл қылмыстарға қатысты жазаны күшейту бойынша бағытталған шаралар куә.

*****

Біз Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысына дайындық кезінде Андрей Николаевич айтып өткендей, бұл қылмыстарды жасауға ықпал еткен негізгі мән-жайларды анықтап, талдау жасадық.

Өкінішке орай, жыныстық зорлау қылмыстарының бүгінгі күнгі статистикасы, барлық құзырлы органдар тарапынан аталған қылмыстарды ашу, тергеу және оның алдын алу бойынша жасап жатқан шаралардың тиімді жүргізілмей отырғанын көрсетті.    

Жүйелі түрде жұмыс жасаудың, мүдделі және құзырлы органдар арасында жеткілікті дәрежеде тиісті қарым-қатынастың жоқтығы орын алған.

Бүгін кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлау қылмыстарының өсуі ерекше алаңдатушылық тудыруда.

Оларға қатысты мұндай қылмыстардың саны 2010 жылдан бері екі есеге өскен (2010 ж. – 491 қылмыс), 2014 жылы 943 қылмысты құраған. 

Үстіміздегі жылдың 6 ай қортындысы бойынша жеті жүзден астам қылмыс тіркелген (726),ол былтырғы жылмен салыстырғанда 50% өскен (485).

Өкінішке орай, талдау барысында көптеген заң бұзушылықтар, қылмыстық істерді жан-жақты, толық тергемеу және созбалаңдыққа салу оқиғалары анықталған. Бұл деректер арыздарды қабылдау және тіркеу кезеңінен бастау алған,сонымен бірге аталған қылмыстарды есептен жасыру оқиғалары да тіркелген.

Бұдан басқа, осы қылмыстарды тергеу барысында моральдық-этикалық және психологиялық мән-жайлардың ескерілмейтіні анықталды. Жәбірленушінің осы қылмыс жасалғаннан кейін, өзіне жаман ат келуден қорқуы көбінесе бұл қылмыстардың жасырын сипатқа ие болуына алып келеді, себебі жәбірленушілер аталған мән-жайларға байланысты құқық қорғау органдарына жүгінуден бас тартады.   

Сонымен қатар, бұл қылмыстарды ашу төмендігінің бірден-бір себебі алғашқы тергеу әрекеттерінің сапасыз жүргізілуі екені анықталды.   

Яғни, бүгін бұл кемшіліктерді жою үшін ведомствалық бақылау сапасын арттырып, прокурорлық қадағалауды күшейту қажет.

*****

Егер осы қылмыстардың себептері мен мән-жайларына келетін болсақ олар әртүрлі. Мәселен, негізгі себептерінің бірі:

- отбасы институтының әлсіреуі, моральдық-адамгершілік құндылықтардың төмендеуі, ар-ұяттылықтың құлдырауы;

- денсаулық сақтау және ішкі істер органдарының зорлық-зомбылық әрекеттер жасауға бейім психикалық тұрғыдан ауыру адамдарды анықтау бойынша өзара қарым-қатынас жасауының төмен деңгейде болуы;

- білім беру ұйымдарында мақсатты бағытталған профилактикалық жұмыс деңгейінің төмендігі;

- порнография және зорлық-зомбылықты насихаттайтын интернет-сайттарының теріс әсері және олардың ашықтығы;

- көп жағдайда жәбірленушілердің жеңіл жүріс-тұрыстары, соның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің спирттік ішімдіктер ішуі және аморальды өмір сүруі (әрбір екінші жыныстық зорлау қылмысын жасауға алкогольдік ішімдік ішу себеп болған).

- әлеуметтік статусы төмен отбасылардың жас балаларына тиісті көңіл бөлмеуі және жеткілікті тәрбие бермей, өз бетімен жіберуі.

*****

Үйлестіру кеңесінде қазіргі жағдайды өзгерту үшін біз бірнеше қосымша шаралар жүргізуді, соның ішінде тиісті заңдарға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жасадық. 

Оның ішінде:

I. Бұл қылмыстық істер бойынша жәбірленушілерден жауапты тергеушілер емес, психологтардың алуы немесе олардың қатысуымен алу мәселесін қарауды. Кәмелетке толмағандарды психикалық тұрғыдан азырақ жарақаттау мақсатында олардың жауаптарын міндетті түрде сақтап қоюды (депонирование).  

 II. Тек жасөспірімдерге қатысты ғана емес, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істерді жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартуды тиісті заңға өзгертулер енгізу арқылы шектеу қоюды.

III. Бұл қылмысты жасаған тұлғалардың психикасындағы патологияны анықтау үшін міндетті түрде психолого-психиатриалық сараптама өткізуді қамтамасыз етуді. Алдын алу шарасы ретінде кастрацияны қолдану мүмкіндігін қарауды.

*****

Сонымен бірге, құзырлы мемлекеттік органдарға келесі шаралар жүргізу ұсынылды:

- жыныстық зорлау қылмыстарымен күресетін арнайы бөлімдер ашуды;

- жыныстық зорлау қылмыстары үшін сотталған тұлғаларға қатысты тұрақты әкімшілік қадағалау орнатуды;

- тұрғындарға тұрғылықты жерлерінде кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлау қылмыстарын жасаған тұлғалар жөнінде ашық ақпараттарала алу мәселесін қарауды;  

- коммуникациялық электронды құралдар арқылы педофилдерді іздеу, яғни балалар порнографиясы жөніндегі интернет-беттеріне тұрақты түрде кіретін тұлғаларды анықтау жөнінде тиісті методика және жедел-іздестіру шараларының алгоритімін әзірлеуді;

Алдын ала тергеу заңдылығына қадағалау жүргізу барысынапроблемалық мәселелер әрқашанда жеткілікті.

Сондықтан, мен тек оның аз ғана бөлігін айттым.Сонымен бірге прокуратура органдарын өзінің қызметі барысында тек азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғап, олардың прокуратура органына деген сенімін артуына әрқашанда барынша жұмыс атқаратынына Сіздерді сендіргім келеді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.