You are here

№ 9 кеңес. Егер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны қиын өмірлік жағдайға тап болса

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарға сәйкес жазбаша арыз беру арқылы жергілікті атқарушы органға көмек сұрап жүгіне алады (мысалы, заңдық, медициналық, психологиялық көмек).

Арыз берудің негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны өз бетінше жеңе алмайтын қиын өмірлік жағдайды еңсеру.

1 қадам. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны немесе оның мүддесі үшін жүгінетін адам тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органға немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектіге (мысалы, дағдарыс орталығына, панажайға) жазбаша арыз береді.

2 қадам. Әлеуметтік қызметкер арыз түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның тапсырмасы бойынша арнайы әлеуметтік көмектерге деген қажеттілікті бағалайды және айқындайды.

3 қадам. Бағалау және арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілікті айқындау нәтижелері бойынша, әлеуметтік қызметкер қорытынды дайындайды, онда қызметтің түрі, алушының санаты, қызмет көрсету орны, қызмет көрсету ұзақтығы, қызметтің мазмұны және жеке ерекшеліктер айқындалады.

4 қадам. Жергілікті атқарушы орган әлеуметтік қызметкердің бағалау және арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілікті айқындау жөніндегі қорытындысын алған күннен бастап  үш жұмыс күні ішінде қиын өмірлік жағдайға тап болған адамға (отбасына) бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер беру туралы шешім қабылдайды.

5 қадам.  Жергілікті атқарушы орган шешім қабылдағанға дейін, зардап шеккен адам (отбасы), көмек (қызмет) бюджет қаражаты есебінен көрсетілген жағдайда, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға көмек көрсететін дағдарыс орталығында бола алады. 

6 қадам. Қатал қараудың, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болған кәмелетке толмағандарға әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету үшін, оларды Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығына орналастыру үшін полицияға жүгіну.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
20 + 0 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.