You are here

№ 7 кеңес. Тұрмыстық зорлықшыға қатысты тағы қандай шектеулер қолдануға болады (ҚР ӘҚБтК-нің 54-б.)

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу талабымен полицияға жүгіну.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары құзыреттерінің бірі – сот алдында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу туралы өтінішхатпен жүгіну.

Жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіленген адам айына бір реттен төрт ретке дейін профилактикалық сұхбат жүргізу үшін ішкі істер органдарына келуге міндетті.

Өзіне қатысты жүрістұрысына ерекше талаптар белгіленген адамға мыналарға тыйым салынуы мүмкін:

  • жәбірленушінің ықтиярына қарамастан, жәбірленушіні іздестіруге, ізіне түсуге, оған баруға, кәмелетке толмағандарды және (немесе) оның әрекетке қабілетсіз отбасы мүшелерін қосқанда, ауызша, телефон арқылы әңгімелесуге және онымен басқадай тәсілдермен байланысқа түсуге;
  • атыс қаруын және қарудың басқа түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға;
  • кәмелетке толмағандарға, белгілі бір жерлерге баруға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге шығуға;
  • алкогольді ішімдіктер, есірткі құралдарын, психотроптық заттар тұтынуға;
  • айрықша жағдайларда жәбірленуші мен оның отбасы мүшелерін күзету және қорғау үшін сот сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға, бұл адамның басқа тұрғын үйі бар болған жағдайда, жәбірленушімен бірге жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе басқадай тұрғын үйде тұруға тыйым салу түріндегі әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасын  қолдануға құқылы.

Бұл шара әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босату кезінде әкімшілік өндірумен қатар, сондай-ақ оның орнына да қолданылады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
14 + 0 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.