You are here

№ 6 кеңес. Егер қорғау нұсқамасы жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болса

Бұл жағдайда, ішкі істер органдары отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қайшы әрекеттер жасаған (ҚР ӘҚБтК-нің 73-б.) немесе ішкі істер органдары шығарған қорғау нұсқамасын бұзған (ҚР ӘҚБтК-нің 461-б.) адамды әкімшілік ұстап алуды қолдануы мүмкін.

Әкімшілік ұстап алу туралы хаттама жасалады, оның көшірмесі ұсталған адамға беріледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған адамның өтініші бойынша, оның орналасқан жері туралы дереу оның туыстары, жұмыс немесе оқу орны бойынша әкімшілік, сондай-ақ оның қорғаушысы хабардар етіледі. 

Кәмелетке толмаған адамның ұсталғаны туралы оның ата-анасын немесе олардың орнын басатын адамдарды хабардар ету міндетті.

Ұсталған адамға оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.

Ұсталған адам оны ұстау үшін негіз болған мән-жайлар жойылған кезде дереу босатуға жатады.

ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ:

ҚР ӘҚБтК 787-бабына сәйкес ұстап алу арқылы қойылған мақсаттарға қол жеткізілген жағдайларда құқық бұзушы босатуға жатады. Атап айтқанда: 1) құқық бұзушылықтың жолын кесу; 2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету; 3) құқық бұзушы мастықтан айыққанға дейін; 4) әкімшілік ұстап алу мерзімі аяқталғаннан кейін.

 

Ұстап алу мерзімінің басталуы ұсталған адамға қандай да бір процестік мәртебе беруге, немесе басқадай формалдық рәсімдердің орындалуына қарамастан, минутына дейін дәлдікпен ұсталған адамның бостандығын шектеу іс жүзінде болған кездегі сағат болып табылады. Алкогольді масаң күйіндегі адамға қатысты әкімшілік ұстап алу мерзімі, медициналық қызметкер куәландырған, оның мастықтан айығуы кезінен бастап есептеледі.

Әкімшілік ұстап алудың аяқталу кезі іс жүзінде ұстап алу уақытынан бастап үздіксіз есептелетін үш сағаттың өтуі болып табылады. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.