You are here

№ 5 кеңес. Жәбірленушінің тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адаммен немесе оны жасау қаупін төндіретін адаммен байланыстарын болдырмаудың жолдары

Ішкі істер органдарының учаскелік инспекторына құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасын шығару туралы талаппен жүгіну.

ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ:

Қорғау нұсқамасы – отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтың алдын алу нысандарының бірі. Полиция қызметкері ол шығарылған кезде он алты жасқа толған, есі дұрыс адамға қатысты шығарады.

 

Учаскелік полиция инспекторы жәбірленушінің пікірін ескере отырып қорғау нұсқамасын шығарады және:

  • тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған не оны жасау қаупін төндіретін адамға орындау үшін қолхатпен береді;
  • жәбірленушіге оның құқықтары, сондай-ақ өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адам оны бұзған жағдайда құқықтық салдарлары түсіндіріле отырып, қорғау нұсқамасы шығарылған күні оның көшірмесін қолхатпен береді;
  • қорғау нұсқамасының көшірмесін өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамға ол берілген кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жібереді.

Қорғау нұсқамасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады.

Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі ол өзіне қатысты шығарылған адамға берілген кезден бастап 30 тәулікті құрайды.

Тексеру мерзімділігі күнтізбелік жеті күнде кемінде бір ретті құрайды.

Қорғау нұсқамасын бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
11 + 2 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.