You are here

№ 4 кеңес. Егер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамнан нақты қауіп төнсе

Тұрғылықты жері бойынша полицияға құқық бұзушыға қатысты жақындауға тыйым салуды қолдануды талап ету туралы арыз беру (ҚПК-тің 165-б.).

АРЫЗДА МЫНАЛАРДЫ КӨРСЕТКЕН ЖӨН:

  • қандай қауіптер мен қолсұғушылықтарға тап болдыңыз (тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрі)?
  • қауіптер мен қолсұғушылықтар жүйелі және ұзақ уақытқа созылу сипатында ма?
  • олар болашақта қайталануы мүмкін бе?
  • куәлар (куәгерлер), дәлелдемелер бар ма?

Болған оқиғаны егжей-тегжейлі суреттеп, барлық қолда бар дәлелдемелер мен куәлардың байланыс деректерін жинап, өтінішхатпен бірге беру қажет.

Күш көрсету немесе сексуалдық тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетілгенде дәрігерлерде тексерілу нәтижелерін қоса беру қажет.

Жәбірленушінің немесе қорғауға жататын өзге адамның жазбаша арызы бойынша полиция қызметкері, сот алдында жақындауға тыйым салуды санкциялау туралы өтінішхат қозғау туралы қаулы шығаруға және оны прокурорға жіберуге міндетті.

Прокурор, ұсынылған материалдарды қарағаннан кейін, өтінішхатты қолдау немесе оны қолдаудан бас тарту туралы дәлелді қаулы шығаруы тиіс. Өтінішхатты қолдау кезінде прокурор өтінішхат пен іс материалдарының көшірмелерін сотқа жіберуге міндетті.

Жақындауға тыйым салуды санкциялау туралы өтінішхатты тергеу судьясы өтінішхат сотқа түскен кезден бастап үш тәулік ішінде қарайды.

Өтінішхат пен ұсынылған іс материалдарын қарағаннан кейін тергеу судьясы жақындауға тыйым салуды санкциялау немесе одан бас тарту туралы қаулы шығарады. 

Жақындауға тыйым салуды санкциялаудан бас тарту туралы қаулыға шағым берілуі, наразылық білдірілуі мүмкін

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
2 + 8 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.