You are here

№ 3 кеңес. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамға қандай іс-қимылдар жасаған жөн

Дереу полицияға жүгіну («102» телефоны арқылы полицияға хабарлау, жарақат алған кезде «103» нөмірі арқылы жедел жәрдем шақыру).

1-қадам. Тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына жүгіну:

  • ІІО кезекші бөліміне; 
  • тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны тұрып жатқан учаскеге қызмет көрсететін учаскелік полиция инспекторына немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі болған орын бойынша учаскелік полицияға;
  • ІІО әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің инспекторына;
  • жергілікті полиция қызметінің кез келген қызметкеріне.

2-қадам. Белгіленген үлгіде арыз беру және арызды қабылдаған құқылы тұлғадан (ішкі істер органдары кезекші бөлімінің қызметкерінен немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты қабылдауға және есепке алуға жауапты лауазымды тұлғадан) хабарлама-талон алу.  

3-қадам. ІІО учаскелік инспекторынан құқық бұзушыға шаралар қабылдау үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған орынға шығуды талап ету.

4-қадам. Медициналық мекемелерден алынған қағаз нәтижелерін немесе сот-медициналық сараптамасын көрсету, егер қажет болса, сот-медициналық куәландыруға жіберуді талап ету.

 

5-қадам. Қажет болған жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету жөніндегі ұйымдарға: дағдарыс орталығына немесе зорлық-зомбылық қаупіне байланысты дағдарысты жағдайда жүрген адамдарға арналған орталық-панажайға жіберуді талап ету.

6-қадам. Құқық бұзушыларды, алкоголизмге, нашақорлыққа және уытқұмарлық дертіне шалдыққан адамдар еріксіз емдеуге жіберу туралы мәселені шешу кезінде медициналық куәландырудан жалтарған жағдайларда, мәжбүрлеп тексеру үшін наркологиялық диспансерге әкелу туралы талаппен

7-қадам. Ұрып-соғу және қорлау, жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына  немесе сексуалдық сипаттағы басқадай іс-әрекеттерге мәжбүрлеу немесе тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс басып кіру жағдайларында, сотқа жеке айыптау тәртібінде кінәлі адамды жауаптылыққа тарту туралы  шағым жіберу туралы талаппен жүгіну. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.