You are here

№ 2 кеңес. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамның (оның отбасының) қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету қажет

Құқықтық қорғауды қолдану.

1. Құқықбұзушыға жеке профилактика шараларын қолдану үшін полицияға жүгіну.

Олардың нақты тізбесі «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында көзделген (№ 4-8 кеңестерді қараңыз).

 2. Мынадай әрекеттер жасаған адамды әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдау үшін полицияға немесе сотқа жүгіну:

  • Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар (отбасылық-құқықтық қатынастар аясындағы құқыққа қайшы әрекеттер (73-б.), қорғау нұсқамасын бұзу (461) және т.б.);
  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар (адам өлтіру (99-б.), денсаулыққа қасақана ауыр және ауырлығы орташа зиян келтіру (106, 107-б.), өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (105-б.), қорқыту (115-б.), зорлау (120-б.) және т.б.).

3. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға мынадай шаралар қабылдау үшін азаматтық-құқықтық тәртіпте сотқа жүгіну:

  • медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары (психиатрияда, наркологияда емдеу);
  • ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу, бала асырап алудың күшін жою бойынша шаралар;
  • қорғаншылар мен қамқоршыларды өз міндеттерінен босату немесе шеттету бойынша шаралар және т.б.

 

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:

Ұзақ уақытқа созылған отбасылық жанжалдарды болдырмаған жөн. Әдетте, тұрмыстық зорлық-зомбылық жылдар өте келе жәбірленуші үшін аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ қинаумен қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ұласады. Ал бұл қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар (Қылмыстық кодекстің 54-б.).

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
2 + 15 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.