You are here

№ 10 кеңес. Тұрмыстық зорлықшы тарапынан жүйелі түрде ұрып-соғу мен қорлау зәбірін көрсеңіз

Тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірумен, ұрып-соғумен және қорлаумен байланысты жағдайлар санатына жатады.

Бұл жағдайларда сотқа жүгінген жөн, себебі бұл қылмыстық құқық бұзушылықтар қылмыстық заңнама бойынша жеке айыптау істеріне жатады.

Жәбірленушінің (жеке айыптаушының) немесе оның заңды өкілінің сотқа ТІКЕЛЕЙ шағым беруі арқылы төмендегідей ЖЕКЕ АЙЫПТАУ істері қозғалады:

  • денсаулыққа қасақана жеңіл зян келтіру туралы (ҚР ҚК 108-б.);
  • Тән ауруына ұшырататын, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпайтын ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау туралы (ҚР ҚК 109-б.);
  • Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату туралы, егер бұл іс-әрекет денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқпаса (ҚР ҚК 110-б.);
  • Денсаулыққа абайсызда ауырлығы орташа зиян келтiру туралы(ҚР ҚК 114-б.);
  • жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттердi жасауға мәжбүр ету туралы (ҚР ҚК 123-б.);
  • Тұрғынжайға онда тұратын адамның еркiнен тыс заңсыз басып кiруден көрінетін тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу туралы (ҚР ҚК 149-б.).

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: 

Жеке айыптау істері – Қазақстан Республикасының заңнамасындағы қылмыстық істердің ерекше санаты. Бұндай қылмыстық істер шешім қозғаудың, қараудың және қабылдаудың ерекше тәртібімен сипатталады (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 47-тарауы).

Бұл істер бойынша іс жүргізу жәбірленушінің шағымы бойынша ғана басталады және оның айыпталушымен, сотталушымен татуласуына байланысты тоқтатуға жатады.

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
CAPTCHA
Бұл сұрақ сіздің адам немесе автоматты спам тарату жүйесі болып табылуыңызды анықтау үшін қойылады
6 + 2 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.