You are here

№ 1 кеңес. Отбасындағы жанжалдар ушығып кетсе не істеу керек

Ең алдымен мынаны түсіну қажет: отбасындағы нақты жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың белгілері бар ма?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңында «отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі)» деп айқындалған.

Зорлық-зомбылық, егер ол:

  • жұбайлар;
  • бұрынғы жұбайлар;
  • бірге тұратын немесе тұрған адамдар;
  • жақын туыстар;
  • ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасында отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында жасалса, «тұрмыстық» ретінде сараланады.

Заңнамада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 4 түрі көзделген:

1. КҮШ КӨРСЕТУ – дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.

2. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.

3. СЕКСУАЛДЫҚ – адамның жыныстық тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.

4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.

 

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:

АСА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ЖАСАЛАТЫН БАРЛЫҚ АДАМ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ ЖАРТЫСЫ ОТБАСЫНДАҒЫ ҰЗАҚҚА СОЗЫЛҒАН ЖАНЖАЛ АРҚЫЛЫ ТУЫНДАЙДЫ.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • HTML-тегтер өңделмейді және жәй мәтін түрінде көрсетіледі
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.