Астана қаласы, 2018 жылғы 19 сәуір. Бүгін Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың төрағалық етуімен қылмыстық жазалардың орындалуы кезінде заңнаманың сақталуына және «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметіне тексеру қорытындылары бойынша алқа отырысы өтті.
Оған Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Дін істері және Ақпарат министрі, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктер қатысты.
Прокуратура органдарының үйлестіру рөлін күшейту және кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында Казақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәсіпкерлерге қөмекші құрал ретінде «QAMQOR» ұялы қосымшасын әзірледі.
Бұл қосымшаны ұялы телефонға орнатқан жағдайда, кәсіпкерге тексеру тағайындалғанда «Сізге тексеру келеді» деген Puch-хабарлама келеді.
2018ж. 19 сәуір күні сағат 12:00-де Бас прокуратурада Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қылмыстық-атқару заңнамасының сақталуына қатысты баспасөз конференциясы өткізіледі.
Бүгін Бас Прокурордың бұйрығымен Алматы қаласы, Ақтөбе, Ақмола және Жамбыл облысы прокуратураларында кадрлық тағайындаулар өтті. Барлық қызметкерлер прокуратура органдарының кадрлық резервінде тұрғандар.
Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына аға әділет кеңесшісі Айдос Серікханұлы Майлыбаев тағайындалды.
Астана қ., 2018 жылғы 12сәуір. Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол қызметкерлерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде, қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Украинадан Максим Коробко экстрадицияланды.
Астана, 2018 жылғы 12 сәуір.Бүгін Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Елшісі Майкл Джон Гиффордпен кездесті.
Кездесу барысында Елші қадағалаушы органның қызметі, Қазақстанда жүріп жатқан қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама саласындағы реформалар туралы хабардар етілді.
2018 жылғы 11 сәуір, Астана. Бүгін Бас прокуратураның Ресми өкілі Оксана Лоскутова және Қоғамдық мүддені қорғау қызметінің бастығы Азамат Дүйсембеков қалааралық жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автомобиль көлігі туралы заңнама талаптарын бұзу, аталған саладағы олқылықтарды жою мақсатында қабылданған шараларға тоқталды.
Бас Прокурордың тапсырмасы негізінде жүргізілген тексерудің нәтижесінде 2,5 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды.
Бас прокуратура миллиардтаған қаржы ұрлады деген күдікпен «Samsung Electronics» компаниясының бұрынғы қызметкерін АҚШ-тан Қазақстанға қайтару бойынша шаралар қабылдады.
Аталған компанияның бұрынғы қызметкері Т.Ж. Наурызбаевты елген қайтару Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен АҚШ Әділет департаментінің Тергеу федералды бюросы арасындағы ынтымақтастығының нәтижесінде мүмкін болды. Т.Ж.Наурызбаев 4 млн. астам долларды қолды қылған.
Тараптардың үйлесімді жұмысының арқасында жәбірленуші компанияға қаражатының көп бөлігі (2,7 млн АҚШ доллар) өндірілді.
2018 жылғы 9 сәуір, Астана қ. Бүгін өткен жиналыста Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров ТМД сыртқы саяси ведомстволары басшыларының Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына ТМД-ға қатысушы елдердің салықтық (қаржылық) тергеу органдары үшін кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі базалық ұйым дәрежесін беру туралы шешімін жариялады.
Шешім 2018 жылғы 6 сәуірде Минск қаласында ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысында қабылданды.