You are here

Бас Прокурордың наразылығы қанағаттандырылғаны туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Павлодар қаласында көппәтерлі үйлердің тұрмыстық тұтынушыларына энергия тарату 2002 жылы жасалған энергия таратудың көпшілікке ашық шарты негізінде жүргізіледі. Осы шарт бойынша энергожелілерді энергия беруге болатын техникалық жарамды күйде ұстаумен байланысты шығындарды төлеу тұтынушыға жүктелген.

Осыған орай «Энергоцентр» АҚ тұрмыстық тұтынушыларға ұсынылатын төлем шотына жалпы үй желісіне қызмет көрсету бойынша жұмсалған қызмет шығындарын ай сайын қосып отырады.

Мұндай жағдайға көнбеген қала тұрғыны И.Григоренко сотқа талап арыз беріп, жалпы үй желісіне қызмет көрсету бойынша заңсыз есептелген сомаларды шығарып тастауды, сондай-ақ тұрмыстық тұтынушыларға энергия таратудың көпшілікке ашық шартынан жалпы үй желісіне қызмет көрсету бойынша жұмсалатын қызмет шығындарын төлеу міндетін алып тастауды талап етті.

Соттар Азаматтық кодексте және «Тұрғын-үй қатынасы туралы» заңда бекітілгендей, меншік иесінің өзіне тиесілі мүлкін тұтынуға, жалпы мүлік пен үйді ұстауға жұмсалатын барлық шығындарға қатысуға міндетті екенін ескере отырып, тұтынушы талабының негізсіз екені туралы пікірге келеді.

Бас Прокурор Павлодар облысы прокурорының ұсынысы негізінде іс бойынша болған сот актілеріне наразылық келтірді, яғни, Үкімет қаулысымен бекітілген Коммуналдық қызметтер көрсету ережелері бойынша жалпы үй желілерін тиісті деңгейде ұстап тұру энерготасымалдаушы ұйымның міндеті болып табылады және ол Пәтер иелері кооперативімен жасалатын өзге шарт негізінде жүргізіледі.Тұрмыстық тұтынушыларға энергия тарату туралы көпшілікке ашық шартқа Пәтер иелері кооперативімен жасалатын жеке шарттың элементтері де енгізілген және бұл аталған Ереженің талаптарына толықтай сәйкес келмейді.

2012 жылғы 30 қазанда Жоғарғы Сот наразылықтың себептерін негізді деп тауып, төмен тұрған сатылардың сот актілерінің күшін жойып, істі қайта қарауға жіберді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.