You are here

Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтің сөз сөйлеуінің мәтіні

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кәсіпкерлердің құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі Бас прокуратураның ерекше бақылауында.

Ағымдағы жылғы 9 айда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған 950тексеру жүргізілді, олардың нәтижесі бойынша 13 мың заңдылықты бұзушылықтар анықталды.

1620 прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, кәсіпкерлердің мүдделеріне нұқсан келтіретін 710 заңсыз актілер жойылды және өзгертілді, алты жарым мыңкәсіпкерлердің конституциялық құқықтары қорғалды.

1260 тұлға әр түрлі жауапкершілікке, соның ішінде 1190-ы тәртіптік және 70тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заң енгізілгеннен бастап біз адал ниетті кәсіпкерлерге қатысты жоспарлы тексерулер тәуекелдерді бағалау жүйесі арқылы төмендейді деп есептегенбіз.

Алайда, осы жылдың басында 6 министрлікті (ТЖМ, ИЖТМ, ҚОҚМ, АШМ, ДСМ мен ҚМ) тексеру нәтижелері тексерулерді жоспарлаудың жаңа механизмі тиісті түрде жұмыс істемейтіндігін көрсетті.

Бізге 26 жарым мыңнан астам жоспарланған кәсіпкерлерді тексеруді болдыртпау мүмкін болды.

Тексеру нәтижесі бойынша Үкіметке тексерулерді жоспарлауды автоматтандыру ұсынылды.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің күнделікті жағдайы да прокурорлардың назарында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, республиканың барлық аумақтарында заңсыз тексерулер жөнінде түскен мәлімет бойынша шұғыл түрде кәсіпкерге шығып, тексерушінің заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қоюға дайын прокурорлардың мобильдік топтарының жұмысы ұйымдастырылған.

Жыл басынан бастап мобильдік топтардың сенім телефондарына 491 хабарлама түскен, оның 234-і бойынша заңсыз тексерулер туралы мәліметтер өз дәлелін тапты.

Осы жылы мобильдік топтардың қызметінің нәтижесі бойынша 2 қылмыстық, 28 әкімшілік іс, 8 тәртіптік өндіріс қозғалды, сондай-ақ заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы 107 ұсыныс және 46 наразылық енгізілді.

Мысалға, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының прокуратурасымен мемлекеттік ветеринарлық инспектор Темірғалиев тексеру тағайындау туралы актісіз жеке кәсіпкер Зияшеваның тері қабылдау пунктісінде тексеру жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚРӘҚБК-нің 153-бабының 1-тармағы).

Алматы қаласының Алмалы ауданы прокуратурасының наразылығы бойынша оңтүстік астананың Тәртіптік кеңесінің автожанармай құю станцияларында автомотор отынының сапасына уәкілетті мемлекеттік органдардан тексеру жүргізуді заңсыз талап етілген қаулысы жойылды.

Қостанай облысы Қостанай ауданының прокуратурасымен 14 кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде өртке қарсы талаптарды сақтау мәселесі бойынша жүргізілген полиция қызметкерлерінің тексерулеріне тосқауыл қойылды.

Өткен жылдың сәуір айында енгізілген «Бизнес тірегі» жобасы да сәтті іске асырылуда.

Осы жоба арқылы кәсіпкер интернет-ресурс немесе ұялы байланыс арқылы тексерудің тіркелгендігі жөнінде ақпаратты ала алады, тексерушінің және тексерілетін субъектінің негізгі құқықтары мен міндеттері жөнінде жадынамамен таныса алады, сондай-ақ тез арада тексеру жүргізумен байланысты бұзушылықтарды хабарлауға мүмкіндігі бар (www.pravstat.kz сайты, СМС жіберу нөмірі 1012, Call-орталығының нөмірі 1414).

Ағымдағы жылғы 10 айда жоба қызметін 2 мыңнан астам кәсіпкерлер пайдаланды.

Жалпы «Бизнес тірегі» жобасы аясындағы қадағалау қызметінің қорытындысы бойынша 150-ге жуық заңсыз тексеру анықталды, 2 мыңнан астам тексеруді тағайындау туралы құқыққа қайшы актілерді тіркеуден бас тартылды.

Прокуратура органдарымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыс бизнес бірлестіктерімен тығыз байланыста жүргізілуде.

2012 жылғы 9 қарашада Бас прокуратурада Бас Прокурордың орынбасары Андрей Кравченконың төрағалығымен «Атамекен» Одағы басқармасының бастығы Абылай Мырзахметовтың және бизнестің қоғамдық ұйымдарының жетекшілерінің қатысуымен кәсіпкерлік мәселелері бойынша аумақтық прокурорлармен бейнеконференция өткізілді.

Бейнеконференция 2012 жылғы 22 маусымда өткен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша кеңестің барысында белгіленген Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында прокуратура органдарының «Атамекен» Палатасымен бірлесіп жұмыс жасауының жалғасы болды.

Кеңесте прокуратура органдарының бизнес-ассоциацияларымен одан әрі әрекеттесуінің өзекті мәселелері, аумақтарда кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін мәселелер талқыланды, сондай-ақ адал ниетті кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерін алдын-алу бойынша шаралар қарастырылды.

Бейнеконференция қорытындысы бойынша Бас прокуратура мен «Атамкен» Одағы прокурорларға және бизнес-ассоциацияларға арнайы ұсынымдар дайындайтын болады.

Жалпы, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыс прокурорлармен әрдайым және басымды негізде жүргізіледі.

***

Енді құқық қорғау саласындағы кейбір оқиғаларға аздап тоқталып кетуге рұқсат етіңіздер.

2012 жылғы 31 қазанда кісі өлтіру мен басқа қылмыстарды жасау бойынша айыпталып жатқан Челах сотқа берілгендігі белгілі.

Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9 бабы бойынша айып тағылуда.

Материалдармен танысу кезінде Челах істің алқабилердің қатысуымен қаралуы жөнінде өтінім білдірді.

Бұл іс үлкен қоғамдық резонансқа ие болғандықтан, айыптау тарабы істің алқабилердің қатысуымен қаралу бастамасын қолдаған болатын.

Дей тұрғанмен, бүгін, істі алдын ала тыңдау шеңберінде Челах және оның қорғаушысы істің сотта алқа билерінің қатысуынсыз қаралуы туралы мәлімдеді.

Бұл олардың құқығы.

Осыған байланысты, Челахқа қатысты іс сотпен алқабилердің қатысуынсыз қарастырылатын болады.

Прокуратура сотта жорамал мен өсек-аяңдарға емес, анық, шынайы деректерге сүйеніп, айыптаудың негізіне салынған жағдайларды дәлелдеуді көздеп отыр.

Бұл ретте, процесс барынша ашық жағдайда, істі қараудың жан-жақтылығы, тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы принциптерін бұлжытпай сақтаумен өткізіледі.

Барлық мүдделі тұлғалар сот отырысына қатыса алады, бұл баршаға қылмыстық іс материалдары негізделген фактілер мен дәлелдемелерді шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.