You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы туралы баспасөз хабарламасы (Астана, 22 тамыз 2012 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Онда қылмыстық әрекеттермен келтірілген залалды өтеудің сот-тергеу практикасы және 2011 жыл, 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығында оны өтеу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі туралы мәселелер талқыланды.

Отырысқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, сондай-ақ Ішкі істер, Әділет министрліктерінің жауапты лауазымды тұлғалары қатысты.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет адам құқығының қамтамасыз етілуіне кепілдік береді. Осы аспектіде қылмыспен келтірілген залалды өтеуге әрбір адамның құқығына кепілдің қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Бұл негізінен жедел-іздестіру іс-шараларының, алдын-ала тергеу мен анықтаудың, сондай-ақ қамтамасыз ету шараларын қабылдау бойынша атқарушылық іс жүргізу органдары жұмысының сапасына байланысты болып келеді.

Сонымен бірге, Бас прокуратура жүргізген талдаулар құқық қорғау органдарының залалды өтеуге бағытталған қызметінде кемшіліктердің және олқылықтардың әлі де орын алып отырғанын көрсетті. Осы жұмыстағы өзара іс-қимыл және үйлестіру мәселелері тиісті деңгейге сай келмей отыр.

Соның салдарынан жалпы қылмыспен келтірілген залалдар 77% жағдайда өтелмеген күйінде қалып отыр.

Жағдайдың осылайша өршуіне статистиканың бұрмалануы да ықпал етеді. Мәселен, 2011 жылы жүргізілген түзетулер тергеу сатысындағы нақты өтелген залал ретінде қойылған 1,2 трлн. теңгені есептен алып тастады. Ағымдағы жылы 1,7 млрд. теңгеге түзету жүргізілді.

Мәселені талқылау барысы қылмыспен келтірілген залалды өтеуді қамтамасыз ету ісі әлі де өзекті күйінде қалып отырғандығын көрсетті.

Осыған байланысты, отырыста уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін арттыру бойынша үйлестірілген шараларды пысықтау қажеттігі, сондай-ақ қылмыстан зардап шегушілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жазаның болмай қоймайтындығымен пара-пар басымдық берілетін бөлігі болатындығы, осы жұмыстағы басымдықтарды айқындаудың өте маңызды екендігі атап өтілді.

Осы мақсаттарда Кеңес құқық қорғау және арнаулы орган қызметкерлерінің қызметтеріне қылмыстың барлық санаттары бойынша залалды өтеуге олардың қатысуынан туындай отырып, бағалауды ұсынды. Жаңа қылмыстық іс жүргізу заңнамасын енгізу бойынша бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде осы қызметті жетілдіру мәселелеріне аса назар аудару қажеттігі назарға алынды. Сондай-ақ осы мәселе бойынша статистикалық есептерді оңтайландыруға және оны дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз етуге ықпал ететін келісілген шешімдерді пысықтау қажет.

Талқылау нәтижелері бойынша отырысқа қатысушылар осы бағыттағы жұмысты жандандыру бойынша бірінші кезектегі шараларды әзірледі. Атап айтқанда, Үйлестіру кеңесі Қаржы министрлігіне мүдделі органдармен бірлесіп, салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша өзара әрекет ету тәртібін қайта қарауды, Әділет министрлігіне сот орындаушылары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды пысықтауды ұсынды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.