You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы баспасөз ақпараты ( Астана қ., 13 маусым 2012 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті, онда бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарға әкімшілік қадағалау орнату мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрестің жай-күйі талқыланды.

Отырыс жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Жоғарғы Сот, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Ішкі істер министрлігінің, бейнеконференциялық байланыс бойынша – облыстық прокуратуралар, ішкі істер және қылмыстық атқару жүйесі бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарға әкімшілік қадағалау орнату мәселелерін талқылаудың өзектілігі осы саладағы заңдылықтың жаппай бұзылуын және жұмыстың тиісінше ұйымдастырылмауын анықтаған Бас прокуратура жүргізген тексерістердің нәтижесімен байланысты болды. Бұзушылықтардың негізгі бөлігіне әкімшілік полиция тарапынан жол берілген.

Әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның жұмысын реттейтін әрекет етуші заңнаманың кемшіліктері, әкімшілік полиция мен түзеу мекемелері арасындағы өзара іс-қимылдың жеткіліксіз деңгейі, сондай-ақ ІІМ салалық Комитеті тарапынан өңірлік бөлімшелердің қызметіне әлсіз ведомстволық бақылау орын алған жағдайдың себептері ретінде танылды. Ресми статистикалық есептіліктің болмауы жағдайды ушықтыра түседі, бұл аталған санаттағы тұлғалардың арасындағы профилактикалық жұмыстың жай-күйі туралы шынайы картинаны білуге кедергі туғызады. Осылардың барлығы өткен жылы бұрын жазасын өтеген тұлғалардың екі мыңға жуық қылмыс жасауына себептердің бірі болған.

Талқылау қорытындысы бойынша Ішкі істер министрлігіне әкімшілік қадағалау жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар қабылдау, сонымен қатар әкімшілік полицияның түзеу мекемелерімен тиімді өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актіні жылдам қабылдау ұсынылды.

Сондай-ақ осы бағыттағы құқық қорғау органдары жұмысын үйлестіруді күшейту шеңберінде әкімшілік қадағалау орнатылған тұлғаларды Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық есепке алу қорымен интеграцияланған автоматты түрде есепке алу тетігін жасау мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Күн тәртібіндегі екінші сұрақты талқылау барысында мемлекеттік сатып алулар, лецензиялау-рұқсат беру жүйесі және бақылау-қадағалау қызметтерін жүзеге асыру салалары сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім екені атап өтілді. Жыл сайын анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 15-20% мемлекеттік сатып алулар саласына тиесілі болып отыр.

Осыған орай, Үйлестіру кеңесі Экономикалық даму және сауда министрлігіне рұқсат беру процедураларының бірыңғай ұлттық тізілімін жасау, сондай-ақ кәсіпкерлерге рұқсат беру құжаттарының барлық пакетін беру және сәйкес процедураларды өтудің «бір терезе» қағидасын енгізу мәселелерін зерделеуді ұсынды.

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне қаржы-несие саласындағы қылмыстық көріністерге тосқауыл қоюмен, соның ішінде қылмыстық жолмен алынған қаражаттарды жылыстатумен байланысты жүргізілетін жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелілігі мен сапасын арттыру ұсынылды.

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.