You are here

«Сенім.Білім.Өмір» РҚБ экстремистік ұйым деп тану туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2012 жылдың 7 маусымында Шығыс-Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен облыс прокурорының талап арызы бойынша «Сенім.Білім.Өмір» Республикалық қоғамдық бірлестігін экстремистік ұйым деп тану, оның қызметіне тыйым салу және мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданды.

Көрсетілген бірлестіктің басшылары мен белсенді мүшелері осыған дейін Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының 2011 жылдың 19 қазанындағы үкімімен әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Осы күшіне енген сот үкімімен аталған бірлестік мүшелерінің діни араздықты және алауыздықты қоздырумен, азаматтарды ұрлаумен және оларды заңсыз бас бостандығынан айырумен ұштасқан экстремистік қызметі расталған.

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.