You are here

Прокурорлардың халықаралық қауымдастығының жыл сайынғы 17-ші конференциясы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 31 қазанында Бангкок қаласында (Тайланд) «Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылық, оның әртүрлі қылмыстылық саласында тарауы және прокурордың қызметі» тақырыбындағы 17-ші жыл сайынғы Прокурорлардың халықаралық қауымдастығының конференциясы (ПХҚ) болып өтті, оған Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель қатысты. Форум әлемнің жетпістен астам мемлекеттерінің қадағалау органдарының басшыларын жинады.

Конференцияны Тайланд Корольдігінің Бас прокуроры Чулансин Васантасин мен ПХҚ Президенті Джеймс Гамильтон ашты.

Әлем прокурорлары қадағалау органдарының киберқылмыстылыққа, тауарларды жасырын өткізуге, ұйымдасқан қылмыстылыққа, адам саудасына қарсы күресте өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттыру мәселелерін, сондай-ақ трансұлттық қылмыстылықтың басқа да мәселелерін талқылады.

ПХҚ басшылығының Қазақстанға 2011 жылдың қазан айында Астана қаласында болып өткен ПХҚ-ның 6-шы Орталық, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін өңірлік конференциясын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Сертификат табыс етуі Форумның айтулы сәтіне айналды. Оның жұмысына шамамен 30 мемлекеттің қадағалау органдарының басшылары, әйгілі халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан болатын.

И.Мерккель өз сөзінде Қазақстан әлем қауымдастығының белсенді мүшесі екендігін және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықтың дамуына өз үлесін қосып отырғанын атап өтті.

Конференция аясында И.Меркель Тайландтың, Монғолияның және Албанияның бас прокурорларымен, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Украина бас прокурорларының орынбасарларымен екіжақты кездесулер өткізіп, олардың барысында өзара ынтымақтастықтың келешегі жөніндегі мәселелерді талқылады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.