You are here

Прокуратура органдарының ұтқыр топтарының жұмысы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдарының ұтқыр топтары мемлекеттік органдардың тарапынан тексеруге ұшырайтын кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың басынан бері ұтқыр топтарға 450 хабар келіп түсті, олардың 218-і расталды. Қабылданған шаралармен кәсіпкерлердің құқықтарын бұзудың 699 дерегінің жолы кесілді.

Ұтқыр топтардың қызметінің нәтижесінде прокуратура органдары 2 қылмыстық және 20 әкімшілік іс қозғады, 98 ұсыныс, 44 наразылық, 3 ұйғарым енгізді, 4 алдын-ала ескерту, 11 заңға түсіндіру берді.

Негізінен ұтқыр топтар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу фактілерін анықтауда.

Оңтүстік Қазақстан облысында Р.Әбдірайымов жеке кәсіпкерін тексеруді бастау туралы уақтылы хабарламау фактісі бойынша енгізілген Кентау қаласы прокуратурасының қадағалау актісінің негізінде Кентау қ. ветеринарлық инспекциясының бастығы Ж. ҚР ӘҚБК 153-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының прокуратурасы тексеру тағайындау туралы актісіз Б.Зияшев жеке кәсіпкерлігінің тері қабылдау бекетіне тексеру жүргізген мемлекеттік ветеринарлық инспектор Е.-ні әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Петропавловск қ. прокуратурасы тексеруді бастау туралы уақтылы хабарламау фактісі бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық басқарманың инженері Б.-ны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіретін актілер шығаруға жол беріледі.

Мысалы, Алматы қ. Алмалы ауданының прокуратурасы мемлекеттік уәкілетті органдардан Жанармай бекеттеріндегі сатылатын автокөлік жанармайының сапалылығы бойынша кәсіпкерлердің қызметіне тексеру жүргізу заңсыз талап етілген Алматы қ. тәртіптік кеңесі қаулысының күшін жойды.

Бастыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы прокуратурасының наразылығы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының кәсіпкерлерді рейдтік тексеру көзделген тексеру жүргізу туралы 9 актісінің күші жойылды, өйткені, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» заңда мұндай тексеріс түрі регламенттелмеген.

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың өз құзіретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерістер жүргізу жағдайлары да кездеседі.

Мысалы, Қостанай облысы Қостанай ауданының прокуратурасы аудандық ІІБ лауазымды тұлғалары тарапынан өртке қарсы талаптарды сақтау мәселесі бойынша 14 кәсіпкерлік субъектісінің қызметін тексеру фактілерінің жолы кесілді.

Ұтқыр топтардың байланыс желілері туралы ақпарат Бас прокуратураның сайтында (www.prokuror.kz/kaz/bm/zashita_prav) жарияланған.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.