Прокуратура органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Орталық аттестациялау комиссиясы жұмысының нәтижелері туралы ақпарат (Астана қаласы, 31 тамыз 2012 жыл)

31 тамыз 2012 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Бас прокуратураның Орталық аттестациялау комиссиясы арқылы аттестатаудан өтуге тиісті қызметкерлерді аттестаттау аяқталып келеді. Бүгінгі күнге дейін амбулаториялық ем алып жүрген екі қызметкер ғана аттестаттаудан өткен жоқ.

Орталық аттестациялау комиссиясынан прокуратура органдарының барлығы 755қызметкері аттестаттаудан өтуі керек болған, олардың 38-і немесе 5 пайызы жұмыстан кетулеріне, соның ішінде 21 адам қызметінің шекті мерзімінің келуіне, 2қызметкер басқа құқық қорғау органына қызметке ауысуына байланысты аттестаттаудан өткен жоқ. қызметкер жүктілігіне байланысты кезектен тыс аттестаттаудан өтуден босатылды.

712 қызметкер Орталық аттестациялау комиссиясына әңгімелесуге жіберілді, олардың ішінде аттестаттаудан өтіп, атқарып отырған қызметіне лайықты деп танылғаны - 637 немесе 89,5 пайыз, ал 75 қызметкер немесе 10,5 пайызы атқарып отырған қызметіне лайық емес деп танылып:

57 қызметкерге, соның ішінде тестілеу кезінде төмен баға алған 3 қызметкерге қызметін төмендетуге;

15 қызметкерге басқа жұмысқа (қызметке) ауысуына;

3 қызметкерді прокуратура органынан босатуға ұсыныс жасалды.

Облыстарда және Астана, Алматы қалаларында өңірлік аттестациялау комиссиясы прокуратура органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудың үшінші кезеңін өткізу бойынша жұмыстарға кірісіп кетті.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу