You are here

Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Бас Прокурордың орынбасары Андрей Кравченконың төрағалығымен «Атамекен» ҚҰЭП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың және бизнестің қоғамдық ұйымдары басшыларының қатысуымен кәсіпкерлік мәселелері бойынша өңірлік прокурорлармен бейнеконференция болып өтті.

Бейнеконференция кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша 2012 жылғы 22 маусымда болған жиналыста белгіленген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында прокуратура органдарының «Атамекен» Палатасымен бірлескен жұмысының жалғасы болып табылады.

Жиналыста прокуратура органдарының бизнес-қауымдастығымен одан әрі ынтымақтастығының өзекті мәселелері, өңірлердегі кәсіпкерлікті дамытудың проблемалық мәселелері талқыланды, сондай-ақ адал кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерінің алдын алу және болдырмау бойынша жүйелі шаралар қабылданды.

Жиналысты аша отырып А.Кравченко атап өткендей, кәсіпкерлікті қорғау прокурорлар қызметінің басым бағыты болып табылады. Осы бағытта Бас прокуратура бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру, инструменттерді және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау институттарын заңмен бекіту тиімділігін арттыру, әкімшілік кедергілерді жою, бақылаушы органдардың заңсыз тексерулерімен күреске бағытталған ауқымды жұмыс жүргізілді.

Заң жобаларын талқылауда бизнес өкілдерінің белсенді қатысуының нәтижесінде бизнеске қажетті бірқатар прогрессивті нормаларды енгізуге мүмкіндік туды. Мысалға, биылғы жылдың жазында рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметтерін оңтайландыру мәселелері жөнінде қабылданған заң бойынша рұқсат беру құжаттарының саны 30 пайызға қысқарды.

Қабылданған заңдардың толықтай жұмыс істеуін қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Мұндай заңдардың әрбір нормасы құқық қорғау, мемлекеттік органдардың және бизнестің күнделікті қызметіндегі әдеттегі тәжірибеге айналуы тиіс. Прокурорлар осы тапсырманы қамтамасыз етуі тиіс, кез-келген бұзушылық жасау талпыныстарының жедел және тиімді жолын кесу қажет.

Осы бағыттағы бизнес қауымдастығымен бірлескен жұмыстар прокурорлық қадағалаудың тиімділігін едәуір арттырады.

Бейнеконференциялық байланыстың қорытындысымен Бас прокуратура және «Атамекен» ҚҰЭП прокурорлар мен бизнес қауымдастықтарға арнайы ұсыныстар дайындайды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.