You are here

Кәсіпкерлерді заңсыз тесеруден қорғау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрайымының бірінші орынбасарының төрағалығымен кәсіпкерлерді заңсыз тесеруден қорғау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Мәжіліске кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері – «Атамекен Одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы және Қазақстанның кәсіпкерлер Форумының, сондай-ақ Экономикалық даму және сауда министрлігінің кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органының өкілдері қатысты.

Жалпы мәжіліс іскерлік және сындарлылық қалыпта өтіп, кәсіпкерлер құқығын заңсыз тексерулерден қорғау саласында бірлескен жұмысты жетілдіру жөнінде салмақты пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

С.Нұрлыбай жиналғандарды Комитеттің жыл басынан бергі кәсіпкерлердің қызметіне бақылаушы органдардың заңсыз араласуынан қорғауға бағытталған жұмысымен таныстырды.

Мәжіліс барысында мемлекеттік бақылаушы органдардың өздерінің тексерулерін жоспарлауына қатысты жекелеген проблемалық мәселелер талқыланып, көбінесе кәсіпкерлердің қызметіне негізсіз және заңсыз араласу құралы ретінде көрінетін жоспарсыз тексерулерді жүйелеудің механизмін жасау жөнінде бірлескен шаралар қабалдау жайы сөз болды.

Жиналысқа қатысушалар Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі міндеттерін бірлесіп жүзеге асыру туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, «Атамекен Одағы» ҰЭП Басқарма төрағасының орынбасары Ғ.Қанатбеков пен Қазақстан Кәсіпкерлер форумының Астана қаласы бойынша өкілдігінің директоры Г.Қуанғанова Комитеттің кәсіпкерлерді тексеру рәсімдерінің ашықтығын және олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған «Бизнес тірегі» жобасын жүзеге асыру жөнінде жүргізіп отырған жұмысына және прокуратура органдарында құрылған жедел топтардың қызметіне оң баға берді.

«Атамекен Одағы» ҰЭП Басқарма төрағасының орынбасары Ғ.Қанатбеков палатаның Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңесінің құрамына прокуратура органдары қызметкерлерін енгізуді ұсынды.

Жұмыс тобына қатысушылар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» ҚР заңын жете зерделеу жөнінде бірлескен жұмыс тобын құруға бастамашылық жасады.

Сондай-ақ, Комитет тарапынан Экономикалық даму және сауда министрлігімен бірлесіп тәуекелшілдікті басқарудың ведомствалық жүйесін автоматтандыру және тексерулер жүргізуді жоспарлауды ұйымдастыру мәселелерін жасау жөнінде ұсыныс айтылды.

Мәжіліске қатысушалардың барлығы заңсыз тексерулерді жоюға бағытталған бірлескен күш-жігерді шоғырландыруға ынталы екендіктерін білдірді.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.