Қазақстан Республикасының прокуратура органдарындағы қызметке тағайындаулар туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 6 қыркүйек 2012 ж.)

06 қыркүйек 2012 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Республикамыздың прокуратура органдарында бірқатар қызметке тағайындаулар болды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Жақып Қажманұлы Асанов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Асқар Кемеңгерұлы Әмірин Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурордың бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.

Асқар Асанханұлы Секішев Мемлекет басшысының Өкімімен Бас Прокурордың орынбасары қызметінен босатылып, Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурордың бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының прокуроры қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурордың бұйрығына сәйкес бірқатар облыстардың прокурорлары тағайындалды. Осы ретте:

Серік Сәдуақасұлы Қараманов Батыс Қазақстан облысының прокуроры;

Марат Жолмағамбетұлы Қайыбжанов Қостанай облысының прокуроры;

Бағбан Таймбетов Жамбыл облысының прокуроры қызметінен босатылып, Шығыс Қазақстан облысының прокуроры;

Ернат Мұхамбетқалиұлы Сыбанқұлов Жамбыл облысының прокуроры;

Ибраһим Әлжанұлы Иманов Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры;

Мұратбек Құсайынұлы Исадилов Ақмола облысының прокуроры;

Степан Степанович Зайтлер Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу