You are here

Қазақстан Республикасындағы PRI жұмысын бағалау жөніндегі халықаралық сарапшымен болған кездесу туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 8 қазан 2012 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасындағы «Халықаралық түрме реформасы» («Penal Reform International») жұмысын бағалау жөніндегі халықаралық сарапшы Джон Подмор Қазақстан Бас прокуратурасында іссапармен болды.

Д.Подмор республиканың пенитенциарлық жүйесіндегі «түрме тұрғындарының» санын азайтуға, сотталғандардың коммуналдық-тұрмыстық жағдайын жақсартуға және медициналық-санитарлық қамтамасыз етілуіне септігін тигізген оң өзгерістермен танысты.

Сондай-ақ ол Бас прокуратураның «Penal Reform International» өкілдігімен ынтымақтастық нәтижелерімен, адам құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-шаралар жөнінде хабардар болды.

Мысалы, мұндай тығыз ынтымақтастықтың нәтижесінде PRI аймақтық өкілдіктерінің, қоғамдық бақылау комиссиялары өкілдерінің қатысуымен түзету мекемелерінде тәуелсіз мониторинг өткізілген. 2011 жылы олардың ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде 550 рет болуы ұйымдастырылған. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық келісімдерді үйрету бойынша бірлескен оқытулар жүргізілді. Қазіргі уақытта ұйым өкілдері ұлттық превентивтік тетіктер жасау туралы заң жобасын қарауға атсалысуда.

Джон Подмор Қазақстанның пенитенциарлық жүйесін реформалау, халықаралық құқық нормаларын ұлттық заңнамаға имплементациялау бойынша қабылдап отырған шараларын оң бағалап, «Penal Reform International» өкілдігімен жемісті ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ол болып өткен кездесудің қорытындылары ұйымның Орталық Азиядағы жұмысын одан әрі жетілдіруге айтарлықтай үлесін қосатынын атап өтті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.