Қазақстан мен Ресей прокуратура органдары ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерінің арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаны туралы баспасөз ақпараты

10 шілде 2012 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Қазақстан прокуратура органдары ардагерлерінің Одағы мен Прокуратура ардагерлері мен зейнеткерлерінің жалпыресейлік ұйымы арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге ресми түрде қол қою рәсімі болып өтті. Құжатқа қоғамдық бірлестік жетекшілері Гүлжан Қарағұсова мен Александр Розанов қол қойды.

Кездесуге қатысушылар атап өткендей, Ресей мен Қазақстан қадағалау органдарының ардагерлер қоғамдастығының күшін біріктіру екі елдің прокурорларының кәсіби байланысының кеңеюінің заңды жалғасы болып табылады және прокуратура органдары құқық қорғаушылық әлеуетінің тиімділігін одан әрі арттыруды көздейді.

Келісімге сәйкес, тараптар прокурорлық кадрлар тәрбиелеу мен ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге жағдай жасау, прокурорлық қадағалауды жетілдірудің стратегиялық міндеттерін шешуде ардагерлердің тәжірибесін пайдалану, заңдылықтың және құқықтық тәртіптің бұзылуына қарсы тұру тәрізді маңызды бағыттарда ынтымқтасуға келісті.

Сонымен қатар, прокуратура ардагерлері ардагерлік қозғалысты дамыту мәселелері бойынша бір-бірін ақпараттық-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ өзара мүдделілік танытатын өзге де мәселелер бойынша ықпалдасуға ниет білдіріп отыр.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу